kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

2021 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 01-1-21/115-вн от 14.01.2021


                 ҚАУЛЫСЫ                                                                           ПОСТАНОВЛЕНИЕ         

__2021 жылғы 14 қаңтардағы_ №_2___ 

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                               город Нур-Султан

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;»;

2) 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.»;

3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда 46-қосымшамен толықтырылсын.

2. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                              Е. Қиясов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 14 қаңтардағы

№ _2_ қаулысына №1 қосымша

 

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 67 қаулысына

46-қосымша

 

 

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Асхана мен білім беру объектісінің қызметкерлері арасында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында:

- қағаз немесе электрондық тасығышта (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіру жағдайында) тіркей отырып, күнделікті «кіру сүзгісін» байланыссыз термометрия жүргізу және дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды міндетті түрде оқшаулау арқылы ұйымдастыру;

- объектіге кіреберісте қолды тері антисептигімен (оның ішінде орнатылған дозаторлар көмегімен) немесе дезинфекциялау сулықтарымен өңдеуге арналған орынды ұйымдастыру (білім беру объектісінің ғимаратынан оқшауланған кіретін жер болған жағдайда);

- тұрақты қол гигиенасы үшін ортақ пайдаланылатын орындарда (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырға дозаторларымен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, жеке қағаз сүлгілер немесе электр сүлгілер, қақпағын ашуға арналған аяқ педалі бар қоқыс контейнерлерін орнату;

- персоналды келушілермен жұмыс істеу кезінде пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалармен (жұмыс ауысымының және маскаларды ауыстырудың ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет), сондай-ақ қолды өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарымен немесе тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалданған маскаларды пайдалануға жол берілмейді;

- персоналдың жұмыс орындары арасында қашықтықты (1,5 метрден кем емес) сақтай отырып, олардың асхананың қызметтік өндірістік үй-жайларында объектінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті барынша аз мөлшерде болуын қамтамасыз ету;

- өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, шикізат пен өнімді жеткізу) байланысты жұмыстарды орындайтын адамдарды қоспағанда, асхана қызметіне байланысты емес адамдардың кіруін шектеу;

- үзіліс және демалыс уақытында асхана қызметкерлерінің қозғалысын шектеу (объекті аумағынан шығу, лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге бару);

- білім беру объектісінің оқушыларымен, оқытушылар құрамымен және персоналымен ғана байланысатын қызметкерлерді анықтау қажет.

2. Жіті респираторлық инфекциялар (температура 37ºС жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар белгілері бар асхана персоналы жұмысқа кіріспейді.

3. Асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктері көзделеді, олар көрінетін және қолжетімді жерлерде орнатылады.

4. Бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында асхана тек оқушыларға, оқытушылар құрамына және білім беру объектісінің персоналына ғана қызмет көрсетеді.

5. Асхана қызметкерлері мен келушілер (оқушылар, оқытушылар құрамы, білім беру объектісінің персоналы) үшін асханаға кіру мүмкіндігінше бөлек көзделеді.

6. Асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатынан 30%-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

7. Үстелдерді, орындықтарды және өзге де мүкәммалды орналастыруды үстелдер арасындағы және келушілер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізеді.

8. Асханалардың жұмыскерлері (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да жұмыскерлер) келушілерге қолын жиі өңдей отырып, бір рет қолданылатын маскамен (маскаларды ауыстыру 3 сағатта кемінде 1 рет) қызмет көрсетеді.

9. Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету типі бойынша тарату жүргізілмейді.

10. Келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгі қою, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу, кіретін және шығатын адамдардың қозғалыс ағынын бөлу мүмкіндігін көздеу қамтамасыз етіледі.

11. Асханаларда карантиндік шараларды сақтау мүмкін болмаған кезде қол гигиенасын сақтау үшін жағдайлар болғанда тамақты бір рет қолданылатын ыдыспен немесе кейіннен дезинфекциялай отырып, көп рет қолданылатын ланч-бокстармен сыныптарға жеткізу ұйымдастырылады.

12. Арасында кемінде 2 метр қашықтық сақтала отырып, 5 адамнан артық кезек құрылмайды.

13. Жоғарыда көрсетілген тармақтардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін жауапты қызметкер бекітіледі.

14. Буфет өнімдерін сату жеке қаптамада жүзеге асырылады.

15. Асхананың жұмыс режимі мектеп әкімшілігімен келісім бойынша тамақтану аяқталғаннан кейін (ағындар арасында) тамақтану залын жинау және дезинфекциялау үшін кемінде 40 минут үзіліспен белгіленеді.