kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Ақпараттандыру туралы ҚР заңы»
24-09-2013 04:42

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.05.2012 19:31:56

 

Қазақстан Республикасының

Заңы

 

Ақпараттандыру туралы

(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесінқара

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-3-баптар)

2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау

(4-9-баптар)

3-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар, олардықалыптастыру және пайдалану тәртібі

(10-14-баптар)

4-тарау. Ақпараттық жүйелер, технологияларжәне оларды қамтамасыз ету құралдары

(15-21-баптар)

5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді есепке алу, тіркеу және ақпараттық жүйелердің аудиті

(22-27-баптар)

6-тарау. «Электрондық үкімет» аясындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының тәртібі

(28-33-баптар)

7-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтары және оларды беру тәртібі

(34-40-баптар)

8-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау

(41-44-баптар)

9-тарау. Қорытынды ережелер

(45-46-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану және қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

2009.10.07. № 178-IVҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматтандыру - адам еңбегін жеңілдету және оның нысандарын ығыстыру, үдерістердің өнімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу, жүйелендіру, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

1-1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс;

2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді ұйымдастыруды, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөніндегі, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға;

5) ақпараттық жұмыстар - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;

6) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

7) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі - депозитке беру) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;

8) ақпараттық жүйелердің аудиті - ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйінің, онда болып жатқан іс-әрекеттердің және оқиғалардың белгілі бір критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейтін, оларды бағалаудың жүйелі процесі;

9) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамасымен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;

10) ақпараттық-коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;

11) ақпараттық қызмет көрсету - пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;

12) ақпараттық процестер - ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, тарату және тұтыну процестері;

13) ақпараттық технологиялар - әдістердің, өндірістік процестердің және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздестіруді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

14) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;

15) ашық кілттер инфрақұрылымы - Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасынасәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;

16) бағдарламалық өнім - ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, қағидалары мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;

17) дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) - жеке тұлға өміріндегі фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер;

18) домендік атау - Интернет желісіндегі адрестеу ережелерінесәйкес қалыптастырылған, желі объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін нышандық (әріптік-цифрлық) белгі;

19) интерактивтік қызмет көрсету - өзара ақпарат алмасуды қажет ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;

20) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

21) интернет-ресурстың меншік иесі - интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарынтолық көлемде іске асыратын субъект;

22) компьютерлік оқиға - ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желілердің тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) олардың айналысындағы ақпаратты заңсыз алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар;

23) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы- «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

24) құжатталған ақпарат - материалдық жеткізгіште тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелері бар ақпарат;

25) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар - мемлекеттік құпиялардықамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес шектеледі немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда олардың меншік иесі не иемденушісі шектейді;

26) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі - мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді жасауға, жинақтау мен өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын біріздендіруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен27) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27) мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасы - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық желiден тұратын, басқару және ұйымдастыру мақсаттарын iске асыруға және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетіне арналған, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң» электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң өзара iс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желiсi;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен28) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

28) мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторы - мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасының аппараттық-бағдарламалық кешенi бар және мемлекеттік органдарға, аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға байланыс қызметiн көрсететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

29) пайдаланушы - өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;

30) транзакциялық қызмет көрсету - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету;

31) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық түрде сақталатын (ақпараттық дерекқорлар), ақпараттық жүйелердегі ақпарат;

32) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иемденуші - аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарыніске асыратын субъект;

33) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;

34) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иемдену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;

35) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;

36) «электрондық әкімдік» - жергілікті атқарушы органдардың функцияларын оралымды және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде өңірлік мемлекеттік басқару жүйесі;

37) электрондық қызмет көрсету - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;

38) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, лауазымды адамдарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;

39) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету - ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету;

40) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері - мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар;

41) «электрондық үкімет» - мемлекеттік функцияларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізінде мемлекеттік басқару жүйесі;

42) «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы - «электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;

43) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

44) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі - жеке және заңды тұлғалардың төлемдерін жүзеге асыру кезінде екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

45) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) иемденушілері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады;

46) «электрондық үкіметтің» шлюзі - электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінентұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңыменалып тасталды (бұр.ред.қара)

4. Осы Заңның күші ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсілдеріне қолданылмайды.

 

3-бап. Ақпараттандыру объектілері мен субъектілері

1. Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектілері болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектілері болып табылады.

