««Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІI республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі»
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында 2020 жылғы 20 қазан күні «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІI республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі онлайн режимде өткізілді.
«Менің туған өлкем» (эссе жазу) номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің 9 - сынып оқушысы Қабылбек Арай марапатталды.
Жеңімпаздар облыс атынан ағымдағы жылдың 3-5 қараша күндері өткізілетін сайыстың республикалық кезеңіне қатысады.