kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«МИФ апталығы»
13-02-2017 05:42

Ақпан айының 6 мен 11 аралығында «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты математика, информатика және физика пәндер апталығы өткізілді. Апталық барысында математика пәнінен 5 «Д» сыныбында «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында (мұғалім Ахшалова Д.К.), 9 «М» сыныбында физика пәнінен «Атомның құрылысының күрделілігін дәлелдейтін тәжірибелер» тақырыбында (мұғалім Сумбаева А.Х.), 8 «Д» сыныбында физика пәнінен «Тізбек үшін Ом заңын тексеру «Зертханалық жұмыс» тақырыбында (мұғалім Смагулов Қ.Т.), 8 «М» сыныбында алгебра пәнінен «Квадраттық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында (мұғалім Катепбай А.), 7 «М» сыныбында алгебра пәнінен «Алгебралық бөлшектерді қосу азайту» тақырыбында (мұғалім Кабылова К.К.) тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер жоғары біліктілігімен, ұшқыр ойымен және жаңашыл, заманауи ұстанымымен ерекшеленді. Сонымен қатар, интелектуалдық ойын, олимпиада түрінде сайыстар өткізілді. Апталықтың салтанатты жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.