kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«"Жас Дарын" мектеп-лицейі 2024-2025 оқу жылына 5-сыныпқа әлеуметтік топтағы балаларды қосымша қабылдау»
09-02-2024 11:44

"Жас Дарын" мектеп-лицейі 2024-2025 оқу жылына 5-сыныпқа әлеуметтік топтағы балаларды қабылдау

Ата—аналар мен оқушылардың назарына!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы  5 тамыздағы №350 -бұйрығының 18-1- тармағына сәйкес «Жас дарын» мектеп-лицейі 2024-2025 оқу жылына 5- сыныпқа қосымша келесі әлеуметтік топтардан шыққан балалар арасында қабылдау жариялайды:
 
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
2) ата-аналарының біреуі I топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
3) мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
5) отбасыларда тұратын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
6) төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
7) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының балалары;
8) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары.
Аталған әлеуметтік топтардан шыққаны туралы дәлелдеме анықтамаларды Астана көшесі, 125 мекенжайы бойынша техникалық хатшыға көрсетіп, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтына келесі құжаттармен тіркеледі:
1) Өтініш
2) Туу туралы куәлік, ЖСН
3)Оқу орнынан  фотосуреті бар анықтама
4) 3×4 көлеміндегі 2 фотосурет.
 
Байланыс телефоны:️ 618132