Павлодар қаласының "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің 5- сыныптарына оқушыларды қабылдау туралы ақпарат
Мектептің 5-сыныбына түсу үшін оқушылардың білім деңгейін тест арқылы анықталады.
Тестілеуден өтуге өтініш 1.04.2017 -29.04.2017 күндері аралығында қабылданады.
Өтініш үлгісі:
Павлодар қаласының "Жас дарын"
мамандандырылған мектебінің
директоры С.Т. Хасановаға
өтініш берушінің аты-жөні
мекен-жайы, телефоны
ӨТІНІШ
Менің балам мектеп атауы " " сынып оқушысы
оқушының аты-жөні
осы мектепке қабылдануы үшін тестілеуден өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
бағыты:
- жаратылыстану-математикалық
- қоғамдық-гуманитарлық
қолы
күні
5-сыныпқа қабылдау бір лекпен өтеді, лек екі кезеңнен тұрады
І кезең: 2017 жылдың 5-мамыр күні өтеді. Пәндік жазба жұмыстар бастауыш мектебінің бағдарламасы негізінде алынады. Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша оқушылардың қабілеттері бағаланады. Оқушыларға шығармашылық, логикалық тапсырмалар ұсынылады.
1. Математика – 45 мин
2. Математикалық логика – 45мин
ІІ кезең: 2017 жылдың 6-мамыр күні өтеді. Пәндік жазба жұмыстар бастауыш мектебінің бағдарламасы негізінде алынады. Қоғамдық гуманитарлық бағыты бойынша оқушылардың қабілеттері бағаланады. Оқушыларға шығармашылық, логикалық тапсырмалар ұсынылады.
1. Қазақ тілі – 45 мин
2. Психологиялық тест – 30 мин
Тіркелу уақыты: 8.00 – 8.45 сағ
Басталуы: 9 00 сағ
Аяқталуы: 11 30 сағ
Сынақ нәтижелері ағымдағы жылдың мамыр айының 10-ші күні мектептін ресми сайтында жарияланады.