kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Bookcrossing туралы

«BookCrossing– бұл керемет!!!

 «BookCrossingтің» басты мақсаты: ол- үйімізде  жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау». Буккроссингтің мақсаттары- оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.

«BookCrossing» тарихы:

«Буккроссинг» идеясын ең алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған. Ол қоғамдық орында мынадай жазуы бар кітап қалдырды: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес,мына сайтқа кіріп,оның бұрынғы иесін біле аласыз.Жарты жылдан кейін оның сайтында екінші рет дүниеге келген кітаптың жолын жалғастырған 300 белсенді пайдаланушы тіркелді. 2004 жылдан бастап «Bookcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізілді.

Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасынд жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды – “буккроссерлер” деп атайды.

«BookCrossing» мектепте:

 Мектептің бірінші қабатында  «Bookcrossing» кітап сөресі орналасқан. Балалар, оқушылар кітапты қоя алады және әлбетте, оның жаңа оқырмандары табылады. Сөремізден кез келген кітапты алып, ал оқыған соң оны өзінің достарына немесе таныстарына оқуға бере алады. Сондай-ақ балалар  өзінің оқыған кітаптарында буккроссингке қатысу үшін әкеле алады. Дегенмен, балалар жаңа қызықты шығармалар: тарихи романдар, өлеңдер жинағы немесе детективтер акелу мүмкін. Буккроссинг адамдарды, балаларды оқуға және кітаптарға деген көзқарасын өзгертеді. №10орта мектепте «Буккроссинг» былтырдан бастап өттіп жатыр.Оқушыларға өте ұнайды, қызықты. Жыл сайын мектепте « Кітап сиыла»акциясы өттіп тұрады.

Оның барысы: «Оқыдың ба – басқаға бер» қағидасына негізделген  қарапайым әрекеттерден тұрады. Адамдар, балалар өз кітаптарын кез келген ниет білдірушілерге олардың оқуына қалдырады. Барлық қалдырылған кітаптар тегін.Буккроссинг – бұл кітаптарға екінші өмір берудің және сонымен қатар, бірнеше ағаштың сақталу тәсілі.

«BookCrossing–тің» ережелері:

1.Өзіңіздің сүйікті немесе оқыған кітабыңызды сөреге қойып, достарымен бөлісіңіз.

2.Сізге ұнаған кез-келген кітапты еркін алып оқуыңызға болады. Ол үшін кітапты кітапхана арқылы тіркеудін қажеттігі жоқ.

3. Кітапқа мұқият қараңыз: жыртпаңыз, беттеріне жазу жазбаңыз, қажет болса мұқабамен қаптап, желімдеп қойыңыз.

4. Кітапты оқып болган соң досыңызға оқуға ұсыныс беріңіз немесе сөреге қайтадан апарып қойыңыз.

5. Сөреде сенің сүйікті кітабың болмаса, – оны өзін әкеліп қос. Сіздер басқа адамдарға оқуға ұсынғыңыз келген кітаптарды таңдау  үшін, үйлеріңіздегі кітапханаға жақындап әрбір сөрені қарайсыздар. Тандау жасалып болған соң, кітап «Қауіпсіз сөре» деп аталатын сөреге қойылады. Ол жерден сіз жаныңызға жақын кітапты таңдап  алуыңызға да болады. Ол кітапты оқып болған соң досыңызға оқуға беріңіз немесе «Қауіпсіз сөреге» қайтадан апарып қойыңыз. Өте маңызды:  Кітаптар кеңістікте саяхаттап жүреді, бір қолдан басқа  қолға түседі, демек, өмір сүруді жалғастырады.