kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«5-8 сынып оқушыларына арналған С.Т. Хасанова атындағы «Математикалық АБАКА» олимпиадасы »
11-11-2020 19:48

«Мектеп пәндері әлемінде» мектепшілік пәндер  олимпиадасы аясында 5-8 сынып оқушыларына арналған С.Т. Хасанова атындағы «Математикалық АБАКА» олимпиадасы өтті.

Олимпиада мақсаты  математикадан қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтау, облыстық олимпиадалық құрама командасын қалыптастыруына қолдау көрсету, математика ғылымына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту.

         Олимпиада 2 кезеңде өткізілді. Олимпиадаға барлығы 64 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша  5 және 8 сынып оқушылары жақсы нәтижеге жетті. Командалық есепте жүлделі орындар келесідей бөлінді: 5-6 сыныптар арасында  ең жоғары балл жинаған 5М сынып бірінші командасы  «Гран-при» және  ауспалы кубогымен марапатталды. Командалар  жүлделі орындар төмендегідей  таратылды :  І орын – 5м екінші командасы ,  ІІ және ІІІ орындар 5д сынып оқушыларында. 7-8 сыныптар   арасында  ең жоғары көрсеткіш  І орын – 8г сыныпта, ІІ және ІІІ орындар 8м  сынып командаларында.

Жекелей турда 24 жеңімпаз анықталды, оның ішінде 6 қатысушы- І дәрежелі дипломмен, 6 қатысушы -ІІ дәрежелі дипломмен, 11 қатысушы -ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

 8 «М» сынып оқушысы Жанахметов Ансарға «Үздік жеңімпаз» атағы берілді.

Құттықтаймыз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары деңгейдегі зияткерлік сайыстарда көруге тілектеспіз!