kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
««ECOSTANҒА САЯХАТ» республикалық экологиялық конкурсы»
07-12-2020 13:12

Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 2020 жылғы 12 қарашада  7-11 сынып оқушылары арасында «ECOSTAN-ға САЯХАТ»  облыстық экологиялық конкурс қашықтық форматта өтті. Конкурс екі бағыттан болды:

1-бағыт:ең үздік натуралистік фоторепортаж (7-8 сыныптар). Табиғатты құрметтеуге, қоршаған әлемді және өсімдіктер мен жануарларды танып білуге бағытталған тақырыптарда фотосерия.

1) «Менің кіші Отанымның жабайы табиғаты»

- пейзаж (аймағыңыздағы жабайы табиғат көрінісін түсіру);

- панорама (ландшафттық фотокескін жасау);

2) «Экология және адам»

- табиғат пен адам (табиғат пен адамның үндестігі);

3) «Мені қоршаған әлем!»

- өсімдіктер мен жануарлар (макрофотосуреттерді қоса алғанда, табиғи тіршілік ету ортасындағы өсімдіктер мен жануарлардың фотосуреттері),

- этюд(жабайы табиғаттың кішігірім аймақтарын - шабындықты, ағашты, тасты және т.б. түсіру);

2-бағыт:ең үздік экологиялық бейнебаян (9-12 сыныптар). Экология тақырыбына арналған, өз аймағының, туған жерінің қоршаған ортасындағы проблемалар туралы қысқаша бейнефильм.

 

1) «Eco-Nazar: біздің қасымыздағы экологиялық проблема»;

Осы номинациядағы жұмыстар туған жердің экологиялық проблемаларының тереңдігін, оларды байқап үйрену қажеттілігі туралы түсінуге көмектеседі. Мұндай мәселелерге көз жұмбай, адамның салауатты өмірін бұзатын барлық нәрсені бейнетаспаға түсіру үшін құрылғының немесе смартфон камерасын әзір ұстаңыз. Себебі көп нәрсені түзетуге әлі де кеш емес.

2) «Адам және жануарлар әлемі: келісім мен үйлесімдегі өмір»;

Жануарлармен қарым-қатынас жасай отырып, адам өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсете алады, өйткені адам бойындағы жанашырлық пен мейірімділік қасиеттер жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне таралуы шарт. Мейірімділік, жауапкершілік, өз парызын сезіну, өмірдің әр сәтінен ләззат ала білу, табиғатпен бірігу және жануарларға жанасудан алған қуанышы - осының бәрі біздің барлық эмоцияларымыз бен көңіл-күйлерімізді таспаға басып алуға шабыт береді.

3) «Ғаламшарға өмір сыйла!»;

Адамның басты байлығы Жер екендігі туралы біз қаншалықты жиі ойлаймыз? Біздің планетаның кез-келген бұрышы таңғажайып және қайталанбас. Табиғат өмірінің де әр сәті тым ерекше. Жапырақтың жел ескендегі сыбдыры, көбелек қанаттарының түрлі-түсті реңктері. Осындай нығметтерді әрбір томардың түбінен, әр бұлақтың жағасынан байқауымызға да болады. Мұның бәрі сіздің «экологиялық» әсеріңіз бен Жер бетіндегі өмірдің ғажайып сезімін бейнеге түсіріп алуға тамаша себеп бола алады! 

Конкурсқа екі бағыт бойынша 7 оқушы қатысты :ең үздік натуралистік фоторепортажға4 оқушы ұсыныс жасады, ең үздік экологиялық бейнебаянға 3 оқушы ұсыныс жасады.

Облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша 10-«А» сынып оқушысы Кенжебек Әлфараби «Ең үздік экологиялық бейнебаян» бағытында I орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды (жетекшісі Баянова С.Е.). Сонымен қатар  8-сынып оқушысы Шай-Ахмет Ғанибек, 9-сынып оқушысы Дүйсекен Арайлым III жүлделі орындарды иеленді.

 
 

Желтоқсан айында өткен Республикалық кезеңде  200-ден астам қатысушылардың арасынан суырылып алға шыққан Кенжебек Ә. «Eco-Nazar: біздің қасымыздағы экологиялық проблема» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды. Бейнебаянды түсіруге атсалысқан жас мамандар Ш.Ж.Арапбай, Ш.М. Молдасапарға, сонымен қатар Ертіс өзеніне тазалау жұмыстарын жүргізген 10- «Ә» сыныбы.