kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Кенжебек Әлфараби

Кенжебек Әлфараби - өнер мен білімді қатар ұстап, ақындық қабілетімен көзге түсіп жүрген шығармашыл да зерделі оқушыларымыздың бірі. Талапты оқушымыз 2018 жылы «Rubik cube»  конкурсы  сертификатының,  облыстық Махамбет оқулары бойынша   2 –орын иегері. 2019-2020 оқу жылында  9-11- сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндерінен Республикалық қашықтық олимпиадасы бойынша Қазақстан тарихынан – 2- орын,  ағылшын тілінен- 3 - орын, дүниежүзі тарихынан -2 -орын, ХІ облыстық «Махамбет оқулары» конкурсынан 2- орындарға ие болды.  XIV  облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларының қатысушысы, "Ақберен"  Республикалық  байқауының облыстық кезеңінің 2- орын жүлдегері, жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық деңгейінің қатысушысы. “Әл-Фараби” ЖМБ пәндері бойынша Халықаралық қашықтық олимпиадасынан 3- орынды,  2021 жылы 7-11- сынып оқушылары арасында "ECOSTAN- ға саяхат" республикалық экологиялық конкурсының облыстық кезеңінен 1 -орынды, Республикалық деңгейінен 1- орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Облыстық "Жамбыл оқулары " сайысының 2- орын жүлдегері.  Облыстық мамандандырылған мектептер арасында Ы. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған ақындар мүшәйрасында ерекше өнері үшін  Ы. Алтынсарин атындағы жүлдемен марапатталды.