Күні: 14.09.2017ж
Күн тәртібінде:
1. Ата – аналар комитетінің І жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарын бекіту.
2.Әлеуметтік педагогтың сараптамасы бойынша анықталған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мәселелер.
3.«Қамқорлық» айлығының шеңберінде пед.ұжымның тарапынан ыстық тамақпен отбасы жағдайы төмен оқушыларды өз қамқорлығына алу мақсатында жиналған қаражатты үлестіру туралы.
Отырысқа мектеп директорының міндетін атқарушы Кожагельдинова Гүлназы Нығыметқызы мен қамқорлық кеңесінің төрайымы Еділбай А.А., көмекшісі есепшісі Наукенова Ж.Х. мектептің әлеуметтік педагогы Исаханова А.Ж. және мектеп директорының тәрбие жөніндегі меңгерушісі Белгібаева Г.М. қатысты.
1. Күн тәртібіндегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Белгібаева қамқорлық кеңесінің I жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын 4 бағыт бойынша бекітуін ұсынды:
- оқушылар дарындылығын қолдау және дамыту;
- көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларды қолдау;
- мектептің МТБ нығайту;
- көпшілікті мектепішілік іс-шаораларды ұйымдастыру.
1 сұрақ бойынша мектеп директорының міндетін атқарушы Кожагельдинова Гүлназы Нығыметқызы I жарты жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу жөнінде келесі ұсыныстар берді:
Оқушылар дарындылығын қолдау және дамыту мақсатында:
а) олимпиадалық резерв мектебі тарапынан демалыс уақытында ұйымдастырылған оқу-жаттығу лагерлеріне оқушыларды жіберуде (жолдамалар) көмек көрсету;
ә) интеллектуалды сайыстар, олимпиадалар және ҒЖЖ-да жеңіске жеткен оқушыларды марапаттау.
Сонымен қатар әлеуметтік педагогтың есебі бойынша мәселелер қарастырылды. Мұнда бюджет тарапынан және мектеп асханасының арендаторының есебінен тамақтанатын оқушылар жайлы мағлұмат берілді (тізімі бар).
2 Мектептің әлеуметтік педагогы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларды қолдау жөнінде мектеп шеңберінде өтіп жатқан «Қамқорлық» акцияға арналған айлықтың іс-шараларына ата-аналар мен мектеп ұжымын белсенді қатысуға шақырды. Осыған қатысты әлеуметтік педагогтың басқа да ұсыныстары қарастырылды.
3 сұрақ бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Исаханова А.Ж.. мектеп ұжымының тарапынан «Қамқорлық» акциясының шеңберінде мұқтаждығы төмен отбасыларының балаларына демеушілік, қамқорлық ретінде әрбір ұстаз ақшалай қаражат тапсырып, жалпы 17600 теңге жиналған болатын. Жиналған ақшаны келесі түрде үлестіру туралы шешім қабылданды. 10 «г» - сынып оқушысы Төлеген Әнелды асханада тегін тамақтандыру қарастырылды. Қамқорлық ақциясының шеңберінде 9 - «г» сынып оқушысы Кунакпай Маликаға көмек ретінде қамқорлық кеңес тарапынан тегін тамақтану қарастырылды. Сонымен қатар, асхана арендаторларынының есебінен 4 бала тегін тамақтанатыны бекітілді.
Ұсыныстар:
1) I жарты жылдық арналған қамқорлық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту;
2) «Қамқорлық» айлығы шеңберінде жағдайы төмен оқушыларға (тізім бойынша) ата-аналар және мектеп ұжымы тарапынан көмек көрсету.
3) Мектеп оқушыларының дарындылғын қолдау мақсатында жазғы оқу – жаттығу лагерлеріне оқушыларды қатыстыруды қарастыру.
4) Сынып жетекшілер мен ата- аналарға балалардың бос уақыттарын қадағалап, арнайы іс – шарлар жоспары жасау.