 

 

2-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУ

 

4-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері

1. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде «электрондық үкіметті» қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

2. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау;

2) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерін пайдалануға тең құқылығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізу және оларды берудің міндеттілігі (ашықтық презумпциясы);

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеудің, өндіру мен берудің еркіндігі;

5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану кезінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттік органдарға берудің міндетті сипаты белгіленіп, олардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толықтығы мен дұрыстығы;

7) адал бәсекенің қамтамасыз етілуі;

8) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етілуі;

9) ақпараттандыру саласының сенімділігі мен оны басқарудың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде қамтамасыз етілуі;

10) ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптарды белгілеу кезінде технологиялық бейтараптылықтың сақталуы;

11) дербес деректерді алуды, өңдеуді және пайдалануды оларды жинауға арналған мақсатпен шектеу принциптеріне негізделген.

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен3-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:

1) басым дамудың, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, салалық (секторлық) бағдарламаларды бекіту;

2) халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

3) ақпараттық жұмыстардың және электрондық қызметтер көрсетудің нарығын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

4) «электрондық үкіметті» қалыптастыру мен оның жұмыс істеу, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту және олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде өзара іс-қимыл жасау жағдайларын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының жүйесін дамытуға, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға жағдай жасау;

6) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге мемлекеттік және жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;

7) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамынбекіту;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен9) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторды, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторын және мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiк ортасының операторын айқындау;

10) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесінбекіту;

11) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар міндетті түрде беретін құжатталған ақпарат пен электрондық құжаттардың тізбесін бекіту;

12) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесінбекіту;

2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу тәртібінбекіту;

13) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережелерінбекіту;

2009.10.07. № 178-IVҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу тәртібінбекіту;

2009.10.07. № 178-IVҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесінжәне оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру тәртібінайқындау;

2009.10.07. № 178-IVҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымды айқындау;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылды

17) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңыменалып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеу;

19) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінбекіту;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен19-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

19-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларынбекіту;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен20) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

 

2009.10.07. № 178-IVҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен(бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен(бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті органның құзыретіне:

1) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;

4) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру;

5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;

7) «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, ақпараттық жүйелерге, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргізу тәртібін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

10) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру;

11) ақпараттандыру саласындағы және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін тіркеу;

14) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері жөніндегі өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;

15) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды, депозитарийдегі нормативтік-техникалық құжаттаманы сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, депозитарийге берілуінің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібінбекіту;

16) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларынәзірлеу және бекіту;

17) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесінәзірлеу және бекіту;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту;

19) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің, аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық құжаттама (техникалық тапсырма, техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық ерекшелік) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;

20) орталық мемлекеттік органдар және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуын бақылауды жүзеге асыру;

21) мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік ақпараттық және мемлекеттік емес жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау;

22) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануға (өнеркәсіптік пайдалануға) қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу;

23) ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін әзірлеу және бекіту;

24) электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің үлгілік регламентін әзірлеу;

25) бюджет қаражаты есебінен жасалатын және (немесе) сатып алынатын ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, оның ішінде оларға енгізілетін өзгерістердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, техникалық ерекшелігіне және техникалық тапсырмасына сараптама жүргізу;

26) Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеуді айқындау, оны тіркеу, пайдалану және тарату тәртібінәзірлеу және бекіту;

27) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді «электрондық үкімет» инфрақұрылымына интеграциялау үшін оларды пайдалануда бірыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және компьютерлік инциденттерге ден қою жөніндегі қызметті үйлестіру;

28) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңыменалып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29) мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

30) ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе бұғаттау бойынша заңсыз іс-әрекеттерді болғызбауды қоса алғанда, ақпараттық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілер мен электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелеріне, иемденушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсету;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен30-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

30-1) бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютерлiк жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларын әзірлеу;

30-1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру;

30-2) халыққа қызмет көрсету орталықтарының және мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің өзара іс-қимылын үйлестіру;

30-3) халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

31) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

7-бап. Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыреті

Орталық атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:

1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;

2) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;

3) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындау;

4) «электрондық үкіметті» қалыптастыру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін ұйымдастыру;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен6) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен7) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыреті

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:

1) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсету тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша айқындау;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте іске асырылатын «электрондық үкімет» және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;

3) «электрондық әкімдікті» қалыптастыру және жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін адамдар тұрмайтын үй-жайлар бөлу арқылы ұйымдастыру;

5) мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердің есепке алынуы мен тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін қамтамасыз ету жатады.

2. Төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте электрондық қызметтер көрсетуді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

 

9-бап. Ұлттық оператордың құзыреті

Ұлттық оператор:

1) ақпараттандыру саласындағы біртұтас техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысады, сондай-ақ оларды дамытуға қатысуға құқылы;

2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын, олардың әлемдік ақпараттық жүйелерге интеграциялануын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» инфрақұрылымының жобалық интеграторы қызметін жүзеге асырады;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен4) тармақша өзгертілді  (бұр.ред.қара)

4) бағдарламалық-аппараттық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелер енгізуді және (немесе) оларды сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ осы мақсаттар үшін персоналды оқытуға құқылы;

5) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қол жеткізуіне техникалық жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;

6) 2009.10.07. № 178-IVҚР Заңыменалып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» веб-порталын құру мен техникалық жағынан сүйемелдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингін қамтамасыз етеді;

8) 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңыменалып тасталды (бұр.ред.қара)

9) «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

10) 2009.10.07. № 178-IVҚР Заңыменалып тасталды (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық жағынан сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады.

 

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңыменмазмұн 9-1-баппен толықтырылды

9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның  өкілеттігі

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым:

1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауға қатысады;

2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізеді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізеді;

3) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттік органдардың Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін сүйемелдеуді және дамытуды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеруге қатысады;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетеді;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен7) тармақша өзгертілді  (бұр.ред.қара)

7) «электрондық үкімет» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

8) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды құруға және техникалық сүйемелдеуге қатысады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен9-2-баппен толықтырылды

9-2-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы операторының өкілеттіктері

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:

1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;

3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;

4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен9-3-баппен толықтырылды

9-3-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының өкілеттіктері

«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы:

1) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органдармен төлемақы талап ететін электрондық қызметтер көрсетудің тізбесін кеңейту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

3) екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдардың клиенттеріне «электрондық үкіметтің» транзакциялық сервистерін ұсыну мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі шеңберінде жүргізілетін операцияларға кепілдік берілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасынорындауын бақылауды жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР, ОЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ

 

10-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері

1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншік құқығына қарай:

1) мемлекеттік;

2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.

2. Электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділік санатына қарай:

1) жалпыға ортақ қолжетімді;

2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен3-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік болып табылады.

Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.

4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып табылады.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен5-тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

5. Меншік иесі немесе иемденушісі пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

 

11-бап. Мүлік құрамының элементі және меншік құқығының объектісі ретіндегі электрондық ақпараттық ресурстар

1. Электрондық ақпараттық ресурстар мүлік құрамының элементі ретінде мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.

2. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығы мен өзге де құқықтардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады, оның ішінде:

1) электрондық ақпараттық ресурстарды шаруашылық жүргізуге немесе оралымды басқаруға беруге;

2) өз құзыреті шегінде электрондық ақпараттық ресурстарға өңдеу, қорғау және қол жеткізу режимі мен ережелерін белгілеуге;

3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшіру және тарату кезінде оларға билік ету шарттарын айқындауға құқылы.

4. Заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың мүлкінің құрамына енгізіледі.

5. Мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олардың қарауындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік мүлік құрамында есепке алынуға және қорғалуға тиіс.

6. Субъектілер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін міндетті тәртіппен өздері ұсынған электрондық ақпараттық ресурстарға өз құқықтарын жоғалтпайды.

7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен билік етуге құқылы.

8. Электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасынасәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған жағдайда, мемлекет оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алуға міндетті. Меншік құқығы тоқтатылған кезде электрондық ақпараттық ресурстар олардың нарықтық бағасы негізге алына отырып бағаланады.

9. Ақпараттық жүйелерге және өзге де электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу құралдарына меншік құқығы басқа меншік иелеріне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығын туындатпайды.

10. Ақпараттық жүйелер құрамына енгізілген электрондық ақпараттық ресурстарға құқықтар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.

11. Қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібімен немесе ақпараттық жүйелер мен өзге де өңдеу құралдарын бірлесіп пайдалану кезінде өңделетін электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушісіне тиесілі болады. Бұл ретте жасалып, шығарылған өнімнің тиесілігі және оны пайдалану шартпен реттеледі.

 

12-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану

1. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі және (немесе) иесі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, еркін пайдалануға және таратуға құқылы.

2. Ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық алмасу нысанасы болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану мен тарату осы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі және (немесе) иеленушісі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен3-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қалыптастырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қалыптастыру үшін сатып алынатын немесе жасалатын бағдарламалық өнімдердің қазақ тілінде интерфейсі болуға тиіс.

4. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалануды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану, оларға қол жеткізу мен қорғау ережелерін олардың меншік иесі және (немесе) иеленушісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды және қамтамасыз етеді.

6. Осы Заңның 14-бабындакөзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарды беруі міндетті болып табылады.

7. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

 

13-бап. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстар

1. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, оларды алу, өңдеу және пайдалану жинақталу мақсатымен шектеледі.

2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ.

3. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар үшін сол деректер өзіне тиесілі жеке тұлға оларды берген кезден бастап құпиялылықтың сақталуы міндетті.

4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

 

14-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу

1. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

2. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік құпияларға жатқызылған және құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлінеді.

3. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияларға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасынасәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды құпиялыққа жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Мыналарды:

1) мемлекеттік құпиялардан тұратын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді;

2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, азаматтардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ауа райы, санитарлық-эпидемиологиялық, өзге де жағдайлар туралы мәліметтерді;

3) мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми мәліметтерді;

4) мемлекеттік органдардың, кітапханалардың, мұрағаттар мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерінде жинақталған мәліметтерді қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді шектеуге болмайды.

 

4-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ

 

15-бап. Ақпараттық жүйелердің түрлері

1. Ақпараттық жүйелер меншік құқығына қарай:

1) мемлекеттік;

2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.

2. Ақпараттық жүйелер қолжетімділік санатына қарай:

1) жалпыға ортақ қолжетімді;

2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.

3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпараттық жүйелер мемлекеттік болып табылады.

Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады.

4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады.

5. Олардың меншік иесі немесе иеленушісі оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

 

16-бап. Меншік құқығының объектісі ретіндегі ақпараттық жүйелер

1. Ақпараттық жүйенің меншік иесінің ақпараттық жүйеге тұтас мүлік кешені ретінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады.

2. Техникалық құралдардың, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері әртүрлі тұлғалар болған жағдайда, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы тұлғалар арасында келісіммен айқындалады.

3. Егер электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, ақпараттық жүйенің меншік иесі электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және таратуға тыйым салуға немесе оған шек қоюға құқылы.

 

17-бап. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, қол жеткізу және пайдалану

1. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен ұйымдарда электрондық қызметтер көрсету, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, қызметті үйлестіру және басқару процестерін оңтайландыру мақсатында құрылады.

2. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрылады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және оларды іске асыру тәртібі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жүзеге асырады.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануға беру оның ақпараттық қауіпсіздікталаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттаудың нәтижелері бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдеріне, бағдарламалық кодтарына сынақтардың және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптаманың оң нәтижесі болған кезде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік ақпараттық жүйеге қол жеткізу мемлекеттік ақпараттық жүйенің иеленушісі әзірлейтін ережелермен айқындалады.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен5-тармақпен толықтырылды

5. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер қазақ және орыс тілдерінде жасалады және сақталады. Осы жүйелердегі қазақ тіліндегі ақпараттың көлемі орыс тіліндегі ақпараттың көлемінен кем болмауға тиіс.

 

18-бап. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құру, қол жеткізу және пайдалану

1. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру, ақпараттық жұмыстарды орындау және электрондық қызметтер көрсету мақсатында жеке және заңды тұлғалар құрады.

2. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге қол жеткізу және оны пайдалану тәртібін оның меншік иесі немесе иеленушісі айқындайды.

 

19-бап. Ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы

1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері және (немесе) иеленушілері Қазақстан Республикасында деректер берудің стандарттық хаттамаларын пайдалану негізінде әр түрлі ақпараттық жүйелер арасында ақпарат алмасуды және деректер беруді ұйымдастыру үшін желіаралық қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жедел-іздестіру қызметі Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасынасәйкес жүзеге асырылады.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен3-тармақпен толықтырылды

3. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауға жатады.

 

20-бап. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және резервтік көшіру құралдарына қойылатын міндетті талаптар

1. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдар техникалық реттеу саласындағы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

2. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды мемлекеттік ақпараттық жүйелерді иеленушілер қамтамасыз етеді, олар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуына, жоғалуына, бұрмалануына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады, ал қажет болған жағдайда оларды қалпына келтіруді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік ақпараттық жүйедегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындау мемлекеттік ақпараттық жүйелерді иеленушілер үшін міндетті болып табылады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын резервтік көшірмені дайындау және оны сақтау тәсілі келесі резервтік көшірмені дайындаған кезге дейін электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

 

21-бап. Ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану

1. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы мен ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

2. Ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып халықаралық ақпарат алмасу Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен3-тармақпен толықтырылды

3. Сот ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша таратылатын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келеді деп таныған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, байланыс операторлары, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралы өнімінің Қазақстан Республикасының аумағында таратылуын не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын тоқтата тұруға не тоқтатуға міндетті.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен4-тармақпен толықтырылды

4. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы сот шешімі үш айдан аспайтын мерзімге сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендік атауды пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.

Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы сот шешімі домендік атаудың тіркелуінің күшін жоюға және тіркелуінің сот шешімімен бұрын күші жойылған сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендік атауды бір жыл бойы пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.

 

 

5-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ, АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, ТІРКЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ АУДИТІ

 

22-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді құжаттандыру

Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді құжаттандыруды Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбатуралы заңнамасында белгіленген іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес меншік иесі және (немесе) иеленушісі жүзеге асырады.

 

23-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу

1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу:

1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер

туралы мәліметтерді жүйелеу;

2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміндегі мәліметтер туралы хабардар ету;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету;

4) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді интеграциялауды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасу үшін ақпараттар ұсыну мақсатында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелер осы Заңда белгіленген тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде міндетті есепке алынуға жатады.

Бұл талапты сақтамау мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен жасалған мәмілелердің жарамсыз болуына әкеп соқтырады.

3. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді есепке алу осы Заңда белгіленген тәртіппен ерікті негізде жүзеге асырылады.

4. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде олардың меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген тәртіппен оларды сақтау және пайдалану шарттары сақтала отырып тіркелуге жатады.

5. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

6. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті органға ол бекіткен нысандар бойынша жіберетін электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтінімінің негізінде жүзеге асырылады.

7. Тіркеуден өту кезінде электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті органға электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі қол қойған және куәландырған, тіркеу өтінімінің түпнұсқасы мен қағаз және электрондық жеткізгіштегі тиісті көшірмелерді ұсынады.

8. Уәкілетті орган тіркеу өтінімдерін алған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыс толтырылуын тексереді.

9. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделген жағдайда уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің тіркелуін бес жұмыс күні ішінде жүргізеді және тіркеу нөмірін меншіктеп береді.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Уәкілетті орган тіркелген кезден бастап электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне мәліметтерді енгізу үшін тіркеу өтінімдерінің көшірмелерін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымға үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы тиісті мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде енгізеді.

12. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер тіркелген кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде тіркеу туралы куәлікті береді.

13. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделмеген жағдайда уәкілетті орган оларды алған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде осы тіркеу өтінімдерін қайтару себептерін көрсете отырып, электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесіне немесе иеленушісіне қайтарады.

14. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі қайтарылған тіркеу өтінімдерін алған кезден бастап ескертпелерді түзейді және оларды уәкілетті органға тіркеу үшін қайтадан енгізеді.

15. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің тіркеу өтінішін қайта қарау осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінен немесе иеленушісінен электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу кезінде тіркеу деректерінің құрамын немесе мазмұнын нақтылау үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпарат сұрата алады.

17. Тіркеу үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы сауалды алған кезде, электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі тиісті сауалды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жан-жақты жауапты ұсынады.

 

24-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінжүргізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді, кейіннен осы мәліметтерді жаңарта отырып енгізуді қамтиды.

3. Тіркелген электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі жыл сайын 30 наурыздан кешіктірмей, уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жаңартылғаны туралы не жаңартудың жоқтығы туралы, не пайдаланудың тоқтатылу себебін дәлелді түрде жаза отырып пайдалану тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға хабарлама береді.

4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәліметтерді енгізу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу үшін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

5. Жаңартылған өтінім немесе электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарлама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган оның меншік иесі немесе иеленушісіне мәліметтерді жаңарту қажеттігі туралы тиісті ресми сауал жібереді.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені тіркеу туралы куәлікті кері қайтарып алуды жүзеге асырады және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне тиісті өзгерістер енгізуді он күн мерзімде қамтамасыз етеді.

7. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміндегі мәліметтер, қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстары жоқ бөлігінде, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және Интернет желісінде орналастырылуға тиіс.

 

25-бап. Депозитке беру және депозитарийді жүргізу

1. Депозитарийдегі ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерінің, бағдарламалық кодтарының және нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын сақтау оларды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, меншік иесі немесе иеленушісі сатып алған бағдарламалық өнімді жоғалтқан жағдайда оны ауыстыруды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды бағдарламалық өнімдер мен оларды әзірлеушілер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы жинау, жүйелеу, жинақтау мен сақтау және Қазақстан Республикасының бағдарламалық өнімдерінің тізілімін жүргізу депозитарийдің негізгі міндеттері болып табылады.

3. Қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийде міндетті түрде мемлекеттік есепке алынуға, тіркелуге және сақталуға тиіс.

4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелген бағдарламалық өнімдер міндетті түрде депозитке берілуге тиіс.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Депозитарийдің қалыптастырылуы мен жүргізілуін, сондай-ақ бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым бағдарламалық өнімнің меншік иесінің өтінімі бойынша депозитарийді жүргізген кезде бағдарламалық өнімнің көшірмелерін:

1) депозитке берілген дананың электрондық жеткізушісінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда бағдарламалық өнімді мұрағаттау немесе оның сақталуын қамтамасыз ету;

2) бағдарламалық өнім жоғалған, жойылған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда бағдарламалық өнімнің түпнұсқасын ауыстыру үшін дайындауы мүмкін.

