kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебі»

 

 

 

Облыстық Мәшһұр- Жүсіп оқулары

«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты

 

Жоба тақырыбы: 

"Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы

 «Күн», «Ай», Жұлдыз» мифемаларының сипаты "

 

Автор:

Саянова Аяна

 9 -  сынып оқушысы

 

Жетекшісі:

Шаймерденова Әлия Тұрсынқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар, 2020

 

 

МАЗМҰНЫ:

 

 

Кіріспе...................................................................................................................

І.МИФЕМАНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

 1.1  Миф және мифема ұғымдары туралы түсінік...........................................1

 1.2. Мифтік таным және тілдегі мифтік мағынаның қалыптасуы .................6

..............................................................................................................................10

ІІ. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы «Күн», «Ай», Жұлдыз» мифемаларының сипаты

 

Қорытынды..........................................................................................................

Әдебиеттер тізімі ...............................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр.Тіл табиғатынатерең бойлап жан-жақты қарастыру, тілдік бірліктердің сипатын айқындау лингвостилистика, этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналды. 

Тіл көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет болып табылады. Тіл - әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттың тарихи жетістігі. Тіл – мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдениет ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды. Осыған сай тіл әрбір этностың мәдениетінің өзгешелігін, екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді.Тілдегі мәдениеттің айқын үлгілері, әсем өрнектері ажарланған ұлттық танымын тіл арқылы ашудың маңызы зор. 

Ғасырлар бойы бірнеше ұрпақты толғандырған аңыздар мен шежірелер, яғни мифтер тек мәдениеттің көрінісі ғана емес, ол адамзаттың мифологиялық кезеңінің тілдегі мифемаларда сақтаулы, қазіргі тілдік материалдардағы бейнесі.

         Түркітану ғылымында шамандық белгілер көне түркілердің сенімдерінде, мифологиялық дүниесінде көп екендігі дәлелдейтін зерттеулер ХІХ ғасырда жүргізілген. Европа ғалымдары тіл мен миф арасындағы тығыз байланысты көрсету, адамның әлеуметтік және мәдени өміріндегі құбылыс ретінде байланыстар мен ерекшеліктерін анықтаумен ХІХ-ХХ ғ.ғ. айналысты.

         Тіл мен миф арасындағы байланыс туралы көзқарастар бір-біріне қарама-қайшы пікірлермен жалғасып жатады. Мәселен, атақты ғалым Ф.Шеллинг тілді қатып қалған, солған мифтің бейнесі десе, М.Мюллер тілдің біріншілігін, мифтің тілге қарағанда екіншілігін дәлелдейді. Ал Э.Кассирер тіл мен мифті қатар қойып, олар бір-бірінен ажыратуға келмейтін символдық формалар, сондықтан да олар әрқашан бір-бірін толықтырады деген пікірді айтады. [1, 159 б.].

         Кез-келген сөз ертедегі адамзат үшін ерекше мифологиялық құпияға ие болған, оның мағынасы мифтік түсініктер мен сырларға толы, адам үшін киелі болған. Ата-бабалар үшін сөздің киелі мағынасын білу, оның құпиясын ашу аса қажет болған.

         Өркениеттің дамуымен бұл құпия сырлар жиынтығы ұмытылуы түсінікті де, бірақ баба мұрасы болып табылатын тіл мәдени ошақтарда міндетті түрде сақталады, қажет кезінде оны ұрпақтары қайта жаңғырта алады. Талай ғасыр куәсі болған әдет-ғұрпымыз бен салт-санамыздың бүгінгі таңдағы жаңаша орын алуы осыған куә. Мәселен, жаңа жүре бастаған баланың аяғына жіп байлап кестіретін дәстүр тұсау кесер деп аталады. Бұл ырым тез жүріп кетсін, тез ер жетсін деген тілекпен жасалады. Оған арнайы ала жіп дайындалады. Ала жіптің өзінде де киелі мағына бар яғни, «ешкімнің ала жібін аттамасын», «шыншыл болсын», «алдамасын» деген ниет жатыр.

         Ұлт мәдениетінің сақталуы ұлт тілімен тікелей байланысты. Тілсіз мәдениеттің, рухани байлықтың сақталуы мүмкін емес. Тіл мәдени информацияны сақтап қана қоймайды, сонымен қатар ол туралы білімдері жинақтап, сұрыптап, қажетінше қайта жаңғыртып отырады. Мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа тілсіз жетуі мүмкін емес.

         Тіл халықтың рухани байлығының ең қажеттіліктерін – мифологиясын өз бойына жинайды. Осындай тіл фактілеріне талдау жасау мәдени тамырларымызға үңіле түсуге, оның құпия сырларын түсінуге септігін тигізеді. Мифемаларды ұлттық таным, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға байланысты дүние ретінде қарастыру, оларды мәдениеттің құрамдас бөлігі, ұлттық тілдегі бейнесі деп тануға жол ашса, екінші жағынан, ғылымдар сабақтастығын (тіл, мәдениет, тарих, фольклор, этнология, әдебиет және т.б.) жан-жақты теориялық тұрғыдан аша түсуге мүмкіндік береді.

Мифемалар  тіл білімінде маңызды мәселе болып табылады. Мифема халықтың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүрін, ұлттық рухты жан-жақты танытады. Мифемалардың лингвистикалық сипатын ашу арқылы халықтың ұлттық болмысын тануға мүмкіндік туады. Сондықтан, қазақ тіліндегі мифемалардың лингвистикалық  мәнін қарастыру – бүгінгі күн талабынан туған өзекті мәселелердің бірі.

Ғылыми зерттеудің нысаны. М.Жүсіп шығармаларындағы мифемалар

Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу материалдары М.Жүсіп шығармалары, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», т.б. алынды.

Ғылымижұмыстыңмақсатыменміндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - қазақ тіліндегі мифемалардың танымдық мәнін, лингвистикалық сипатын ашу. Осыған сәйкес мынадай міндеттер қойылды:

-мифемалардың зерттелуіне шолу жасау;

- М.Жүсіп шығармаларындағы мифемалардың лингвистикалық табиғатын анықтау;

- мифеманысимвол, метафора, аллегориямен салыстыру арқылы бейнелілік ерекшеліктерін айқындау;

- М.Жүсіп шығармаларында кездесетінмифемалардың ұлттық-танымдық мазмұнына талдау жасау;

Ғылыми зерттеудің болжамы:

М.Жүсіп шығармаларындағы мифемалардың ұлттық-танымдық және этнолингвистикалық сипатына талдау жасауға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- М.Жүсіп шығармаларындағы мифемалардың тақырыптық мағыналық топтары анықталды;

- М.Жүсіп шығармаларындағы мифемалардың ұлттық-танымдық және этнолингвистикалық сипатына талдау жасалды;

-мифеманысимвол, метафора, аллегориямен салыстыру арқылы бейнелілік ерекшеліктері айқындалды

Қорғауғаұсынылатынтұжырымдар:

- М.Жүсіп шығармаларындағымифемалар –халықтың дүние, әлем, өзі турасындағы түсінігінің айнасы;

- мифема – поэтикалық көркем ойдың бейнеленуі;

- М.Жүсіп шығармаларындағымифемаларды мағыналық-тақырыптық тұрғыда діни мифемалар; ертегілік мифемалар; сандық мифемалар; түр-түске қатысты мифемалар; табиғат және жануарларға қатысты мифемалар деп жіктеуге болады;

- М.Жүсіп шығармаларындағымифемалар - ұлттық наным-сеніммен, салт-дәстүрді, дүниетанымды білдіретін тілдік бірліктер.

Ғылыми жұмыс нәтижелерінің теориялық және практикалық маңызы.Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдары тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен таным, тіл мен ойлау сабақтастығын қарастыратын лингвомәдениеттану, этнолингвистика тәрізді ғылым салаларына қатысты.

Зерттеудің әдістері.Зерттеу жұмысында лингвостилистикалық талдау, сипаттау, этнолингвистикалық талдау, топтау, жүйелеу, тұжырымдау т.б. әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысында Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Е.Тұрсынов, К.Ақышева, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Н.Уәлиев, С.Қондыбаев,І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, А.Тұрышев, Б.Ақбердиева, А.Белый, В.Н.Телия, Л.Уворов, А.Кондратов, т.б. ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.

Ғылыми жобаның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1МИФЕМАНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

 

  • Миф және мифема ұғымдары туралы түсінік

 

«Мифологе́ма — ғаламдық, кешендік сипатқа, әлем халықтары арасында кең қолданысқа ие болған, мифологиялық сюжеттерді, қойылымдарды, образдарды белгілеуге арналған термин. Мысалы: алғашқы адам мифолегемасы, Әлем ағашы мифолегемасы, Топан суы мифолегемасы және т.б. ...»[2]

Ал мифология ұғымына келер болсақ,  гректің mifos-аңыз, ертегі және logos- ілім, ұғым деген сөздерден шыққан.

Мифология термині екі түрлі мағынада жұмсалады: біріншісі - белгілі бір ұлттың немесе жалпы адамзаттың көне дүниетанымының көрінісі саналатын мифтер жүйесі, екіншісі-мифтер мен мифтік дүниетанымды, оның өнер түрлерінен басқа да қоғамдық сана формаларына әсерін зерттейтін ғылым саласы.

Мифема ұғымы ғылыми айналымғаК. Г. Юнг және К. Кереньидің «Введение в сущность мифологии» (1941) монографиясы арқылы енгені белгілі. «Мифолегема» термині екі жақты табиғатқа ие: бұл мифологиялық материал мен жаңа материал түзуге арналған дүние: мифология өнері өзіндік ерекшелігі бар тілдік фактілермен анықталады. Бұл материалдың көпшілігі көне заманнан салт-дәстүрлер арқылы сақталып, құдай мен құдіретті күшке ие болғандар туралы, ерлік үшін соғыстар мен жер асты әлеміне саяхат туралы аңыз-әңгімелер ішінде болған, олар көпшілікке танымал, бірақ әлі де зерттеуді қажет ететін, жаңа шығармашылық жұмыстарға дерек көзі болуда.

Қазіргі әдебиетте «мифолегема» сөзі мифологиялық уәждерді саналы түрде белгілеу үшін және көркем мәдениет әлеміне көшіру үшін жиі пайдаланады. Мұны зерттеген адам мифтің екі түрлі болмысын байқайтын болады: ол – мифтік сана мен миф мәтіні. Миф мәтінін уәждер жиынтығы ретінде қарастырғанда шынайы болмыс нәрселерінің байланысы негізгі болып табылатын мифтік сана назардан тыс қалады.  Мұндай байланыс іс-әрекет барысында, нақтырақ айтқанда санада  мифтік ұғым мен шынайы болмыс фактілерінің өзара әрекеттесуі барысында айқын көрініс алады. Заттардың өзара әрекеттесуі мифтік мәтінде маңызды болып табылады, сондықтан мифтік мәтінді уәждер жиынтығы деген пікірді біз дұрыс емес деп білеміз. Бұрыннан белгілі уәж ұғымымен бірге біз мифема бірлігін пайдалануды ұсынамыз. Осы мифема мифтік мәтінді түзетін элемент болып табылады және мифтік санамен тікелей байланыста болады. Мифема – бұл екі мифтік фактілердің өзара әрекеттесуін білдіретін, сананың мифтік шынайы болмыста жүзеге асу бірлігі. Миф дегеніміз үнемі жүзеге асқан немесе жеке дара жүзеге асқан (сананың мифтік шынайылығы, мифтік  сана) және ұжыммен жүзеге асқан (лингвистикалық немесе салттық мәтіннің мифтік шынайылығы) мифтік шынайы болмыс. Мифтік санада мифема жеке дара жүзеге асу актісінен кейін шығады, себебі мифтік сана дегеніміз барлық жерде және барлық байланыстарды жаппай көре білу, сондай-ақ нәрселердің мифтік байланысы заңдылықтарын көре білу болып табылады. Осы заңдылықтардың жүзеге асуы мифтік әрекеттесу, яғни мифема болып табылады.

Мифеманың тағы бір анықтамасы: мифема дегеніміз мифтік болмыстағы фактілердің мифтік әрекеттесу заңдылықтары болып табылатын, сананың мифтік шынайылығының жүзеге асу бірлігі, ондағы сананың мифтік шынайылығы - уақыт пен кеңістіктің ерекше жағдайындағы барлық мифтік фактілер байланысы заңдылықтарының субъективтік-объективтік ұжымдық-жеке дара түсініктерінің жиынтығы. 

Миф – ата-бабалардың ежелгі, бастапқы, танымындағы ғалам, оның жеке дүниелері, сол ғаламның алғашқы пенделерінің өміріндегі түсініктері. Басқаша айтқанда, «миф – алғашқы қауымдық қоғам адамдарының әлем, дүние жөніндегі танымының көрінісі» [3, 229]. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысқандықтан одан да белгісіздігі мол дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние тіпті, танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге, құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – мифке тән ерекшелік.

