kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Қабылбек Арай

    Қабылбек Арай  - ана тілінің рухани қасиеттерін бойына сіңіріп, тілін сыйлап, қастерлейтін мектебіміздің дарынды да, талантты оқушыларының бірі. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәніне деген қызығушылығы да ерекше. Арай   әр түрлі сайыстарда бірнеше рет жеңіске жеткен оқушы. 2020 жылы өткізілген Республикалық жалпы білім беретін пәндердің қашықтық олимпиадасында қазақ тілі, биология, химия пәндерінен 1 –орын алса, математика, ағылшын тілі пәндерінен 2- орынға ие болды. 6-сыныптан бастап ғылыми жоба сайыстарында  үнемі жетістігімен мектеп қоржынын толықтырып келеді. 2020 жылы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 3- орын, оқушылардың ғылыми жобалар  конкурсының облыстық кезеңі 3- орын , облыстық "Ақберен" байқауы 2 -орын, «Мәшһүр-Жүсіп оқулары»   конкурсының 3 –орын иегері. Екі жыл қатарынан "Менің кіші Отаным" республикалық  интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде 3 – орын (2020ж), 1 –орын (2021ж) алды. 2020 жылы І облыстық гуманитарлық олимпиада   3-орын және 2021жылы ІІ облыстық гуманитарлық олимпиада   жеңімпазы атанды.