Павлодар қаласының "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің 5- сыныптарына оқушыларды қабылдау туралы хабарландыру
Тестілеуден өтуге өтініш 24.04.2018 -10.05.2018 күндері аралығында қабылданады.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау бойынша әдістемелік нұсқаулыққа сәйкес
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:
- Нысан бойынша талапкердің ата-анасының/заңды өкілінің өтініші;
- үміткердің туу туралы куәлігі/паспортының немесе жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) ЖСН көрсетілген (қосымша) көшірмесі;
- оқудағы жетістіктерін растайтын тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген талапкердің сертификат, дипломдарының көшірмелері;
- үміткердің 3х4көлеміндегі 2 фотосуреті.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 24 сәуір және 10 мамыр аралығында өтеді. (мерекелік және демалыс күндерді есепке алмағанда )
Құжаттар мен өтініш қабылдау уақыты: 10.00-17.30
13.00-14.00 үзіліс уақыты
Бекітілген мерзімнен кеш ұсынылған өтініш конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдамауға негіз болып табылады.
Өтініш үлгісі: Мамандандырылған білім беру
ұйымдарына қабылдау бойынша
әдістемелік нұсқаулықтарға
1-қосымша
ата-анадан/заңды өкілден
Тегі ______________________________
Аты ______________________________
Әкесінің аты _______________________
Тіркелген мекен-жайы________________
тұратын мекен-жайы ________________
___________________________________
Телефон ___________________________
Жеке куәлік № ______________________
Берілген (кіммен және қашан) _________
__________________________________
ӨТІНІШ
Менің «____» ____________ 20____ж. туылған балам __________________________________________________________________
(толық аты-жөні)
_______________қаласындағы мамандандырылған білім беру ұйымының ___________________________ бағытындағы оқыту қазақ/орыстіліндегі (астын сызу керек)_______сыныбында оқуға арналған бос орынға конкурстық іріктеуге қатысуына рұқсат сұраймын.
______________________ «____»__________________ж.
(қолы) (өтініш берген күні)
Конкурстық іріктеу 2018 жылғы 11-18 мамырда өтеді. Өтілетін күні нақтыланды.