Миф пен символ арақатынасы А.Ф.Лосев еңбектерінде қарастырылады. «кез келген мифте символ бар, бірақ кез келген символда миф жоқ. Миф астарында шексіз түрлілік шартындағы қоршаған әлемге қатысты әрекеттер мен бейәрекеттер моделі жатыр. Бірақ символға келгенде олай айта алмаймыз, өйткені символдық модельге уақыт пен кеңістік категориясы жатады» [4, 174].

Орыс символизмінің көрнекті өкілі А.Белый: «символдар шетсіз-шексіз алып дүниеге форма береді, адамның ақыл, пайымы жетпейтін әлемге аяқ басуға құрал болады. Символ менің жеке басымнан тыс жатқан тілсіз, ақылға сыймайтын екінші бір дүниемен байланыстырады» [5, 51], – дей отырып символ мен мифтің сабақтастығын аңғартады.

Символ мен миф бір-бірімен қатысы бола отырып, типологиялық және функционалдық тұрғыдан бір-бірінен ерекшеленеді. Символ мен миф ойлау нәтижесі бола отырып, ойды әр түрлі модельдейді. Әлемнің мифтік моделі барынша динамикалық құрылымға ие, символдық модель мейлінше тұрақты. Символ өзінен басқа бір дүниеге сілтеу жасаса, белгісіз қалыпта қалса, миф құпия ғаламды түсіндіруге тырысады.

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз күні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себепті осы түн – Қыдыр түні деп аталады. Қыдыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көрінетін персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен, күн нұрының символы – Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назарын жерге түсірсе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түсірсе тасты да ерітіп жібереді екен. Бұдан  байқағанымыз – халықтың мифологиялық түсінігі Қыдыр атаны– жақсылықтың, бақыттың символына айналдырған. Қыдыр дарыған, қырықтың бірі \қыдыр, Қыдыр келу, Қыдыр қону – символдар.

Бұхар жырауда:

Дәулет құсы келді басыңа,

Қыдыр келді қасыңа,-десе, ( Ай, заман-ай, 81).

Үмбетей:

Тілеуің қабыл болған басыңа қыдыр қонған,

Ұмыттың ба соныАбылай,-дейді (Ай, заман-ай, 72).

 Символға тән қасиет – оның  образдылығы.  Көптеген зерттеушілер символдың образ тудыру қасиетіне басты назар аударады.

Сонымен, миф пен символдың арақатынасына байланысты төмендегідей  сипаттарды көрсетуге болады:

- миф – адам танымының алғашқы бастауы;

- миф белгісіз дүниені түсіндіруге бағытталса, символ одан алшақтатады;

- миф әлем, дүние жөнінен хабар береді,  ал символ оны атайды;

- миф моделі динамикалық құрылымға ие, символдық модель мейілінше тұрақты.

Мифеманың тағы бiр өзiндiк қыры – оның метафорамен байланысы.Көп жағдайда шығарманың негізі – мифтік дүние болып табылады. Үмбетей жырау Абылайға айтқан бір ойында:

«Бабай түкті шашты әзіз,

Содан бата алғанда,

Тілегің қабыл болғанын,

Басыңа қыдыр қонғанын,

Ұқтың ба, соны, Абылай», - дейді.

Өлеңнің психологиялық, философиялық жағы тереңде жатқанын байқамау мүмкін емес. Мифтік ойлаудан метафоралық ойлауға ауысудың бір үлгісі осы болар деген пікірдеміз.

Қазақ тiл бiлiмiнде метафора мәселесi Б.Хасанов, А.Сыбанбаева, И. Мұратбаева жене т.б. еңбектерiнде жан-жақты сөз етiледi. «Сыртқы не iшкi белгiлерiндегi ұқсастыққа қарап, бiр зат атауының басқа бiр затқа атау болуына сөз мағынасының ауысуы» [6, 46].

Мифтердің уәждемесін анықтаудың өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Мифтің құрылымдық элементтеріне сюжетті уәждер, мифологиялық кейіпкерлер жатады. Көптеген халықтардың мифтері ұқсас келеді. Айталық, барлық халықтардағы топан судың қаптауы, жер ана, аспан тәңірі туралы мифтерінің сюжеттері мен кейіпкерлердің іс-әрекеттерінде айырмашылықтар мен алшақтықтар байқалмайды десе де болады. Мифология – адамның өзін айнала қоршаған әлемге, бүкіл дүниеге деген қатынасы және оны танудың архаикалық формасы. Адам баласының ең ерте заманғы ұғым-түсініктерінің, дүниені танып-білу ой-өрісінің өте ерте ескі көрінісі – миф, ол қоғамдық сананың барлық түрлеріне ортақ, оның бәріне де қатысы бар.

Эпостық жырларда да көне мифологиялық образдар жиі ұшырасады. Біз барлық кездесетін мифемаларға талдау жасауды міндет етіп қоймадық. Соның ішінде мифтік дәрежеге жеткен, адам қиялының жемісі болып табылатын, қоршаған орта әсерінен наным-сенімнің жоғарғы сатысына ие болған, мағынасы мен әрекеті жағынан ұқсас мифемаларға ғана этнолингвистикалық талдау жасаймыз.

Миф арқылы эмоциялар бейнелі түрде жүзеге асырылған. Қазіргі ғалымдардың миф туралы түсініктерін мынадай түрде топтауға болады:

1) миф – адамдардың өзінің болмысын ұғыну әрекеті. Алғашқы адамдар мифтерге әбден үйір болып, солармен эмоционалдық және логикалық ассоциациялар арқылы танысқан;

2) мифологиялық ойлау тәсілінің пайда болуы абстрактілік ұғымдардың жеткіліксіздігінен, сондықтан да әмбебаптық ұғымдарды нақты түсініктер арқылы білдіру қажеттілікке айналған;

3) миф алғашқы адамдардың сана-сезімдерінде қалыптасқан табиғаттық құбылыстардың ырғақтарын, олардың қайталанбалы кезеңдерін бейнелі түрде көрсетеді;

4) мифтердің құрылымдары адамның психикасының ерекшеліктерін бейнелейді;

5) миф ұжымдық тәжірибемен байланысты. Ұжымдық тәжірибе жеке тұлға үшін сенімнің нысаны болды, ол ата – бабалардың даналығы ретінде қаралды. Миф  ата-бабалардың наным-сенімі ретінде қарастырылып, ақиқат болып танылды, сондықтан тексеруге жатпайтын даналық түсінік ретінде саналды;

6) миф – табиғаттың заңдылықтарын бейнелі түрде көрсететін тәсіл. Мифтерде абстрактілік ойлаудың әлсіздігінен табиғаттың құбылыстары дербестелген, оларды алғашқы адам саналы түрде жүзеге асырылатын ерік-жігермен байланыстырған. Сондықтан да мифтерде негізгі тұлға құдірет болған.

