Күні: 05.01.2018ж
Қатысқандар : Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, мүшелері.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп ауласын көркейту жұмыстарын ұйымдастыру.
2.«Жұлдызды жаңбыр» мерекесіне дайындық .
Отырысқа мектеп директорының міндетін атқарушы Кожагельдинова Гүлназы Ңығыметқызы, қамқорлшылық кеңесінің төрайымы Еділбай А.А., көмекшісі есепшісі Наукенова Ж.Х. және мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Белгібаева Г.М. қатысты.
Бірінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбие жөніндегі орыбасары Г.М.Белгібаева сөз алды. Мектептің орналасу ерекшелігі, ол қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Сол себепті мектеп ауласын көркейту мәселесіне көңіл аудару қажет екендігі жайлы айтылды.
Екінші сұрақ бойынша мектеп директорының міндетін атқарушы Кожагельдинова Гүлназы Нығыметқызы мектеп дәстүріне енген, сәуір айында өтетін «Жұлдызды жаңбыр» мерекесінде жетістікке жеткен оқушыларды марапаттауға ұсыныс берді.
Шешім : Мектеп ауласын көркейту жұмыстарына үлес қосу. «Жұлдызды жаңбыр» мерекесіне орай жетістікке жеткен оқушыларды марапаттауды ұйымдастыру.
Дауыс берілді:
Қолдаған – 19 адам
Қарсы – 0