7. Уәкілетті орган депозитарийдің жүргізілуін тексеруді жылына кемінде бір рет жүзеге асырады.

8. Ақпараттық жүйе, бағдарламалық өнім, бағдарламалық код және нормативтік-техникалық құжаттама депозитке берілуге тиіс.

9. Ақпараттық жүйе:

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) авторлық құқықтармен қорғалғандарынан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2)  ақпараттық жүйелердің инсталляциялық пакеті;

3) қажет болған жағдайда меншік иесі немесе иеленушісі айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;

4) ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасы;

5) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттық жүйенің ерекшелігі, сипаттамасы, сынақ бағдарламасы мен әдістемесі, пайдалану құжаттамасы;

6) меншік иесінің немесе иеленушісінің қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар құрамында депозитке берілуге тиіс.

10. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құруға арналған ақпараттандыру саласындағы тұжырымдамалар, бағдарламалар, нормативтік-техникалық құжаттама уәкілетті органның салалық бағалауымен бірге депозитарийге беріледі.

 

26-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау

1. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасынасәйкес жүзеге асырылады.

2. Сәйкестігі міндетті растауға жататын ақпараттандыру саласындағы өнім ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттермен айқындалады.

3. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде халықаралық шарттарға сәйкес деп танылған жағдайда, оның Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп есептеледі.

 

27-бап. Ақпараттық жүйелердің аудиті

1. Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану кезеңінде осы жүйелердің меншік иелерінің және (немесе) иеленушілерінің бастамасы бойынша ақпараттық жүйелердің аудиті жүргізілуі мүмкін.

2. Құпиялы мәліметтерді беру шарттары аудит жүргізуге арналған шартта айқындалады.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу жөніндегі шығыстарды ақпараттық жүйенің меншік иесі және (немесе) иемденушісі мен әзірлеушісі арасындағы келісілген шешім бойынша айқындалған тарап көтереді.

4. Аудитті жүргізуді ақпараттық технологиялар саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар адамдар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппенжүзеге асырады.

 

 

6-тарау. «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» АЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ ТӘРТІБІ

 

28-бап. «Электрондық үкіметті» қалыптастыру шарттары

Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастыру:

1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде «электрондық үкіметті» іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдармен келісілген шешімдер қабылдау;

2) тармақша 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік органдарда ақпараттандыру жөніндегі бөлімшелер құру. Мемлекеттік органдар осындай бөлімшелер болмаған жағдайда ұлттық операторға тиісті инфрақұрылымды құру және дамыту кезінде ақпараттандыру саласында ұлттық оператордың шарттық негізде қызметтер көрсетуі туралы ұсыныстарымен жүгінуге құқылы;

3) уәкілетті орган жанынан мемлекеттік органдардың ақпараттық қызмет жетекшілерінің кеңесін құру;

4) ұлттық оператордың «электрондық үкіметтің» базалық құрамдас бөліктерін техникалық сүйемелдеуі сияқты шарттар орындалған жағдайда жүзеге асырылады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен29-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

29-бап. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету

1. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері электрондық мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетеді.

Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету олардың көрсетілу түрлері бойынша - ақпараттық, интерактивтік және транзакциялықболып, автоматтандыру дәрежесі бойынша толық автоматтандырылған және ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді. Қызмет көрсету үдерісінде қағаздағы құжат айналымын болғызбайтын электрондық мемлекеттік қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Қызмет көрсету үдерісінде қағаздағы және электрондық құжат айналымының кезектілігін қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

2. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету осы Заңға, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенті мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеуге және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет тәртібін айқындауға тиіс. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін құзыретіне электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету кіретін мемлекеттік органдар уәкілетті органның келісімімен бекітеді.

3. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді алуға өтініші пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сауал салуы негізінде жүзеге асырылады.

4. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушылардан анықтамалар және мемлекеттік электрондық ресурстардан алуға болатын өзге де ақпаратты талап етуге жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мәліметтер алады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету барысында алынған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. Электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

 

30-бап. «Электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерінің түрлері

1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері олардың мақсаты мен тәртібіне қарай ведомстволық және ведомствоаралық болып бөлінеді.

2. «Электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстарын толықтыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйелер ведомстволық ақпараттық жүйелер болып табылады.

3. «Электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелері өзара іс-қимыл жасайтын ведомстволық ақпараттық жүйелер болып табылады.

