««DARYN ECOART» сурет және көркем қолөнер республикалық экологиялық конкурс»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 1-6 сынып оқушыларына «DARYNECOART» республикалық сурет және көркем қолөнер экологиялық конкурсын өткізді.
Конкурс екі бағытта өтті:
- туған өлкенің пейзажы мен табиғаты тақырыбында үздік сурет конкурсы;
- қайта өңделген материалдар мен қалдықтардан және т.б. жасалған ең үздік көркем қолөнер конкурсы.
Конкурстың облыстық кезеңінде 5 сынып оқушысы Балтабек Нұрхан мен 6 сынып оқушысы Жақсылық Айша 2-орын жүлделі орынға /мұғалім Арапбай Ш./ иеленді, 6 сынып оқушысы Сейітқазы Аружан /мұғалім Тологони Қ.Т./ жеңімпаз атанды. Аружанның «Хакім ата» тақырыбындағы тоқыма-иірім жұмысы республика деңгейінде III дәрежелі дипломы мен арнайы сыйлықпен бағаланды.