kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Кітапхана туралы мәлімет

 

Павлодар  қаласының «ЖАС ДАРЫН» мамандандырылған мектебінің кітапханасына қош келдіңіздер!

Қымбатты достар! Біздің кітапханадан сіздер өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптар мен мәліметтер таба аласыздар. Кітапханашы сіздерге көмектесуге әрқашан әзір.

Кітапханамыз туралы ақпарат

Мектеп кітапханасы 1999 жылы ашылды. Сол уақыттан бері оқушылар мен ұстаздарға,ата-аналарға қызмет етуде. Кітапхананың ең басты мақсаты білім беру мен өзіндік білім алу барысында әр түрлі ақпараттармен қамтамасыз ету.Кітапхананың жалпы қоры 33799 дананы құрайды. Құжаттар әр түрлі тасымалдауыштарда берілген (кітаптар, брошюралар, периодика, аудио и видео материалдар, электронды басылым, СD-ROM). 

Сонымен қатар, кітапханамызда Е-КІТАПХАНАСЫ жұмыс істейді.

Мектебімізде 20 минут кітап оқуға арналған «Кітаппен сырласу»  уақыты бар. Оқушылар өздерін қызықтыратын, ұнайтын кітаптарын тыныштықта,  арнайы уақытта еш кедергісіз отырып оқи алады.

Павлодар  қаласының «ЖАС ДАРЫН» мамандандырылған мектебі оқу мен тәрбиенің біртұтастығы негізінде оқушыларды рухани тәрбие мен шығармашылыққа бейімдейді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап»,- деп атап өткен болатын. "Кітаппен сырласудың"  мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу.

Зияткер  дарынды тұлғаны тәрбиелеп, баланың бойында рухани, патриоттық, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарды сіңіру – мектептің басты қағидаларының бірі.

Біздің кітапхананың жұмыс уақыты: 09.00-18.00