kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Психолог кеңесі»
08-02-2017 10:17

Психологиялық кеңес

 

1 кеңес. 9-10 сынып оқушыларының мамаңдық таңдауы

2 кеңес. Баланың мектепке дайындығы

3 кеңес. Оқу мотивациясын арттыру

4 кеңес. ҰБТ-ға психологиялық дайындық

Құрметті дос!

Сен өз келешегіңді таңдау алдында тұрсың!

Осы жолды бастар алдындағы ең маңызды міндетің-ігілікті өмір сүру үшін қаржы тауып қана қоймай, бастысы өз қабілетіңді, қызығушылығың мен шығармашылық әл-қуатыңды іске асыра алатын болашақ мамандығыңды таңдау болып табылады.Ол үшін сен әуелі кәсіби білім таңдап, оны меңгеріп шығуың керек. Кісәби білімсіз шектеулі қызмет аясынан шығалмай, беделді әрі жоғары ақылы жұмысқа қол жеткізе алмайсың. Мамандық таңдауға қажеттілік деп қарамай, жаңа қызықты өмір кезеңінің басталуы деп қабылдау керек.

  Жұмыс  пен оның аясындағы тіршіліктің барлығы адам ғұмырының тең жартысын алады екен!

  Адамның өз мамандығына қаншалықты қанағаттануы мен өз өміріне қаншалықты риза екендігінің арасында тікелей байланыс бар. Бір жағынан, кәсіп таңдау-болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол-өзінің ішкі жан-дүниеңе үңілу, яғни, менің мықты және әлсіз жақтарым, мен не істей аламын, табысқа жету үшін маған не қажет деген сауалдарға жауабың.

  Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары:

·                        мамандық және оның қажеттілігі туралы білу;

·                        бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы);

·                        қабілеттер, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер);

·                        ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау;

·                        ата-ананың, отбасының көзқарасы;

·                        құрбы-достарының көзқарасы;

·                        мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы;

·                        жеке кәсіби жоспар-адамның кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөніндегі пайымдар жүйесі.

Сондықтан, ең алдымен қызықтыратын мамандықты анықтап алып, содан кейін ғана оны игеруге қажет білім деңгейі туралы ойлану керек. Ал оқу орнын таңдау мәселесі-ең соңғы кезең болып табылады.

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:

1.Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

2.Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

3.Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын басқа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

4.Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

5. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

6.Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

7.Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта!

  Әр адамның өзіндік құрылымдық ерекшеліктері бар, дегенмен қатып қалған заңдылық жоқ болғандықтан, уақыт өте келе олар даөзгеретіні сөзсіз. Даму ерекшеліктеріңнің психологиялық көрсеткіштерінің «затқа айналуы» және бейімдік тест болашақ мамандыққа дайындық жасауға және өз қабілеттеріңнің құрылымы, дамуындағы түзетуді қажет ететін кейбір кемшіліктерді дер кезінде көруге мүмкіндік береді.

  Өзін табу-одан қысқажолжоқ,

  Өзінтабу-оданұзынжолжоқ.

  Өзін табу-өз бойыңда қайнар көзін ашу,

  Өзінтабу-одандакүштіболу.   (Ю. Энтин)

Осы сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  Әлемде 40 мыңдай әртүрлі мамандықтар бар. Жыл сайын 25 млн. адам жұмыс орнын ауыстырды,оның 12 %жұмысына қайта оралады. Мұндай статистиқаға қарағанда, мамандықты таңдағанда саналы түрде ойланып, өзіңді сырттай бақылап, өзіңнің қабілеттеріңді, қызығушылықтарың мен бейімің, мінезің мен темпераментің туралы нақты хабардар болу қажет.

Табыс пен сәттіліктілейміз!

2 кеңес. Баланың мектепке психологиялық дайындығы

         Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті-баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектісін дамыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелейді. Сондықтан да оқушылардың даму ерекшеліктерін жетік танып білуіміз қажет.

