Болашақ мектептің бір күні
2013 жылдың 6 қазанында мектебімізде «Болашақ мектептің бір күні» атты өзін-өзі басқару күні өтті.
Мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік, жауапкершілік, басқарушылық сынды қасиеттерді сіңіре отырып, ұжымда жұмыс жасай білу және ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру.
Аталған іс-шараға 9-10 сынып оқушылары әкімшілік қызмет пен мұғалімдердің қызметін атқаруға жұмылдырылды. Осындай жүктемені алған оқушылар өз міндеттерін жоғары деңгейде орындады. Ұстаздар дәл осы күні өздерін оқушы сезініп, математика, ағылшын тілі, дене шынықтыру сабақтарына қатысты. Мектеп әкімшілігінің қызметін атқарған оқушылар күнді қорытындылау үшін педкеңес ұйымдастырды.