kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Бисмельдинова Карима

Кемеңгер ақын Абай атамыз: " Тегінде адам баласы адам баласынан нақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады" ,- деген екен. Хакім Абайдың атап кеткен ерекше қасиеттері жас та болса жетістіктерімен көзге түсіп жүрген дарынды оқушымыз  Бисмельдинова Каримадай талапты оқушыларға қаратылып айтылғандай. Карима - айрықша білімділігі арқасында қошеметке бөленіп жүрген дарынды, тәрбиелі, үздік оқушыларымыздың бірі. 2019, 2020, 2021 жылдары Республикалық жалпы  білім беретін пәндер олимпиадасының француз тілі пәнінің "Алтын медаль" иегері, 2020 жылы  Халықаралық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі 1- орын,  Республикалық кезеңі  3 - орын, “Әл-Фараби” жаратылыстану-математика пәндері бойынша Халықаралық олимпиадасының 3- орын иегері ,  2021жылы Францияның Ұлттық білім, жастар және дене тәрбиесі министрлігінің  DIPLÔME D’ETUDES EN LANGUE FRANÇAISЕ/ DIPLÔME APPROFONDI DE LANGUE FRANÇAISE С1 және DIPLÔME D’ETUDES EN LANGUE FRANÇAISЕ  В2 сертификат иегері. DELF/DALF дипломдары барлық франкофониялық елдерде жалпыға бірдей танылған және Францияның ең үздік университеттеріне ең беделді бағдарламалар бойынша түсуге және француз үкіметінің немесе балама қорлардың стипендиясына өтініш беруге мүмкіндік береді.