kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«"Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындау жолдары"»
26-01-2022 17:14

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі жанындағы физика және математика пәндерінен «Creativ lab» үздіксіз білім беру орталығының жоспары бойынша математика пәнінің мұғалімі - Гульназы Нигметовна облысымыздың мұғалімдерімен өз шеберлігімен бөлісу мақсатында "Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындау жолдары" атты семинар өткізді. Семинарға облыс көлемінде 100 педагог қатысты. Кездесу барысында оқушылардың математикалық сауатты болуының маңызы айқындалып, осы дағдыны математика сабағы кезінде 5-11 сынып оқушыларының бойында дамыту үшін арналған есептер көрсетілді.