kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылы

Приказ Министерства образования и науки РК от 18.03.2008 № 125

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы

(2020.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) №149

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.13.05. № 318 бұйрығымен; 2017.30.01. № 36 бұйрығымен; 2018.25.09. № 494 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.25.12. № 590 бұйрығымен; 2011.10.02. № 44 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.04.04. № 142 бұйрығымен; 2017.30.01. № 36 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 494 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;

3) ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 494 бұйрығымен алып тасталды

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр
Ж. Түймебаев

ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.20.01. № 14 бұйрығымен бүкіл мәтін бойынша "білім департаментінің директоры" деген сөздер "білім басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.10.02. № 44 бұйрығымен "департаменттері", "департаменттерінің", "департаментімен" деген сөздер "басқармалары", "басқармаларының", "басқармаларымен" деген сөздермен ауыстырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.30.01. № 36 бұйрығымен тақырыпта және барлық мәтін бойынша "ережесі", "ереженің", "ережеге", "ережесіне", "ережеде" деген сөздер "қағидалары", "қағидалардың", "қағидаларға", "қағидалырына", "қағидаларда" деген сөздермен ауыстырылды

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.16.11. № 660 бұйрығымен; 2017.06.06. № 265 бұйрығымен үлгі ережесі жаңа редакцияда; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 494 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығына 1-қосымша

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық
бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

1) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;

2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;

3) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау – бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

4) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

5) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;

6) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;

7) модерация – бағалаудың объективтілігін және айқындығын қамтамасыз ету үшін балдарды қоюды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмысын талқылау процесі;

8) оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;

9) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау жүргізудің тәртібі

3. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер 2-11 (12)-сыныптарда оқу жылының бірінші тоқсанынан (жарты жылдығынан) бастап жүргізеді.

1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

4. 1-11 (12)-сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық (жартыжылдық) бағалардың негізінде қойылады.

5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.

Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.

5. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша "3", "4", "5" деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

6. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.

Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.

1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың немесе баланың заңды өкілдерінің келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.

7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері білім беру ұйымының мектептің педагогикалық кеңесінің (бұдан әрі – педагогикалық кеңес) шешімімен белгіленеді.

8. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аралық аттестаттаудан өтеді. Жазғы каникул кезеңінде осы білім алушыларға тиісті пәндер бойынша оқу тапсырмалары беріледі.

9. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда, білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.

10. 2-8 (9), 10 (11) сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары "3", "4", "5" болған білім алушылар көшіріледі.

11. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

3-тарау. Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі

12. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 13-тармақ жаңа редакцияда

13. Формативтік бағалау білім алушылардың оқыту мақсатына жету мониторингін жүргізу және орындалған үй жұмысы мен педагогтің жазбаша түрдегі (дәптерге немесе күнделікке) немесе ауызша ұсынымдамаларының қорытындысын ескере отырып сараланған жұмыстарды одан әрі теңестіру үшін жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 13-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 13-1-тармақ жаңа редакцияда

13-1. Формативтік бағалау кезінде мұғалім сабақта кері байланысты жүзеге асырады. Педагог білім алушылардың санын, кері байланысты беру нысанын және жиілігін дербес анықтайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 13-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен; 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 13-2-тармақ жаңа редакцияда

13-2. Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап етпейді.

Формативті бағалаудың нәтижелерін ұсыну білім алушылар орындаған жұмыстарда және/немесе педагогтің комментарийлері арқылы электрондық журналдарда жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-тармақ жаңа редакцияда

14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді.

Жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан бастап 1-сыныптарда, бірінші тоқсаннан бастап 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-1-тармақпен толықтырылды

14-1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖБ) нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен 14-2-тармақ жаңа редакцияда

14-2. БЖБ үшін максималды балды, БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақыты реттелмейді.

БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 14-3-тармақ жаңа редакцияда

14-3. БЖБ және тоқсандық жұмыс үшін жиынтық бағалауға (бұдан әрі – ТЖБ) қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын ресімдеу сапасы есептелмейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 14-4-тармақ жаңа редакцияда

14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-5-тармақпен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 14-5-тармақ жаңа редакцияда

14-5. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-6-тармақпен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен; 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 14-6-тармақ жаңа редакцияда

14-6. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-7-тармақпен толықтырылды

14-7. Үйде оқитын білім алушыларды бағалау кезінде педагог үйде оқитын білім алушылардың оқу жүктемесін және олардың оқып-зерделеген оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 14-8-тармақпен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 14-8-тармақ жаңа редакцияда

14-8. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізеді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.17.04. № 149 бұйрығымен 14-9-тармақпен толықтырылды

14-9. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен; 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда

15. "Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау", "Алғашқы әскери және технологиялық даярлық", "Қоғам және дін", бастауыш сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникативтік технология" пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.

Тоқсан/жарты жыл және оқу жылының соңында "Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау", "Алғашқы әскери және технологиялық даярлық", "Қоғам және дін", бастауыш сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникативтік технология" пәндері бойынша "есептелінді" ("есептелінген жоқ") деген белгі жазылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 15-1-тармақпен толықтырылды

15-1. 10-11-сыныптарда инвариантты компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейінің пәндерін таңдау кезінде "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау" оқу пәндерінен басқа пәндер бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.

Вариативті компонент сағатының есебінен таңдалған 10-11-сыныптардың оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында "есептелінді" ("есептелінген жоқ") деген белгі жазылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 15-2-тармақпен толықтырылды

15-2. Қысқартылған оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарларын таңдаған жағдайда БЖБ саны 14-4-тармаққа сәйкес жүргізіледі.

Вариативтік компонент есебінен таңдалған 7-9-сыныптардағы оқу пәндері бойынша (инварианттық компоненттегі таңдау пәндері) жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында "есептелінді" ("есептелінген жоқ") деген белгі жазылады.

16. Жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылармен орындалады және "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) оқу бағдарламасына сәйкес олар өткен материалдарды қамтиды.

17. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды.

18. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.

19. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізіледі.

Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатылып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен; 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 20-тармақ жаңа редакцияда

20. Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.17.04. № 149 бұйрығымен 20-1-тармақпен толықтырылды

20-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады.

21. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.

22. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте күнтізбелік бір оқу жылы сақталады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 23-тармақ жаңа редакцияда

23. Білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде (қағаз/электрондық) журналға қойылады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен 24-тармақ жаңа редакцияда

24. Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.

25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

26. 1-сыныпта жылдық баға жиынтық бағалау нәтижесінің негізінде 3 және 4-тоқсандардың қорытындысы бойынша қойылады.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қорытындысымен сол сыныпта қайтадан оқытуға ұсыныс берілген және/немесе баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен орнында қалдырылатын білім алушыларды қоспағанда 1-сынып білім алушысы оқу жылын қайта оқуға орнында қалдырылмайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен; 2018.14.06. № 272 бұйрығымен 27-тармақ жаңа редакцияда

27. 2-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағалары жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы тоқсандық бағалар жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды баға болып табылады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша аралық аттестаттау жүргізілмейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен 28-тармақ жаңа редакцияда

28. Бір немесе екі пәннен "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары үшін мектеп жасаған кестеге сәйкес жүргізілетін оқу жылындағы материал мазмұнын қамтитын жиынтық бағалау оқу жылына ұйымдастырылады.

Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға мен қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқалы қойылады.

Үш немесе одан да көп пәннен "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары қайта оқуға орнында қалдырылады.

"3", "4", "5" бағаларын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары келесі сыныпқа көшіріледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен 29-тармақ жаңа редакцияда

29. Бір немесе екі оқу пәнінен қайта "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сыныптардың білім алушылары, осы пәндерден қосымша жиынтық бағалаудан өткізіледі.

Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға мен қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқалы қойылады.

Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылының басына дейін өткізіледі.

Қосымша жиынтық бағалаудан "2" деген баға алған жағдайда, білім алушы сол сыныпта оқуға орнында қалдырылады.

30. Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 31-тармақ жаңа редакцияда

31. Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім алушының қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен беріледі.

32. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен алып тасталды

4-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

33. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

34. 1-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.

35. Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

36. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 37-тармақ жаңа редакцияда

37. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) – жазбаша жұмыс (эссе), гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.

38. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.

39. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 39-1-тармақпен толықтырылды

39-1. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 39-2-тармақпен толықтырылды

39-2. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

2) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

3) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 40-тармақ жаңа редакцияда

40. 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары және мектептердің 11 (12) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) дайындайды.

Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 41-тармақ жаңа редакцияда

41. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өткенге дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.09.02. № 47 бұйрығымен 42-тармақ жаңа редакцияда

42. Білім алушыларды "Технология" (Көркем еңбек), "Алғашқы әскери дайындық" ("Алғашқы әскери және технологиялық дайындық") және "Дене тәрбиесі" оқу пәндерінен Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген пәртіпте босату олардың үлгеріміне, қорытынды аттестаттауға жіберуге келесі сыныптарға көшіруге әсер етпейді.

43. Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден "5" деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

44. 10 (11) және 11 (12)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық оқыған пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары "5" болған 11 (12)-сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

45. Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары "5" болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан "5" деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 46-тармақ жаңа редакцияда

46. Эксперименттік алаң болып табылатын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша оқуларын аяқтаған бітірушілерге (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ бітірушілері) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ұлттық біріңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес "НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаттары беріледі.

47. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:

1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;

2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;

3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 289 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.

Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.

48. Қайта қорытынды аттестаттау өткізу мерзімін білім басқармалары, сондай-ақ білім басқармаларының келісімі бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдері, республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрлік белгілейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 49-тармақ жаңа редакцияда

49. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер дербес әзірлейді.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады.

Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 11 (12)-сынып оқушылары № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманы алады.

50. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты;

2) І – II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер;

4) жақын туыстарының қайтыс болуы (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже);

5) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.17.04. № 149 бұйрығымен 50-1-тармақпен толықтырылды

50-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 51-тармақ жаңа редакцияда

51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 035-1/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;

3) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының оқу үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі – табель) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.

52. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.17.04. № 149 бұйрығымен 52-1-тармақпен толықтырылды

52-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген) Экстернат нысанында оқыту қағидаларына сәйкес білім алушы балалар қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып БЖБ нысанында қорытынды бітіру емтиханын тапсырады.

53. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған кезде жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.17.04. № 149 бұйрығымен 53-1-тармақпен толықтырылды

53-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары ұйымдастырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 54-тармақ жаңа редакцияда

54. Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер шетелде оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының мектептерінде 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан өтеді.

Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектептегі комиссияның шешімімен аталған бітірушілер "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәндері бойынша шетелде оқымаған пәндерінен аттестаттаудан өтеді.

Қорытынды аттестаттау өткізу мерзімі педагогикалық кеңес шешімімен белгіленеді.

Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып, № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және сол жақта білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде 10 (11) және 11 (12) сыныптарда білім алу кезінде оқыған пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары және қорытынды аттестаттау бойынша бағалары "5" болған түлектерге № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және сол жақта білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде 5-11 (12) сыныптар аралығында оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған және қорытынды аттестаттаудан "5" деген бағаға өткен түлектерге № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.17.04. № 149 бұйрығымен 54-1-тармақпен толықтырылды

54-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан 10 сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде өтеді.

55. Шетелге оқуға түсу үшін кететін немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған және білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін емтихан материалдарын дайындауды мектеп жүзеге асырады.

56. Білім алушылар халықаралық алмасу бағдарламасының толық оқу курсын оқыған кезеңде білім алушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасының мектептері контингентінің есебінде болады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен 57-тармақ жаңа редакцияда

57. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттесттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.

Арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 58-тармақ жаңа редакцияда

58. 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.

59. 11 (12) сыныпта эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.

60. Жазбаша емтихандар 11 (12) сынып білім алушылары бір-бірден, ал 9 (10) сынып білім алушылары бір-бірден немесе екіден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде өтеді.

Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге Комиссияға тапсырады.

Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.

61. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын Комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін үзіліске арналған ұзақтау уақыт ұсынылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 62-тармақ жаңа редакцияда

62. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.

Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.

Математика (алгебра) пәні бойынша "2" және "5" деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.

9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою схемасына сәйкес тексеріледі.

11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім курсы үшін математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

Эссе қорытындысы бойынша орфография мен грамматика үшін баға тілдік пәндер бойынша қойылады, мазмұны үшін баға әдебиет бойынша қойылады.

Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады.

63. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі 9 сағат 00 минутта басталады. Ерекше жағдайларда осы Қағидалардың тармақтарын сақтау үшін (мектепте білім алушылардың саны көп болғанда) емтихандарды 2-3 лекпен өткізуге жол беріледі.

Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.

Математикадан материалдар салынған пакеттер 9 және 11 сыныптарда ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 64-тармақ жаңа редакцияда

64. Ауызша емтиханда 11 (12) сыныпта жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).

65. Тестілеу МЖМБС-ға сәйкес "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен осы Қағидалардың 39-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген оқу пәндері шегінде өткізіледі.

66. 11 (12) сыныпта тестілеуге әр пән бойынша 80 минут бөлінеді.

67. Тест нәтижелерін тексеруді мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия сол күні өздеріне ұсынылған дұрыс жауаптар кодына сәйкес мектепте жүзеге асырады.

68. Тест тапсырмаларының саны және нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны әр пән, бейін және оқыту тілі бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады. Тест ерекшеліктерін ҰТО әзірлейді.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 69-тармақ жаңа редакцияда

69. 11 (12) сыныптарда әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағалары мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізеді.

9 (10) сыныпта Комиссия білім алушыларға балдар мен емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқу курсы үшін емтиханның қағаз және электрондық хаттамасына енгізеді.

9 (10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.

70. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды баға қою кезінде олардың осы емдеу мекемесінің жанындағы мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жартыжылдық) және жылдық бағалары ескеріледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 71-тармақ жаңа редакцияда

71. Білім алушылардың 11 (12) сыныпта ауызша емтиханда алған бағалары оларға осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады.

Білім алушының жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен оған жазба жұмыстарын тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.

72. Кезекті емтиханнан "2" деген баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 73-тармақ жаңа редакцияда

73. 9 (10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.

11 (12) сыныптарда пән бойынша қорытынды бағаларды шығарған кезде келесі ережелер басшылыққа алынуы тиіс:

1) пән бойынша қорытынды баға ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағалары ескеріле отырып, жылдық және емтихан бағалары негізінде анықталады (емтихан бағалары "4" немесе "5" болған кезде ескеріледі);

2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған кезде оң қорытынды баға қойылмайды;

3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары қойылмайды;

4) егер 11 (12) сыныптарда инварианттық компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейлерінің пәндері таңдалмаған жағдайда, жалпы орта білім туралы аттестатқа осы пәндер бойынша 9-сыныпта алған қорытынды бағалары қойылады.

74. Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13 сағат 00 минутқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады.

75. Қорытынды аттестаттау өткізу үшін ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Комиссия мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Министрлік жанында (республикалық мектептер үшін) құрылады.

76. Мектеп жанынан құрылған Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары (болған жағдайда), қоғамдық ұйымдардың (болған жағдайда) және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.