Мифтердің адам үшін маңызы өте зор. Олар арқылы адам әлемнің жан-жақтылығын қабылдауды реттейді. Олар өмірге бейімделудің ғылыми білім нысанына қатысты баламалы нысан болып табылады.

Адам мифтерді өзі ойлап табады да, соларға өзі ерікті түрде бағынады. Мифтік бейнені түсіндіруде  бір нәрсені көтермелеу, құдірет тұту белгілері бар.

Мифтік ойлану жан-жақты сипатқа ие. Ол өмірді тудырады және өзі өмірлік тәжірибемен тығыз байланысты. Зерттеушілер мифтің бес негізгі белгісі оның мәнісі туралы түсінік береді: олар:

1) эмоционалдық бояуы;

2) мінез-құлықтың үлгісі – модель ретінде іске асырылуы;

3) қорытындылық сипаты (қабылдау және күйзелістің, елес және іс - әрекеттің, бейне және идеяның тұтастығын қамтамасыз етеді);

4) түсіну және мағыналық талдаудың нормаларын белгілейді;

5) абсолютті, ақиқат түрде жете ұғындырылады [7].

Мифтің осындай белгілері адамзаттың әмбебаптық көзқарасының қалыптасуына себін тигізді, өйткені миф әлемнің пайда болуы туралы түсінік беріп, адамның мәнісін және орнын айқындаған, жеке құдірет пен адамдардың өзара қатынастарын қарастырып өлім мен өмір мәселелерін шешуге тырысқан, оның бастапқы ерекшеліктері адамдардың көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен. Олар:

1) Әлемнің тұтастығы, ғарыш, табиғат, адам өзара байланыста болған. Олардың бәрі рухтанған негізбен жанданған (әлемдік жан)  элементтермен байланыстырылған;

2) Адамның дамуы құдіретпен, ғарышпен байланыста болған. Адамның болмысына қатысты барлық құбылыстар, адам үшін мағыналы түсініктер, ұғымдар – бәрі де ғарыштан шыққан;

3) Әлемді тану қабілеті адамға бастапқы кезде берілген. Сондықтан адам одан бұрын не болғанын тек қана есіне түсіріп отырады. Адамдар өздерінің іс – қимылдарында құдайдардың ежелгі заманда жасаған әрекеттерін қайталайды;

4) әлемнің күрделілігін символдар арқылы тануға болады, себебі символ – абсолюттың белгісі деп түсінеді.

Мифтік символиканың, мифологиялық сананың, мифопоэтикалық ойлау жүйесінің көркемдік дәрежеде сақталып жетуін біз халық ауыз әдебиетінің небір маржан үлгілерінен анық көреміз.

М.Әуезов халық әлі оң-соңын айыра алмай жүрген кездегі бақсы мен жын ұғымына жаңаша түсінік береді: «...бақсы – ескіліктің, бұрынғы діннің жер жүзінде қалған жалғыз белгісі, сондықтан ескі нанымның барлығы бақсылық айналасына паналаған. Бұрынғы бақсы, бұрынғы діннің әулиесі, пайғамбары іспетті болған. Бақсы бал ашқан уақытта аспанмен, құдайлармен жалғасатын. Соны жалғастыратын періште сияқты өткелі жын болған» [8,18], - деп, ислам дінінің қазақ жерінде әлі үстемдік құрмай, тылсым күшті жанына медет етіп, соған бар өмірін «арнаған» халықтың танымына талдау жасайды, бақсы, жын, пері, албасты, жезтырнақ, үббе, шайтан секілді хикаялық мифонимдердің қызметін атап кетеді. Халық мәдениеті, халық танымы барда оны сақтаушы, жеткізуші, қолданушы бар. Мифтік түсініктер, ұғымдар – халық санасында жатталып,  қажетті қайнар бұлақты болашаққа тасып жеткізуші құрал. Миф – қиялдан туған, ойдан шығара салынған дүние емес, халықтың дүние, әлем, өзі турасындағы шындықтың айнасы. Осы орайда ұлттық белгі-бейнелеулердің қатарында мифонимдер де бар. Яғни мифтік сюжетке қатыса отырып, сол арнаға кірігіп кетіп, бір кеңістік шеңберінде жүретін хикаялық-мифтік кейіпкерлер. Жоғарыда атап өткеніміздей, миф фольклордан бұрын пайда болды десек, мифология ұзақ уақыт бойы халық танымы мен аңыз-әпсана, хикаяларын жеткізуші, дамытушы басты құрал десек, хикаялық мифонимдер қоғамның алғашқы сатылық даму кезеңінде, яғни барлық таным мен мәдениеттің басында тұрды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мифтік таным және тілдегі мифтік мағынаның қалыптасуы

 

Әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасалған тілінен көрінеді. Кейде сол ұлттың тілінде ұлттың әлде бір қасиет- терін өзгелерден оқшау етіп бағалайтын, анықтайтын тіркестер қалыптасады. Мәдени ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктері тек ұлт тілі арқылы жетіп танылады. Адамдардың материалдық тұрмыс тіршілігі қоршаған ортасы және рухани ой-өрісі бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, бұл бірлік мәдени өмір сүру заңдылықтарына сай, сол ұлттың өзіндік менталитетін айқындайды. Тіл-тілде сақталып келген образды, метафоралы тіркестер халық менталдығынан хабардар етеді. ұлт ерекшелігін тұтастай тану үшін оның тілдік, танымдық қасиеттерін зерттеп білмейінше, түпкілікті ой, пікір айтуға болмайды.

Миф – әлемдік дүниетанымды өте әдемі қылып суреттейтін, адамдардың табиғат пен қоғамды өздігінен тану құбылысы болып табылады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың ең бірінші проблемасы бір-бірімен қарым-қатынас орнату болды. Мифтің алғашқы қозғаушы күші нақты жағдайға байланысты және қоғамдағы тәртіптің ыңғайына бейімделіп, болашақты болжау болып табылды.

Алғашқы қауымдық құрылыс адамының танымы мен таным құралының күші тым шектеулі болса, мифтің шындыққа жақындығы соғұрлым дөрекі болды, соған қарамастан, ерекше күш адамды шынайы дүниетанымның үстінен шығарып отырды. Миф діннің алғашқы формасы және қалыптасқан әдет-ғұрыптың міндетті әрекеті де болды. Бұл ғұрыптық дәстүр адамның жеке тәжірибесі арқылы кездейсоқ пайда болмайды. Ол дербестік пен қоғамдағы объективті шындықтың жемісі.

Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Миф (грек.mifos - аңыз,баян,мысал) - халық творчествасының өте ертеден қалыптасқан жанрларының бірі. Миф – ертедегі адамтану, дүниетану көзқарасы, ақиқат танымы. Ежелгі адам кез келген әрекеттің себебін зат арқылы түсіндірген, яғни айтылатын ертегі мен жырдың да, салынатын суреттің де, ән мен өлеңнің де, тарихтың да, биленетін бидің де ар жағында заттық түсініктер жатыр. Миф – бүгінгі ғылымның, мәдениеттің, өнердің бастапқы, бір-бірінен ажыратылмаған сатысы. Мұндай ажыраспаған күйді ғылымда, әдетте, синкреттілік дейді. Мысалы, ертегі мен жырдың басында миф жатыр,яғни бүгінгі ертегі мен жырды байыптап қарап, белгілі бір заңдылықтарға сүйене саралай отырып,ежелгі озарттық түсініктерді сұрыптап бөліп шығаруға болады. Мифтің негізгі қызметі – дүние қайдан пайда болғанын түсіндіру, этикалық және эстетикалық түсініктер арқылы белгілі бір мораль нормалары мен құндылықтар жүйесін орнықтыру. Мифтерді тек ертегілер, аңыздар деп түсінген дұрыс емес, өйткені миф бұл – индивидтің қоршаған әлемді игеруі, адамдардың, табиғаттық және әлеуметтік ортадан, болмыстан тәуелділігі және мифтерде діннің, философияның, ғылымның бастамалары бар. Жалпы, мифтердің діннен айырмашылығы сенімге ғана емес, ақылға, ойға, парасаттылыққа да сүйену болып табылады. Қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Миф халықтардың бәрінде болды. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде мифология қоғамдық сананың әмбебап формасы ретінде үстем болады, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейін пайда болды. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – мифтің өзіне тән ерекшелігі.

Қазақ халқының мифологиясы толық зерттеліп, жинақталып біткен жоқ. Түркілер әлемінің мифологиясын басқа халықтардың мифологиясы стандарттары тұрғысынан зерттеуге болмайды. Яғни, мифологияның түркілік, соның ішінде қазақ ұлттық мектебінің өз бет-бейнесі болу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы «Күн», «Ай», Жұлдыз» мифемаларының сипаты

 

Мәшһүр Жүсіп шығармаларынан халықтың мифтік дүниетаным,  наным-сенімдерінің, астрономиялық көзқарастарының тілдегі бейнелері сипатталынады. Тіл- мифологиялық танымның көзі. Тілде мифологиялық жүйенің әртүрлі моделдері бейнеленеді. Сөздің мифологиялық мағынасы тұрақты тіркестерде, идиомдарда бейнелі түрде түсіндіріледі. Ол қазақ халқының дүниетанымының негізін қалайды. Сонымен қатар, ақындар поэзиясында да көрініс табады. Ай, күн, жұлдыздың мифологиялық моделі Мәшһүр Жүсіп шығармаларында кездеседі. Жалпы  Мәшһүр Жүсіп көркемдік мұрасының негізгі концептілердің бірі ретінде «Ай», «Күн» , «Жұлдыз» мифемаларын атауға болады.

 

Мешкей жоқ, көріп тұрсаң Күн мен Айдан,

Жақсылық, бойдан шықпас, келер қайдан?!

Міне, сол құтылудың бір хайласы-

Дүниеге адамдарға тисе пайдаң! (191 б.)

Тілімді алсаң, әне, алмасаң да

Бұл сөзді нансаң да, айттым, нанбасаң да!

Баруың Тәңір алдына Күннен жарық,

Ентелеп өз еркіңмен бармасаң да! (183 б.)

 

«Ай» мифемасы көркем дискурс шеңберінде әрбір нақты семантикалық-психологиялық, эмоционалдық-эстетикалық түрде жүзеге асуы тұлғаның тілдік санасының ерекшелігімен айқындалады. Ақын поэзиясында «Ай» мен «Күн» өзінің жаны бар, көзі бар тек тілі жоқ құрылғы ретінде көрініс табады.

 

Ай басын қосар екен қай күн бізбен?!

Телеграмма, телефоным көзге-көзбен!

Айда – бас бар, ауыз бен тіл болар ма?

Өз тілің өзіңе жау ел (зіл) бола ма?

 

Қазақ халқының  алғашқы сенімдері шаман дінімен байланысты. Ол дін көк аспанға, айға, күнге, суға, жерге, ата-бабалар рухына  сиынады. Мысалы, «Күнің болайын», «Айың болайын», «Күнің оңынан тусын», «Айды аспанға шығарды» т.б. бейнеленген.Шартты түрде алғанда сөздің ассоциациялық өрісінде сол нысан туралы адам санасындағы түсінік, ұғым жиынтығы көрініс табады. Ассоциациялық өріс тіл қолданушы ортаның тілдік бірліктердің мағынасын тілдік қолданыста, жалпы қабылдаудағы түсініктерге негізделеді. «Күн» мифемасы Мәшһүр Жүсіп шығармаларында білім,  біліктілік деген мағынада да жұмсалғандығын көреміз. Мысалы,

«Нанайын ба?!» деген шығармасында күнді жарық бейне ретінде алады.

 

Қараңғы түннің жарық таңы атар ма?

Күннің қызу сәулесі оятар ма?!

 

Ақын күн сәулесін бейбіт өмір, тыныштық бол ма деген ойды меңзеу үшін қолданғандығын өлеңді толық оқығанда аңғарамыз.

 

Көңілі – тар, көзі соқыр- сұм заманда,

Тұйғындар торғай құрлы құны жоқтан

Қор болды-ау уқаланып құр табанда!

 

Қолда бар дүниенің қадірін білмеу жайын айтса,  залымдар түн бүркенген күн шыққанын ұнатар ма деп қынжылады.

Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол тілдік ортамен және де жеке адамның танымымен байланысты.

