Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында2021 жылғы 20-25 қаңтардың аралығында Павлодар облысы Білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп 9-11 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсын қашықтық форматта өткізді.
Байқауға қатысушылар экология және табиғатты қорғау мәселелеріне арналған жұмыстарды келесі тақырыптар бойынша ұсынды:
- елімізде және менің елді мекенімде табиғатты қорғау;
- менің экологиялық іс-шараларға қатысуым;
- біздің өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары.
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы Нұрхиса ФаридаІІІ /мұғалім Қисап А.С./ дәрежелі дипломы менсыйлықпен марапатталды.