kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

«ECOSTAN-ға САЯХАТ»

    Таяуда табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында  ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО 7-11-сынып оқушылары арасында қашықтықтан «ECOSTAN-ға САЯХАТ» атты экологиялық байқауын ұйымдастырды. Облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша 10-«А» сынып оқушысы Кенжебек Әлфараби «Ең үздік экологиялық бейнебаян» бағытында I орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды (жетекшісі Баянова С.Е.). Сонымен қатар  8-сынып оқушысы Шай-Ахмет Ғанибек, 9-сынып оқушысы Дүйсекен Арайлым III жүлделі орындарды иеленді. Бүгінде «National Geographic Qazaqstan» журналының редакторы және бас директоры Е. Ж. Жақыповтың басшылығымен, демеушілік қолдауымен өткен Республикалық кезеңде  200-ден астам қатысушылардың арасынан суырылып алға шыққан Кенжебек Әлфараби «Eco-Nazar: біздің қасымыздағы экологиялық проблема» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды. . 
              Жеңіс құтты болсын!