 

Мен ғашық уыз жастан болдым Күнге,

Күн қашан тіліңді алып жүрген жөнге?

Нәрсеге пайдасы жоқ болып құмар,

Килігіп неше қабат қалдым түнге.

Бойыма бір сіңбейді асым тарап,

Құрғыр Күн батып кетіп, қалды харап

Жете алмай Күн артынан қанша қуып,

Қадалып қала қалдым көкке қарап.

Тұрумен көкке қарап көрдім Айды,

Аймен ойнап асықты, алдым пайды.

Жердегі не көктегі Айға құмар

Қылып қойған, жаратқан Құдайым-ай!

Қадалумен қарасам мен құмартып,

Аспандағы Ай нұры өседі артып

Толып жүрген қазақтай жай қарасам,

Жабыланып тұрады кірбің тартып

Менің көңілім әрқашан Айда болған,

Өзге жұлдыз, кәне айдай болған?!

Сүйегімен кетеді өлсем бірге,

 

Тілдік білімге тән «Ай», «Күн» мифемасының эмоция мен қабылдау аясына қатысты қарастыру көрінісі байқалады. Ай мен Күнге ғашық болуы, махаббат сезімін бастан кешіруді бейнелеуде көрінеді. Мысалы, ақын:

 

Телміріп Ай бетіне қарауменен.

Онан басқа нәрседен көзім тайды.

Ай аспанда, мен жерде болдым құмар,

Құмарлықпен емеспін көзді жұмар

Түн болса, ұйқым қашқан соң, ұйықтататын –

Кітап қарап, ақтарып, тақтым тұмар

Анда-санда көрініп қалады Ай,

Ай көрінсе болады көңілім жай,-дейді.

 

Ақын ғашық көзбен қараса, ай басқадай, ал қарапайым көңілмен қарғандағы айдың өзгеше болып көрінуі арқылы ғашықтық көзі кемшілікті көре алмайды деген халық ұғымын береді.

 

...Шығармаймын сыртыма, біледі ішім –

Айдың көңілі, қалты жоқ, анық менде

Анық байқап қарасаң, Айда жүз бар,

Кәдуілгі адамдай екі көз бар.

Тіл мен ауыз бар-жоғы есеп емес

Көңілден-көңілдерге тілсіз сөз бар.

Екі көңіл арасы – қара жол-ды

Күндіз-түн қатынасады оңды-солды

Болған үшін басында мұң менен зар

Бір күн қылдай жіңішке, бір күн толды.

Мұнда отырып мен толсам, Ай солады.

Екі басы иіліп жай болады.

...Ай толып аспандағы шараланып,

Көркейер он төртінен толған Айдай

 

Адамды қоршаған шынайы болмыс нысандары өзара байланыста, үйлесімде немесе өзгешелікке құрылған. Осы байланыстарды бақылаушы да, танушы да, зерттеуші де, бағалаушы да ең алдымен адам болғандықтан, олардың көрінісі тілде бейнеленеді. Осы ретте, адам санасының, ойының ең бір күрделі процесі ретінде метафоралы ойлау қабілетін айтуға болады.Адам көңілінің биіктігі көрініс табады. Қолға түспейтін дүниеге құмартуы, ұмтылуы, ғашық болуы. Қолынан келмейтін дүниенің сырын түсінуге, армандауға адам баласының құмар болуы бейнелеген. Ал төмендегі шумақта ақын қолдан келмеске бос ұмтылғаннан пайда жоқтығы жөнінде философиялық ой түйіндейді.

 

...Бұлт бар өркеш-өркеш мұнарланған

Көңіл бар көктегі Айға құмарланған

Меңдей бұлт, көрінбей бетін басса,

Түлкідей бүркіт алған, жұмарланған.

Не түсер, көктегі Айды, алғанменен

Шын болмас, айланбан, жалғанменен

Күдер үзіп, түңілу жоқ қой менде

Ала алмай оны тағы қалғанменен

Телмірдім тек күн батыс Айға қарап

Мен Айға телмірмеймін жайға қарап.

Асық ойнап пай салам, Ай болсаң да,

Алатұғын отырмын қайға қарап.

 

Қазақ халқының ділімділігінің астрономиялық көзқарастарда бейнеленуі және оның тілдік көрінісі қазақтардың астрономиялық көзқарастарының негізі болып табылады.

 

Аспанда: Күн күректеп, Ай айырлап,

Алмастан ешбір дамыл ол байырлап

Бидайдай желге ұшырып өмініңді,

Екеуі тауысуда, біл байымдап!

Ойласам, осы бір сөз дұрысекен,

Деп айтпас миы бар жан: «Бұрыс екен!»

Бірі – күндіз, біреуі түнде жортқан-

Ай менен күн – өмірдің ұрысы екен.

 

Жұлдыздардың қазақ дүниетанымындағы рөлі маңызды, мәнісі зор болған. Көшпелі қазақтар үшін дүздегі нақты нысана аспан жұлдыздары. Сол жұлдыздарға қарап түн мезгілін,  түннің қай мезгілінде, қандай жұлдыз пайда болатындығын байқап, айтып отырған. Олар жылдың, айдың, түннің, қай мезгілінде уақытты айнытпай айта алған. «Жұлдыз» мифемасын қазақ дүниетанымының кілтті ұғымы деп қарастыруға болады. Себебі, бұл ментальды-мәдени жасалым қазақтардың ұлттық мәдениетінің іргетасы болған құндылықтық бағдарларды, көзқарастарды жүзеге асырады.

«Жұлдыз» мифемасының құрылымы күрделі. Оның бес компонентін көрсетуге болады:

1)ұғымдық компонент ол «жұлдыз» ұғымы туралы түсінік береді.

Мысалы,

 

Аспан биік болғанда Жер - аласа,

Таулар зор, дариялар мол – көз қараса

Ай мен Күндей жарық, жұлдыздар көп

Жаралған бәрі оңды боп бір тамаша

 

Берілген шумақта ақын жұлдыз ұғымын тура мағынасында қлолданған.

2) мағыналық компонент.

Бұл компонент «жұлдыз» сөзінің мағыналарын айқындайды: жұлдыз, ақпа, метеор т.б.

 

Күн шықты, жұлдыз біткен өртке күйді,

Күймесе, қайда кетті, не жау тиді.

Жел қатайды, еңсе бір көтерілді,

Ғайыптан бір қыз келіп беттен сүйді.

