Дарынды балаларды іріктеу және оқыту
1. Мектепке қабылдау және шығару тәртібі.
Мектепке қабылдау және шығару Павлодар облысы әкімдігінің 13.12.2012 ж.№349/12 қаулысымен бекітілген «ББҰ на құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті мен 01.03.2008 жылы бекітілген МББҰ-ның «5,10 сыныптарға және бос орындарға байқап, іріктеп қабылдау жөніндегі Ережесіне», «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына сүйенеді. 5-сыныпқа қабылдау рейтингтік негізде жүргізіледі, психологиялық-педагогикалық тестілеуден, қазақ тілінен , матемтаикадан тапсырма орындайды. 10-сыныпқа қабылдау 5 пән арқылы: қазақ тілі, математика, орыс тілі, тарих, таңдау пәнінен тест орындайды. 6-9 сыныптарға бос орындарға оқушылар конкурстық негізде қабылданады.
2. Оқушылардың білім сапасын бағалау мониторингі.
Оқушылардың білім сапасын бағалау «Мектептің мониторинг бағдарламасы » бойынша жүзеге асырылады. Бағдарлама 4 бағыт бойынша: педагогикалық мониторинг,
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің білім беру үдерісінің мониторинг бағдарламасы – мекеменің зерттеу іс – әрекетінің басты бағыттарын анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Бағдарлама ҚР «Білім туралы Заңы» негізінде, «Жас дарын» мектебінің білім беру сапасын бағалау ережелеріне сәйкес жасалған.
Негізге алынған тәсіл – мектептің жұмыс тәжірибесімен жинақталған білім беру мекемесінің өзгешелігіне сай мониторинг жүйесін құру.
Мектепте жыл сайын оқу бағдарламасына сай нөлдік бақылау, тоқсан бойынша жарты жылдық қорытынды бақылау жұмыстары өткізіледі. Мектепте білім сапасы жақсы динамикада, жеткілікті деңгейіне сәйкес. Мектеп әкімшілігі білім сапасын көтеру бойынша жұмыс істейді. Бұл сұрақ әкімшілік кеңесінде, директордың қатысуымен өткізілетін кеңесінде қарастырылады. Былтырғы оқу жылындағы оқу пәндері бойынша көрсеткіштер: қазақ тілі 97%, қазақ әдебиеті 100%, орыс тілінен 83%, ағылшын тілінен 96%, биология – 94%, физика 89%, география 100%, қазақстан тарихы 100% , математика бойынша 91%, химия 100% жеткілікті деңгейде.