77. Аудандық, қалалық білім бөлімдері жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар комитетінің өкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

78. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.

79. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі басқарады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 80-тармақ жаңа редакцияда

80. Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) 11 (12) сынып білім алушыларының таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ҰТО филиалына жолдау;

3) қорытынды аттестаттау өткізу, сондай-ақ қорытынды аттестаттауға білім алушыларды даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жұмыстарынан басқа 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

5) жазбаша емтихан жұмыстары аяқталғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;

6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

7) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанынан қалыптастырылған Комиссия қарауына (республикалық мектептер Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына) білім бөлімдері арқылы жолдау;

8) осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкіліне сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын бағаларға ауыстыру;

9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 81-тармақ жаңа редакцияда

81. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанынан қалыптастырылатын Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына жолдау;

4) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 81-1-тармақпен толықтырылды

81-1. Білім басқармасы жанынан қалыптастырылатын Комиссиялар келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін мектептерге жолдау;

5) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 81-2-тармақпен толықтырылды

81-2. Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) республикалық мектептердің жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін республикалық мектептерге жолдау;

5) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

82. Жұмыстардың қорытындысын шығару және "Алтын белгі" белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешімді қабылдау жөніндегі мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссияның қорытынды отырысы ағымдағы жылғы 12 маусымнан кешіктірілмей өткізіледі.

83. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын және "Алтын белгі" белгісін иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

84. Білім басқармалары және республикалық мектептер білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы қорытынды мәліметтерді Министрлікке ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады.

85. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері ағымдағы жылғы тамыз айында оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте талқыланады. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына
1-қосымша

Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі

1 сыныптағы балдардың пайыздық мазмұны (%)

2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%)

Баға

0 – 20

0- 39

қанағаттанарлықсыз – "2"

21 – 50

40 – 64

қанағаттанарлық – "3"

51 – 80

65 – 84

жақсы – "4"

81 – 100

85 – 100

өте жақсы – "5"

 

Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына
2-қосымша

"НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын
және жеңімпаздардың қорытынды бағаларын

ҰБТ балдарына ауыстыру шәкілі

Пәндер

Жеңімпаздар үшін

"НЗМ" ДББҰ бітірушілері үшін

3 (қанағаттанарлық)

4 (жақсы)

5 (өте жақсы)

U (1)

E (2)

D (3)

C (4)

B (5)

A (6)

A* (7)

1

Қазақ тілі (оқу сауаттылығы)

12

16

20

6

9

12

15

17

19

20

2

Казахский язык (бейінді пән)

24

32

40

12

18

24

30

34

38

40

3

Русский язык (оқу сауаттылығы)

12

16

20

6

9

12

15

17

19

20

4

Русский язык (бейіндік пән)

24

32

40

12

18

24

30

34

38

40

5

Қазақстан тарихы

12

16

20

6

9

12

15

17

19

20

6

Математика (математикалық сауаттылық)

12

16

20

6

9

12

15

17

19

20

7

Математика (бейіндік пән)

24

32

40

12

18

24

30

34

38

40

8

Бейіндік пәндер

24

32

40

12

18

24

30

34

38

40

 

* Ең жоғарғы нәтиже

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына
3-қосымша

Нысан

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың хаттамасы

___________________________________________ бойынша Қазақстан Республикасы

(оқу пәнінің атауы)

_________________________________________________________________________

(облыстың атауы)

_________________________________________________________________________

(аудан атауы)

_________________________________________________________________________

(қала (ауыл) атауы)

_________________________________________________________________________

(мектеп атауы)

Емтихан комиссиясының құрамында:

_________________________________________________________________________

Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

_________________________________________________________________________

Емтихан алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

_________________________________________________________________________

(ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Білім басқармасынан (Министрліктен) жіберілген емтихан материалдарының пакеті

_____ сағат ____ минутта ашылды.

Пакетпен жіберілген емтихан (тест) материалдары осы хаттамаға қоса берілді.

