kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Ботақан зияткерлік сайысының қорытындысы

2023 жылдың 8 сәуір күні  «Жас Дарын»  мамандандырылған мектеп –лицеінің  тұңғыш директоры  Г. Ж. Мұқашеваның туған күніне орай (16.04.1949ж.) Павлодар қаласының  4 сынып оқушыларына арналған «Ботақан» зияткерлік  сайысының соңғы кезеңдері  өткізілді.     Командалық  тур  бойынша жоғары нәтиже көрсеткен №24 ЖОББ мектебіне  сайыстың «Бас жүлде»  ауыспалы кубогы табысталды.   Жеке кезеңде Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Санатқан Әбілхан жоғары ұпай жинаған үшін «Ең білімді оқушы» номинациясымен  және арнайы сыйлыққа иленді. 60 қатысушының 26 оқушысы жүлделі орындармен және  тәтті сыйлықтармен марапатталды.