 

31-бап. «Электрондық үкіметтің» базалық құрамдас бөліктері

«Электрондық үкімет» инфрақұрылымының жұмыс істеуі базалық құрамдас бөліктерді құруға негізделеді және оларға:

1) электрондық қызметтер көрсету арқылы ведомстволық ақпараттық жүйелермен интеграцияланған «электрондық үкіметтің» веб-порталы және шлюзі;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі;

3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы;

4) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері;

5) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) ашық кілттердің инфрақұрылымы;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен7) тармақшамен толықтырылды

7) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі жатады.

 

32-бап. «Электрондық үкіметті» қалыптастыру кезіндегі базалық құрамдас бөліктер мен ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы

1. «Электрондық үкіметтің» ведомствоаралық және ведомстволық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылының тәртібі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

2. «Электрондық үкіметті» қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар беретін электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі уәкілетті органмен келісіледі.

3. Мемлекеттік органдар ведомстволық ақпараттық жүйелердің электрондық ақпараттық ресурстарының жұмыс істеуі мен қорғалуын қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік органдар «электрондық үкіметтің» электрондық қызметтер көрсетуі ретінде берілетін ведомстволық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және олардың өзектілігін (жаңаруын) қамтамасыз етеді.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен5-тармақпен толықтырылды

5. Мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері ведомстволық желілерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етеді.

 

33-бап. «Электрондық үкіметтің» мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізу

«Электрондық үкіметтің» мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізу осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

7-тарау. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ

 

34-бап. Ақпаратты алу және тарату құқығы

1. Жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстары бар ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен және шарттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалардың сауалы бойынша оларды қызықтыратын ақпаратты ұсынуға міндетті.

2. Жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстардағы ақпаратты беруден негізсіз бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.

 

35-бап. Сауал негізінде электрондық ақпараттықресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету

1. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мынадай тәсілдердің бірімен:

1) электрондық почтаны пайдалана отырып немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында сауалды беру жолымен;

2) пайдаланушының жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық ресурстарға тікелей өтінімі арқылы ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне сауалды жіберу жолымен жүзеге асырылады.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберілген сауал, қағаз жүзінде жіберілген және сауалды жіберген тұлғаның түпнұсқа қолы қойылған сауалға теңестіріледі. Мұндай сауалдар ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген іс қағаздарын жүргізу ережелеріне сәйкес тіркеуге жатады.

 

36-бап. Сауалға қойылатын талаптар

1. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге рұқсат алуға арналған сауалда мынадай мәліметтер:

1) ақпаратты сұратқан тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты;

2) заңды тұлға атынан сауалмен жүгінген кезде - заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгінген тұлғаның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;

3) сауалмен жүгінген адамның байланыс деректері (почталық мекенжайы немесе электрондық почта мекенжайы, не телефонның немесе телефакстің нөмірі), олар арқылы ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе оны иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстарды беруі немесе ақпаратты сұратқан тұлғамен байланысуы мүмкін;

4) сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе оған белгілі құжаттың деректемелері;

5) сауалды орындау үшін қажетті өзге де мәліметтер;

6) сауалды орындаудың тілекке сай тәсілі көрсетіледі.

2. Егер тұлға электрондық ақпараттық ресурстарды өзі туралы не заңды тұлғаның атынан сол заңды тұлға туралы электрондық ақпараттық ресурстарды беру туралы сұратса, онда ол сауалда өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін және (немесе) оған қатысты сауал жіберілген заңды тұлғада атқаратын лауазымын көрсетуге міндетті.

 

37-бап. Сауалды орындау мерзімдері

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сауал түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.

2. Осы Заңда белгіленген қарау мерзімдері сауал тіркелгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

3. Егер ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне сауалдың мәнін нақтылау қажет болса немесе егер сұратылған электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну үшін қосымша уақыт талап етілетін болса, онда ол сауалды орындау мерзімін он бес жұмыс күніне дейін ұзарта алады. Бұл ретте ол дәлелдерін көрсете отырып, мерзімінің ұзартылатыны туралы сұрау салған адамды бес жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

 

38-бап. Сауалды орындалды деп тану

Электрондық ақпараттық ресурстарды беру туралы сауал, егер:

1) электрондық ақпараттық ресурс осы Заңда көзделген тәсілмен сұратушы тұлғаға берілсе;

2) сауал қажеттігіне қарай берілсе және бұл туралы электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлғаға хабарланса;

3) сауал жіберілген тұлғаға ашық көздерде жарияланған ақпаратпен танысу мүмкіндігі түсіндірілсе, орындалды деп есептеледі.

