kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Қамқоршылық кеңес»
20-08-2019 06:44

Павлодар облысының білім беру басқармасының  «Павлодар қаласының         «Жас Дарын» мамандандырылған мектебі» ММ Қамқоршылық кеңестің қалыптасуы және оның 2019- 2020 жылының құрамы жайлы ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

Қамқоршылар кеңесі ҚР «Білім туралы» Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес білім беру ұйымының өзін-өзі басқару нысаны болып табылады. 

Қамқоршылық қеңесінің негізгі мақсаты - жалпы білім беру мекемесінің тиімді қызметі атқару үшін жағдай жасау.

ҚҚ қарастыратын сұрақтар :

  1. білім беру ұйымының оқушылары мен тәрбиеленушілері құқықтарын сақтауға, сондай-ақ білім беру ұйымдары алатын қайырымдылық көмекке жұмсалатын қаржыны қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
  2. білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  3. Қазақстан азаматтарының отбасыларында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұйымдастыру мәселелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  4. қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымына түскен қаржылық ресурстардың бөлінуіне қатысады және оның мақсатты шығысы туралы шешім қабылдайды;
  5. Білім беру ұйымының жұмысында қамқоршылар кеңесі анықтаған кемшіліктерді жою үшін тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізеді;
  6. білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметтерін сапалы қамтамасыз ету, қайырымдылық көмек көрсетуді қолдану туралы есептерін тыңдайды және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандықтардың отбасыларында ұйымдастыру шараларын қабылдайды;
  7. білім беру ұйымдарының қызметі туралы конференцияларға, кездесулерге, семинарларға қатысады;

Қамқоршылық қеңестің құрамына білім беру процесінің қатысушылары мен мекеменің қызметін жетілдіруге және дамытуға мүдделі тұлғалар кіреді, сондай-ақ тиісті органдардың ұсынысы бойынша облыстық және жергілікті атқарушы органдар, бизнес, қаржы және ғылыми топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қауымдастықтардың өкілдері кіре алады.