kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Мохаммед-Али Амир»
06-06-2018 19:04

 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек

Абай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мохаммед-Али Амир - Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11- сынып оқушысы.

Өзінің табандылығының, ерен еңбегінің арқасында бүгінгі күнде Амир көптеген жетістіктерге жетіп, Отанымыздың атын әлемге шығарды. Мектеп мақтанышы, «Үздік оқушы» атағының иегері Мохаммед-Али Амирбірнеше дүркін республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы, халықаралық олимпиадаларда да үздік нәтижелер көрсетті. Оған дәлел ретінде соңғы 4 жыл ішіндегі жетістіктерін атап айтайық:

2014-2015 оқу жылы

  • Облыстық, республикалық олимпиада жүлдегері,I орын.
  • Кукин атындағы олимпиада жүлдегері,I орын,
  • Бүкілсібірлік олимпиада жүлдегері,I орын,
  • Облыстық жас өспірімдер олимпиадасының жүлдегері, І орын,
  • Республикалық олимпиадада «Абсолют чемпионы» атағының иегері,
  • Математикалық МИСИС олимпиадасының, «Алтын медаль» иегері;

2015-2016 оқу жылы

  • облыстық, республикалық олимпиада жүлдегері,I орын,
  • «Жібек жолы» олимпиада жүлдегері, алтын медаль иегері,
  • Жаутықов атындағы Олимпиада жүлдегері, күміс медаль иегері,
  • Халықаралық Балкан олимпиадасының «Қола медаль» жүлдегері,
  • Халықаралық ТМД елдерінің оқушылары арасындағы олимпиада жүлдегері, І орын

2016-2017 оқу жылы

  • Жаутықов ат. Олимпиада жүлдегері, алтын медаль иегері,
  • Мяньян қаласында (Қытай Халық Республикасы) 2016 жылғы 13-18 тамыз аралығында өткен математикадан Батыс-Қытай  Халықаралық олимпиада «Күміс медаль» иегері.
  • Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында өткен (IMO) әлемдік  математикалық олимпиадасының алтын медаль иегері.

2017-2018 оқу жылы

  • «Жібек жолы» халықаралық олимпиада жүлдегері, алтын медаль иегері,
  • «Тынық мұхит» халықаралық олимпиада жүлдегері, күміс медаль иегері,
  • Атырау қаласында өткен ХХ республикалық пән олимпиадасы, алтын медаль иегері.

Осындай жетістіктерімен қоса ол бүгінгі күні 3 дүркін КБТУ университеті грант  сертификатының,  Аль-Фараби университеті грантының сертификат иегері, сонымен қатар бүгінгі күні әлемдегі үздік оқу орындарының бірі Принстон университетіне (АҚШ) оқуға қабылданды.    

Амир өзінің білімге деген құштарлығы мен еңбекқорлығының арқасында жұлдызы жарқырап, биік шыңдарды бағындырып келеді. Ол тек өзінің ғана емес, сонымен қатар мектептің, облысымыздың абыройын асқақтатып, халықаралық дәрежедегі білім додаларында ел намысын қорғап, көк байрағымызды биіктен көрсете білді. Оның осындай қажырлы еңбегі, білімге деген сенімі мен еліне деген сүйіспеншілігі мақтанарға тұрарлық. Болашақта қандай қиындық болса да, берілмей, алға қойған мақсатына жетіп, ұлт мақтанышы болатындығына сенеміз.

Жұлдызың жарқырай берсін, Амир! Біз сенімен мақтанамыз!