«Тіл – әр ұлттың таптырмас тартуы, тот тигізбес тіні» атты тілдер онкүндігі
Қыркүйектің 18 күні біздің мектебімізде тілдер айлығы аясында «Тіл – әр ұлттың таптырмас тартуы, тот тигізбес тіні» атты тілдер окүндігінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Мерекеде әр ұлттың өкілдері өз өнерлерімен халықты тәнті етті. Мектеп ұстаздары мен оқушылар тілдер декадасының шеңберінде жүргізілетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырылды.