kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ»
12-02-2021 20:14
ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ

2021 жылғы 13-15  қаңтарда  жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасы Google meet платформасында  өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден олимпиадалық қорын қалыптастыру. 

«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің  10 оқушысы жоғары нәтижеге қол жеткізді, олардың арасында 1 орын -1, 2 орын – 6, 3 орын- 3 оқушыда:  

-химия пәнінен  7 сынып оқушысы Айдарбеков Ансар 1 орын (мұғ.Абдрахманова Ф.Е.), 8 сынып оқушысы Дүйсен Адият (мұғ.Қалым Г.М. ) және   7 сынып оқушысы Құдайбердінова Айым 2орын (мұғ.Алибеков М.С. );   

-физика пәнінен 8 сынып оқушысы Сейтбек Бакытгүл ( мұғ.Смагулов К.Т. ) және 7 сынып оқушылары Ғаллам Әділбек 2 орын, Сәкен Нұрәлі 3 орын (мұғ. Мальчибаева А.М.);

-математика пәнінен 8 сынып оқушылары Тюлегенов Аслан 2 орын, Армиш  Мадияр 3 орын (мұғ.Кожагельдинова Г.Н. );

-география пәнінен 8 сынып оқушысы Сәкен  Ахмедияр 3 орын (мұғ.Кайдарова Л.С.)