kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Мусин Адильжан

    Мусин Адильжан - оқу озаты, жаратылыстану бағытындағы пәндерге, әсіресе биология пәніне қызығушылығы жоғары. Осы пән бойынша талай жарыс-додаларда жеңімпаз атанды. Мектептегі және  республикалық  жоғары оқу орындарының іс-шараларына белсенді қатысады. Дебат, пікірсайыстарда  ерекше көзге түсіп, «Ең үздік оратор»   дипломдарымен бірнеше мәрте марапатталды. Волонтерлік, мейірімділік  желі аясында көптеген іс-шараларға қатысып, өзінің қоғамдық ұстанымын білдіріп жүр. Бұл - оның болашақта  ақ халатты, абзал жандылар мамандығын таңдауға бағыттайтын ізгілікті істердің бірі.  Достары оны көпшіл, ақжарқын адам ретінде ерекше бағалайды. Зияткерлік  сайыстарда да жемістері жеткілікті. 2020жылы Республикалық  жалпы білім бертін пәндер  олимпиадасының облыстық кезеңінде 2- орын, 2020жылы Республикалық жалпы білім беретін пәндердің қашықтық олимпиадасында биологиядан 1- орын, математикадан 2 -орын, химиядан 1- орын, қазақ тілі мен әдебиетінен  1- орын, ағылшын тілінен 2-  орындарды иеленді. 2021 жылы Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде 2-орынға, “Әл-Фараби” ЖМБ пәндері бойынша Халықаралық қашықтық олимпиада 2- орынға ие болды.