2020 жылдың ақпан айының 9-16 аралығында Алматы қаласында Республикалық ғылыми жобалар конкурсына облыстық құрама командасымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінен 8 оқушы қатысты. Мектептің жүлделі қоры 7 медальмен толықтырылды. Биология секциясында ІІ орынмен 11-сынып оқушысы Шарипов Ч. марапатталды (жетекшісі биология пән мұғалімі Қисап А.С.). 3 командалық жоба ІІІ жүлделі орынға иеленді: экономика секциясында 11-сынып оқушылары Рахимжанова Б., Сыпатаев А. (жетекшісі география пән мұғалімі Кайдарова Л.С.), өлкетану секциясында Амангельдинова А., Жумабекова З. (жетекшісі география пән мұғалімі Кайдарова Л.С.), тіл білімі - ағылшын тілі секциясында 10-сынып оқушылары Шакарова Д., Мұрат Д. (жетекшісі ағылшын тілі мұғалімі Казангапов А.К.).
Құттықтаймыз ! Жаңа жеңістер мен жетістіктер мол болсын !!!