«« 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА»»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 23 желтоқсанда онлайн режимде математика, Қазақстан тарихы, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.
Ағылшын тілі пәнінен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 5 сынып оқушысы Қазден АрманІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.