kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Мектепшілік қамқоршылық кеңес отырысының №2 хаттамасы»
26-06-2020 14:47

Күні: 14.09.2019ж

 

Күн тәртібінде:

1. Ата – аналар комитетінің  І жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарын бекіту.

                                                                

2.Әлеуметтік педагогтың сараптамасы бойынша анықталған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мәселелер.

3.«Қамқорлық» айлығының шеңберінде пед.ұжымның тарапынан ыстық тамақпен  отбасы жағдайы төмен оқушыларды өз қамқорлығына алу мақсатында жиналған қаражатты үлестіру туралы.

 

                                                                      

Отырысқа мектеп Жанғазы Гүлнар Садыққызы мен қамқорлық кеңесінің төрайымы Исамбаева Г. Г.көмекшісі есепшісі  Нурмаканова А.М. мектептің әлеуметтік педагогы Гарифуллина С.Г. және мектеп директорының тәрбие жөніндегі меңгерушісі Кайдарова Л.С. қатысты.

1. Күн тәртібіндегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Кайдарова қамқорлық кеңесінің I жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын 4 бағыт бойынша бекітуін ұсынды:

-  оқушылар дарындылығын қолдау және дамыту;

- көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларды қолдау;

- мектептің МТБ нығайту;

- көпшілікті мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыру.

1 сұрақ бойынша мектеп директоры Жанғазы Гүлнар Садыққызы I жарты жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу жөнінде келесі ұсыныстар берді:

Оқушылар дарындылығын қолдау және дамыту мақсатында:

 а) олимпиадалық резерв мектебі тарапынан демалыс уақытында ұйымдастырылған оқу-жаттығу лагерлеріне оқушыларды жіберуде (жолдамалар) көмек көрсету;

 ә) интеллектуалды сайыстар, олимпиадалар және ҒЖЖ-да жеңіске жеткен оқушыларды марапаттау.

Сонымен қатар  әлеуметтік педагогтың есебі бойынша мәселелер қарастырылды. Мұнда бюджет тарапынан және мектеп асханасының арендаторының есебінен тамақтанатын оқушылар жайлы мағлұмат берілді (тізімі бар).  

     2 Мектептің әлеуметтік педагогы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларды қолдау жөнінде мектеп шеңберінде өтіп жатқан «Қамқорлық» акцияға арналған айлықтың іс-шараларына ата-аналар мен мектеп ұжымын белсенді қатысуға шақырды. Осыған қатысты әлеуметтік педагогтың басқа да ұсыныстары қарастырылды.

3 сұрақ бойынша мектептің әлеуметтік педагогы ГарифуллинаС.Г. .мектеп ұжымы тарапынан «Қамқорлық» акциясының шеңберінде мұқтаждығы төмен отбасыларының балаларына демеушілік, қамқорлық ретінде қазақ тілі пән  мұғалімі Сырттанова А.Т.  9 «Д» - сынып оқушысын Ахметов Расулды асханада тегін тамақтандыруды ұсынды. Сонымен қатар, асхана арендаторларынының есебінен 4 бала тегін тамақтанатыны бекітілді.

           

Ұсыныстар:

  1.  I жарты жылдыққа арналған қамқорлық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту;
  2. «Қамқорлық» айлығы шеңберінде жағдайы төмен оқушыларға (тізім бойынша) ата-аналар және мектеп ұжымы тарапынан көмек көрсету.

      3) Мектеп оқушыларының дарындылғын қолдау мақсатында жазғы оқу – жаттығу лагерлеріне оқушыларды қатыстыруды қарастыру.

     4) Сынып жетекшілер мен ата- аналарға балалардың бос уақыттарын қадағалап, арнайы іс – шарлар жоспары жасау.