Емтиханға (тестілеуге) келді:

_________________________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтиханға (тестілеуге) келген жоқ:

_________________________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта басталды.

Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта аяқталды.

Емтихан (тестілеу) нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Жазбаша жұмыстың тақырыбы және нұсқасы, билет №

Емтихан бағасы (жазумен)

Жылдық бағасы (жазумен)

Қорытынды бағасы (жазумен)

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

Емтихан комиссиясы мүшелерінің жекелеген білім алушылардың жауаптарының бағалары туралы ерекше пікірлері

_________________________________________________________________________

Емтиханды (тестілеуді) өткізу күні: "___" __________20__ ж.

Бағаны хаттамаға енгізу күні: "___"__________ 20__ ж.

Комиссия төрағасы _________________________ _______

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

Емтихан алушы мұғалім _________________________ _______

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

Ассистенттер _________________________ _______

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

_________________________ _______

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

Ескерту: ұқсас Хаттаманың электронды нұсқасы қағаз нұсқамен бірдей қолданылады.

Нысан

Негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы

___________________________________________ бойынша Қазақстан Республикасы

(оқу пәнінің атауы)

_________________________________________________________________________

(облыстың атауы)

_________________________________________________________________________

(аудан атауы)

_________________________________________________________________________

(қала (ауыл) атауы)

_________________________________________________________________________

(мектеп атауы)

Емтихан комиссиясының құрамында:

_________________________________________________________________________

Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

_________________________________________________________________________

Емтихан алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

_________________________________________________________________________

(ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Білім басқармасынан (Министрліктен) жіберілген емтихан материалдарының пакеті

_____ сағат ____ минутта ашылды.

Пакетпен жіберілген емтихан (тест) материалдары осы хаттамаға қоса берілді.

Емтиханға (тестілеуге) келді:

_________________________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтиханға (тестілеуге) келген жоқ:

_________________________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта басталды.

Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта аяқталды.

Емтихан (тестілеу) нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Балл (жазумен)

Емтихан бағасы (жазумен)

1

 

 

 

2

 

 

 

 

Емтиханды өткізу күні: "___" __________20__ ж.

Бағаны хаттамаға енгізу күні: "___" __________ 20__ ж.

Комиссия төрағасы _________________________ _______

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

Емтихан алушы мұғалім _________________________ _______

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

Ассистенттер _________________________ _______

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

_________________________ _______

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы

Ескерту: ұқсас Хаттаманың электронды нұсқасы қағаз нұсқамен бірдей қолданылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.26.11. № 509 бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда

Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына
4-қосымша

Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкілі

№ р/с

Пән

2 (қанағаттанарлықсыз)

3 (қанағаттанарлық)

4 (жақсы)

5 (өте жақсы)

1

Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 – 40

2

Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 – 40

4

Геометрия

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 – 60

5

Физика

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 – 60

6

Химия

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 – 60

7

Биология

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 – 60

8

География

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 – 60

9

Дүниежүзі тарихы

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 – 60

10

Орыс әдебиеті

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 – 60

11

Қазақ әдебиеті

0 – 12

13 – 36

37 -48

49 – 60

12

Ағылшын тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 – 40

13

Француз тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 – 40

14

Неміс тілі

0 – 8

9 – 24

25 – 32

33 – 40

15

Информатика

0 – 6

7 – 13

14 – 20

21 – 27

 

9 (10) сынып білім алушыларының емтихан балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі

Баға

Максимальды балл 20 болған пәндер үшін балдар

Максимальды балл 30 болған пәндер үшін балдар

Максимальды балл 50 болған пәндер үшін балдар

"2"

0 – 7

0 – 11

0 – 19

"3"

8 – 12

12 – 19

20 – 32

"4"

13 – 16

20 – 25

33 – 42

"5"

17 – 20

26 – 30

43 – 50

 

© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование»
https://vip-edu.mcfr.kz
Дата копирования: 23.10.2020