 

Мәшһүр Жүсіп шығармаларында да жұлдыз мифемасы белгілі ұғымдардың көрінісі ретінде жұмсалғандығын аңғарамыз.

 

Сонда жарлық түсірді Көк пен Жерге:

-Тауға қарһа, алдыма кел,-деп-бірге,

-Ай , Күн, Жұлдыз, ағаш, шөп,-шашбауыңмен

Ажарланып, көркейіп кір,-деп түрге!

Ерік, ықтияр өзіңде, көкпенен жер,

Ай мен күн, бұл кеңеске сенде кір

Тау мен тас, шалқып жатқан дария сулар,

Көрермін алаламай бәріңді бір.

 

...Сейсенбі, сәрсенбі күн көкті қылды

Құдіретпен қылған ісін неше бөлді.

Көкті жерге пар қылып үйлестіріп,

Ай мен күн жұлдыздардан перде құрды.

 

Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы «күн», «ай», «жұлдыз» мифемалары шаманизм, ислам мәдениетіне дейінгі яғни тәңірлік дәуірдегі сипатын білдірген. Жер жаһанды жаратушы жұлдыздарды әсемдік үшін жаратты деген ұғымды аңғартады.

 

«Әлиф» десем, аспаннан аққан жұлдыз,

Жарықтығы – қылғандай түнді күндіз

Екі ай тұр қатарымен жаңа туған.

Көріп тұр сол әйнектен күнді бұл көз.

Қамалып өмір бойы қалған түнге,

Қадалып қарай-қарай ай мен күнге

Не екенін соның бәрін көргенімен

 Білмейді дәнемесін бізден өзге

 

Ишарат өлеңдерінде ақын ай мен күнді көргенімен ешнәрседен хабарсыз, қараңғылықта қалған, яғни оқып-тоқымаған жан туралы тұспалдап отыр. Күн мен айды көргенімен қараңғылықта қалғандықтан қолдан келері жоқ дүниені меңзеп отыр.

Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағыдай күн мен ай, жұлдыздың қазақ әдебиетінен де символдық мәнін көреміз. Мысалы, ақын-жырау шығармаларын қарастырсақ, аталған сөздердің символ ретінде қолданғандығын бірден аңғаруға болады.

 

Нұрыңнпан нұр алып,

Аспанда жарық ай,

Келеді қозғалып,

Жақындап бері қарай

Күн батып жоғалды

Нұрыңнан ұялып,

Жұлдыз бен ай қалды

Сәулеңнен нәр алып.

Жетіқарақшы айналып сені іздеп жүр,

Бәрі де ойлап, мас болып сандалып

Үркер мен таразы

Шашуды шашуға,

Шолпан да қарады

Мауқын бір басуға,

Темірқазық арқандап қос боз атын,

Даратып ойы бар тойыңа қосуға

...Жүзіңді көрсем деп

Күн шықтықайтадан.

Бір көріп өлгелі

Ұмтылды бері таман.

 

Ақын сұлулықты, махаббатты, сүйіспеншілікті білдіруде халық ұғымындағы қалыптасқан танымға (күн, ай, жұлдыз – сұлулық символы) басқаша жағдайды қолданған. Яғни әлемдегі барлық құбылыс сұлуға таңдана қарайды.

Сүйгеніне деген терең сүйіспеншілік, шексіз махаббатты білдіруді Мағжан өлеңдерінен оқимыз.

 

Келші, көзім, күн бетіңді көрейін

Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін

Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей.

Жұлдызды – жүзік,

Айды алқа ғып берейін!

 

Ай, Күн, Жұлдыз ғашықтық сезім күйлерін ғана емес, барша адам атауларының бір-біріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді.

Б.Күлеевте:

Сен хорсың, періштемсің, алламсың сен,

Мен үшін сенің көркің тәңірмен тең.

Көркің күн, жүзің жарқын, ажарың ай,

Тізе бүктім, «тәңірі» дедім алдыңда мен.

 

Жүрсең – жер, күлгенде – көк сүйінеді,

Ағаш-шөп сәжде қылып иіледі.

Аспанның ажарлысы Ай менен күн.

Көркіңді көріп таң боп күйінеді.

 

Алдыңан әлдеқашан бұлт қашқан,

Құлдықта қол қусырып жер мен аспан.

Айнадай ай жүзіңнің ажарынан.

Ұялып жұлдыз біткен бетін басқан.

Демек, ай мен күн - өмір өзегі – биік махаббат, терең сүйіспеншілік, асқан сұлулық символы болса, жұлдызды аспан – қос ғашықтың махаббатының куәсі.  Қазақ халқы ай, күн, жұлдыз сөздерінің символдық белгісіне байланысты: айдай сұлу, жаңа туған айдай, ай қабақ, он төртінде туған айдай десе, күнге байланысты күндей көрік, күндей нұрлы, күндей балқу т.б. кейде ай мен күнді қосарлана қолданып, мінсіз әдемілікті меңзейді: ай десе аузы, күн десе көзі, айдай мінсіз т.б.

Қазақ халқы үшін күн – мәңгілік өмірдің символы.

 

Оңынан айым, күнім туып сол жақтан,

Алашыма айнадай сәуле бере ме?

 

Халық тілінде күн сөзінің символдық мәніне қатысты төмендегідей тұрақты тіркестер бар: күн көру, күнелту, күні туды, күні таусылды, күні жақындады, күні өшті, күні бітті т.б.

О, менің тірлігім, қуатым!

Неге сен батасың шуақ-күн?

Сақшысы бол-дағы өмірімнің

Төбемде мәңгілік тұр көріп.

Батпа сен!

Бермеші түнге ерік!

Төбемнен ұзама жүз қадам,

Жылыта бер денемді мұздаған,

Зәредей сәулеңді мен сенің

Некелі жарымдай қызғанам.

 

Сонымен, аспан шырақтары – Күн, Ай, жұлдыз халық танымында сұлулық, ізгілік, махаббат нышандары ретінде танылып, тіл жүйесінде өз өрнегін салған.

«Дойбының ойыны»өлеңінде ақын ойын туралы айтып отырған сияқты көрінгенмен, ақын өмірді тұспалдап отыр. Өмірде сараң болма, сараң болсаң, халықтан байлығыңды тығып, тарылсаң бәрі босқа қалады деген ойды тышқанның інге тыққаны ертең мысыққа ұсталып, жем болса, тыққан, жиған тергенінің босқа қалатындығын айту арқылы жомарт болуды меңзейді. «Ай» болсаң да, «Күн» болсаң да мәңгі жарқырап тұра алмайсың, олар да батады деген философиялық түйін тастайды.

