kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
27-02-2013 09:58

  Павлодар облысы әкімдігінің
 2014 жылғы "26"маусымдағы  
                                     № 225/6 қаулысымен  бекітілді

 

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына
денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті"

   1. Жалпы ережелер

      1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
     2.Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
     3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет тәртібін сипаттау

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымда № 633 қаулысымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (одан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың қоса берілуімен көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеті) мазмұны, ұзақтығы мен оны орындау реттілігі, соның ішінде рәсімдердің (әрекеттердің) өту кезеңі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттардың көшірмелерімен көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен салыстырады және құжаттарды қабылдау туралы қолхат бере отыра, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді (15 минуттан аспайды);
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бұйрық жобасын ресімдейді, басшыға қарауға және қол қоюға жібереді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрық жобасын қарайды, қол қояды және кеңсеге жібереді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бұйрықты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді (15 минуттан аспайды).
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 1 жұмыс күні.
      3. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін сипаттау

      1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлер) тізімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      2. Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес кестемен және 2-қосымшасына сәйкес блок-сызбамен қоса беріледі.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (әрекеттерінің) өзара іс-қимылдар реттілігін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес бизнес-процесс анықтамалығында көрсетіледі.

   4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет тәртібін және басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

 

      1. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 

  "Бастауыш, негізгі орта,
 жалпы орта білім беру 
 ұйымдарына денсаулығына 
 байланысты ұзақ уақыт  
 бойы бара алмайтын    
 балаларды үйде жеке   
 тегін оқытуды ұйымдастыру
 үшін құжаттарды қабылдау"
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне   
 1-қосымша         

   Құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы әрекеттердің реттілігін сипаттау

 

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының) әрекеті

1.

Әрекеттің (жұмыс барысының) №

1

2

3

4

5

2.

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3.

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оны сипаттау

Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады

Қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысың анықтайды

Бұйрық жобасын ресімдейді

Бұйрық жобасын қарайды және қол қояды

Бұйрықты тіркейді

4.

Аяқталу нысаны

Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін беру

Бұрыштама

Бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға және қол қоюға жіберу

Бұйрық

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру

 

 

Орындау мерзімдері

15 минуттан аспайды

1 жұмыс күні

               

 

 

 

  "Бастауыш, негізгі орта,
 жалпы орта білім беру 
 ұйымдарына денсаулығына 
 байланысты ұзақ уақыт  
 бойы бара алмайтын    
 балаларды үйде жеке   
 тегін оқытуды ұйымдастыру
 үшін құжаттарды қабылдау"
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне   
 2-қосымша         

 

   Әрбір рәсімнің (әрекеттің) өту кезеңнің блок-сызбасы

 

 

 

 

 

  "Бастауыш, негізгі орта,
 жалпы орта білім беру 
 ұйымдарына денсаулығына 
 байланысты ұзақ уақыт  
 бойы бара алмайтын    
 балаларды үйде жеке   
 тегін оқытуды ұйымдастыру
 үшін құжаттарды қабылдау"
 мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне   
 3-қосымша         

 

   Мемлекеттік қызметті көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы