««І ОБЛЫСТЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ОЛИМПИАДА»»
Павлодар облысы білім беру басқарма басшысының бастамасымен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2020-2021 оқу жылы жаңа инновациялық жоба – 8-11 сынып оқушыларына арналған І облыстық гуманитарлық олимпиадасын өткізді.
Аталмыш зияткерлік шара – Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті пәндері бойынша мектеп бағдарламасына енгізілмеген көркем әдебиет туындыларын зерделеуге бағытталған пәнаралық олимпиада.
Мамандандырылған және Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мектептері арасында «Жас дарын» мамандандырылған мектебінен 8 - сынып оқушысы Қапен Жамиля, 9- сынып оқушысы Қабылбек Арай, 10- сынып оқушысы Ахмади Мағжан жүлделі ІІІ орынға иеленді.