Қазіргі жас ұландар болашақ еліміздің ертеңі болып табылады. Әр жас ұлан сана-сезімін, мінез-құлқын, ақыл-ойын дамытуға әзір боп, өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге ұмтылып дағдыланады. Бұл айтылған сөздер Айдарбеков Ансарға тиесілі. Жас ұланның ерінбей еңбек етіп жүргеннің нәтижесінде 2021жылы Х облыстық жасөспірімдер олимпиадасынан 2-орын, Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы атанды. Болашақта Ісі мен өнері өрге басқан жас білімпаз ұланымыздың алар асуы биік болсын дегіміз келеді.