 

39-бап. Ашық көздерде жарияланған ақпарат туралы хабарлама

Егер сұратылған электрондық ақпараттық ресурстар ашық көздерде жарияланса, онда ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі сұратылған электрондық ақпараттық ресурсты бермей, сұратылған электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәсілдері мен орны туралы мәліметтерді оған бір мезгілде жібере отырып, сауал жіберген тұлғаны бұл туралы бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге құқылы.

 

40-бап. Сауалды орындаудан бас тарту

1. Егер:

1) сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеулер болғанда және сауал жіберген тұлғаның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығы болмаса;

2) сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және кімнің иелігінде екені оған белгісіз болса;

3) сауалдың мәнін нақтылау кезінде сұрау салушы тұлғаның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтінім жасағанын анықтау мүмкін болмағанда;

4) электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлға сауалды орындау шығыстарын төлемесе, егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе;

5) сауал осы Заңның 36-бабындабелгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі сауалды орындаудан бас тартады.

2. Ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі сұрау салған тұлғаны осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша сауалды орындаудан бас тартатыны туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

 

8-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ

 

41-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың мақсаттары

1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау:

1) электрондық-ақпараттық ресурстардың тұтастығын және

сақталуын қамтамасыз ету, оларды рұқсатсыз өзгертуге немесе жоюға жол бермеу;

2) қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын сақтау;

3) электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын іске асыру;

4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу және оларды беру құралдарына рұқсатсыз ықпал етуге жол бермеу мақсатында құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларды қабылдауды білдіреді.

2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау:

1) электрондық ақпараттық ресурстарды құрсаулау, яғни ақпараттық жүйеге және ол ұсынатын электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті шектеуге немесе жабуға әкелетін іс-қимылдар жасау;

2) электрондық ақпараттық ресурстарды түрлендіру, яғни бағдарламаға, деректер қорына, материалдық жеткізушідегі мәтіндік ақпаратқа өзгерістер енгізу;

3) электрондық ақпараттық ресурсты көшіру, яғни ақпаратты басқа материалдық жеткізушіге ауыстыру;

4) құқық иесінің рұқсатынсыз бағдарламалық өнімдерді пайдалану;

5) ақпараттық жүйелердің және (немесе) бағдарламалық өнімдердің жұмысын бұзу, не ақпараттық-коммуникациялық желінің жұмыс істеуін бұзу жөнінде рұқсатсыз іс-қимылдарды болғызбауға бағытталған.

 

42-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды ұйымдастыру

1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды:

1) жалпыға бірдей қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - электрондық ақпараттық ресурстарды тарататын тұлға;

2) қолжетімділігі заңмен шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - осындай электрондық ақпараттық ресурстары бар ақпараттық жүйенің меншік иесі, иеленушісі немесе ұлттық операторы;

3) қолжетімділігін олардың меншік иесі немесе иеленушісі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі ұйымдастырады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар:

1) электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбауды;

2) егер мұндай рұқсатсыз қол жеткізуді болғызбау мүмкін болмаса, электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;

3) ақпаратқа қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарын барынша азайтуды;

4) электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу мен беру құралдарына ықпалды болғызбауды;

5) рұқсатсыз қол жеткізу салдарынан өзгертілген не жойылған электрондық ақпараттық ресурстарды жедел қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.

 

43-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау шаралары

1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық шараларына электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесінің немесе иеленушісінің ақпаратты пайдаланушылармен жасасқан шарттары жатады, оларда белгілі бір электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу шарттары және электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мен оларды пайдалану талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді.

2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастыру шараларына ақпаратқа (ақпаратты материалдық жеткізушілерге) қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (үй-жайға) кірудің ерекше режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді тұлғалар тобы мен ақпараттың сипаты бойынша шектеу жатады.

3. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына ақпараттық жүйелерді табиғи қорғау, ақпаратты қорғау құралдарын, оның ішінде криптографиялық құралдарды пайдалану, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді бақылау және қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйелерін табиғи қорғау жөніндегі шаралар жатады.

4. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірмеуге немесе қауіп төндірмеуге тиіс.

 

44-бап. Дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау

1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері оларды жария етуден қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті. Мұндай міндет дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған кезден бастап және олардың жойылуына не мәнінің жойылуына дейін немесе осы деректер қатысты болатын тұлғадан оларды жариялауға келісім алғанға дейін туындайды.

2. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды одан әрі беруге оларға қатысты тұлғаның келісімімен ғана немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де негіздер бойынша рұқсат етіледі.

 

9-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

45-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

46-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 28-бабының 2) тармақшасынқоспағанда, ресми жарияланғанкүнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Ақпараттандыру туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 52-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., 3, 22-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 11-і.

№ 217-III ҚРЗ