 

Бір жарық түн басынан таң атады,

Мейлің-Ай, мейлің Күн бол,-бір батады

Дарияның толқынындай дүние жүзі

Толқында тауып тыныштық кім жатады?

Астыңа – жер, үстіңе көкті жайды:

«Күндіз Күнді көр-деумен, түн болса, Айды!»

Мұның бәрін бекерге жаратқан жоқ,

Білмей қалсаң, мойныңа бұл бір пайды!

Дойбының тақтайындай қылды көкті,

Ай мен Күн, жұлдыздан – тасын тікті.

«Күндіз, түнмен ұтысып, ойнап қал!»-деп,

Күн де бес жылда бір айды артты жүкті.

Өзге ойынның бұл ойын басы болды,

Ойнай мұны білмеген – ғасы болды.

Жыл да – он-екі ай болғанда, ай да он екі,

Жиырма төрт дойбының тасы болды.

Өзің қимай, ала алмай, құр(ы) қаласың қаласың(қалсаң құры)

«Бермеді!» - деп, Құдайға жұқтырма кір.

 

Өзің мақсатыңа қол жеткізбесең, біреуді кінәлап, қаралама деген ойды тұжырымдайды.

Еңбектен, талмай еңбек ет, бірақ құр жинай бермей халыққа де көмектес деген ой тұспалмен берілген. Тышқанның талмай күні-түні еңбектенгені мысыққа ұсталған күні жер астында қалатындығы арқылы жиған тергеніңді аясаң, көпке септігің тимесе ол да босқа қалады деген ой астарлап берілген.

 

Ін қазып, үйден-үйге жаса тесік,

Тар болсын, кіре алмастай, кедейге есік.

Жалғыз тал шөп көрінсе, тастамай жи,

«Болд-деп,-заман жайы әлденешік?!»

Сараңдықты мысқылдап тұр. Ақын ешкімнің қолы жетпестей жина тер, дүние жи деп тұрған тәрізді. Сол еңбегіңді аяп, кедейге көмектеспесең, босқа қалады деген ой мына жолдарда аңғарылады:

 

Қалады жер астында жиған дүниең,

Бас салса, бір тесіктен, аңдап мысық.

 

Енді бірде ақын жылан бол, алтын жи, күміс жи көңілің тоқ болады дейді. Бірақ бұл жерде де сатира бар, өткір шенеу бар. Өзінен өзі аяп қалтақтаған өмірден өз орнын табуы екі талай. Сараң болмай әр нәрсені жомарттықпен шешкен адам  өмірден өз орныны табады деген ой беріледі.  Яғни, әр нәрсені дойбы ойнағандай өмірде де тарылмай, ойланып, ақылмен шешу керек деген тұжырым бар. Өмір дойбының ойны сияқты,  надан болмай, сараң болмай, тасты ұтқызса да жеңіске қол жеткізуге болады деген тұжырым арқылы, өмірдегі құбылысты бейнелейді.

«Күндіз бен түннің айырмасы» деген тұспал өлеңі күн мен түннің құпия сыры толғанады. Күндіз тыныштық қашып, адамзат тіршілік соңына түсіп, күйбең тіршілікпен мазасызданады.

Жалғанның тозақ пенен бейіші бар,

Бір күн тыныштық, кей бір күн кейісі бар.

Кейісі тозақ болғанда, тыныштық – бейіш,

Міне, осындай муафық келесі бар.

Таң атып, күн шыққан соң, тыныштық қашар,

Бай, жарлы, бәрі отырмай тыпырласар.

Біреу өзін бұқтырып жер түбіне,

Біреу өзін әуре ғып аспанға асар.

Күндіз біреу тіршілік үшін еңбектенсе, енді, бірі қолындағы бар байлығын сұрап келер ме деп қуыстанып, тығылып әлек. Яғни, ақын сараң байдың күйін сынайды.

 

Ақшалы бай жүреді төмен бұғып,

Қолдан кетсе бір тиын, жаны, жаны шығып.

«Көрінген жан бір нәрсе сұрайды ғой!»,-

-Деумен өзін-өзі інге тығып...

 

Бұл дүние құтқармайтын тозақ болды,

Бейнеттіге, құрығыр, күн ұзақ болды.

Дамыл, тыныштық бір жанда болмаған соң,

Есебі күндіз өзі тозақ болды.

 

Қоғамдағы қиыншылық, бейнет өмір, ауыр тұрмыс тозақ сөзі арқылы бейнеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Ғасырлар бойы бірнеше ұрпақты толғандырған аңыздар мен шежірелер, яғни мифтер тек мәдениеттің көрінісі ғана емес, ол адамзаттың мифологиялық кезеңінің тілдегі мифемаларда сақтаулы, қазіргі тілдік материалдардағы бейнесі. Тіл мен миф арасындағы байланыс туралы көзқарастар бір-біріне қарама-қайшы пікірлермен жалғасып жатады. Кез-келген сөз ертедегі адамзат үшін ерекше мифологиялық құпияға ие болған, оның мағынасы мифтік түсініктер мен сырларға толы, адам үшін киелі болған. Ата-бабалар үшін сөздің киелі мағынасын білу, оның құпиясын ашу аса қажет болған.

Өркениеттің дамуымен бұл құпия сырлар жиынтығы ұмытылуы түсінікті де, бірақ баба мұрасы болып табылатын тіл мәдени ошақтарда міндетті түрде сақталады, қажет кезінде оны ұрпақтары қайта жаңғырта алады. Талай ғасыр куәсі болған әдет-ғұрпымыз бен салт-санамыздың бүгінгі таңдағы жаңаша орын алуы осыған куә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1 Кассирер Э.Философия символических форм: В 3 тт. / Пер. с нем. С.А.Ромашко.— М.—СПб.: Университетская книга, 2002.

2 http://ru.wikipedia.org/wiki/Мифема.

3 Аймұхамбетова Ж.Ә. Мифтің поэтикадағы қызметі(қазіргі қазақ поэзиясы арқауында).Фил.ғыл.докт... дисс.автореф. Алматы, 2010.

4 Лосев А.Ф.Философия. Мифология. Культура.М.: Мысль, 1991.

5 Белый А. Символизм как миропонимание. М., 1994.-

6 Сыбанбаева А. Метафоралардың тілдік болмысы және концептуалды метафоралар. Алматы, 2002,161 б.

7 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы мифологиялық лексика.Павлодар, «Кереку», 2008. – 116 б.