kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Мектепшілік қамқорлық кеңес отырысының №3 хаттамасы»
19-01-2018 17:49

Күні: 19.12.2017ж

 

Қатысқандар : Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, мүшелері.

 

Күн тәртібінде:

1. І жартыжылдық аралығында атқарылған іс - шаралардың талдауы .

2.ІІ жартыжылдыққа жоспар құру, бекіту.

 

Отырысқа мектеп директорының міндетін атқарушы Кожагельдинова Гүлназы Ңығыметқызы, қамқорлшылық кеңесінің төрайымы Еділбай А.А., көмекшісі есепшісі  Наукенова Ж.Х. мектептің әлеуметтік педагогы Исаханова А.Ж. және мектеп директорының тәрбие жөніндегі меңгерушісі Белгібаева Г.М. қатысты.

1. Бірінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңестің есепшісі Наукенова Ж.Х. есеп берді.

Екінші сұрақ бойынша мектеп директорының міндетін атқарушы  Кожагельдинова Гүлназы Ңығыметқызы II жарты жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу жөнінде келесі ұсыныстар берді:

а) олимпиадалық резерв мектебі тарапынан демалыс уақытында ұйымдастырылған оқу-жаттығу лагерлеріне оқушыларды жіберуде (жолдамалар) көмек көрсету;

ә) интеллектуалды сайыстар, олимпиадалар және ҒЖЖ-да жеңіске жеткен оқушыларды марапаттау.

Шешім :   Қамқоршылық кеңес пен мектептің бірлескен жұмысын жалғастыру. Оқу процесін ұйымдастыру, материалдық-техникалық базаны жетілдіру, сабақтан тыс іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесуді жалғастыру.

Дауыс берілді:

Қолдаған – 19 адам

Қарсы  – 0