            Алты жасар баланың мектепке дейінгі және мектеп аралығындағы жағдайының өзіндік психологиялық ерекшелігін анықтау болып табылады. Танымдық іс-әрекет түрлері жас ерекшеліктеріне сай дамығанын анықтау.

Баланың танымдық  қызығушылығын  білу- бала  жан-дүниесіне билік жүргізудің жолы.

            Баланың білуге деген құмарлығын қалай дамытуға болады? Ол үшін ата-ана не істеу керек?

            Баланың білуге деген құмарлығын дамыту ересектермен байланыс жасау кезінде ерекше қарқын алады. Ата-анамен қарым-қатынас кезінде бала өзін толғандырған  сұрақтарға жауап алуға тырысады, бірақ психологтардың зерттеулеріне қарағанда, сұраққа бірден жауап беруге тырыспау керек, баланы әр нәрсенің жауабын өзі ізденіп табатындай жағдайға жеткізу керек.

            Біз, ересектер балалардың қойған сұрақтарына көбінесе, жүрдім-бардым, жеңіл-желпі қарап жатамыз. Сұрағына жауап ала алмаған баланың ересектерден көңілі қалып, біртіндеп айналада қоршаған ортаға қызығушылықтары төмендей бастайды.

Құрметті ата-аналар, есіңізде сақтаңыз, сұрақ болмаған жерде  дүниені тану да, даму да болмайды.

Сондықтан да балаңыздың білуге құштар жүрегінен шыққан әр сұраққа мұқият қарап, ойланып жауап қайтарыңыз. Бала сұрақ берген  сәтте оған ұзын-сонар жауап айтудың қажеті жоқ, оның ұғымына сай қысқа әрі нұсқа жауап берсеңіз болады. Сұраққа жауап бере отырып, баланы ойлануға жетелеу керек. Шама келсе, баланы өзін қызықтыратын сұрақтарға жауапты сөздіктерден, балалар энциклопедиясынан іздену арқылы табуға жетуіне  тәрбиелеу керек.  Бала өзін қоршаған ортамен белсенді байланысқа түскенде ғана «Неге бұлай? Бұл қалай? Неліктен? Не себептен?» деген сияқты сұрақтар туындайды. Мұндай кездерде ата-ана баланың дамуына ықпал ететін, ол үшін жаңалық болып ашылатын сан алуан әрекет түрлерін ойластырғаны, ұйымдастырғаны жөн. Сол арқылы бала өзін тұлға ретінде таниды, өзі үшін маңызды жаңалық ашады. Ата-ана баласын табиғат аясына, хайуанаттар бағына, саябаққа ертіп апару арқылы олардың дамуын белгілі бір танымдық мақсатқа бағыттайды. Сонымен қатар ол баланы салыстыруға, талдауға, қорытуға, ой түюге итермелейді.

            Психологтар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін келесі жағдайларды бөліп көрсетеді:

            1.Бала дамуында ерекше сезімтал, әсершіл кезең деп шамамен 3-тен 12 жас аралығы саналады. Сондықтан баланың ақыл-парасат дамуының кемелдігі үшін осы кезеңді босқа өткізбей, толыққанды  қолдана білу керек.

            2.Баланың танымдық белсенділігі жоғары деңгейде болады. Осы қабілеттерінің дамуы үшін оның оқуға деген ұмтылысы, білуге деген талпынысы басты орынға шығады.

            3.Тәрбиенің тең құқылы жүйесі. Ата-ананың  балаға үстемдік жасауы, өз айтқандарын істетеіп, баланың ішкі пікірін есепке алмауы, санаспауы, баланың толыққанды дамуын тежеуші бірден-бір фактор болып табылады.

            4.Баланы интеллектуалдық тапсырмалар мен жаттығулар орындауға үйретіңіз. Бірақ баланың еркінен тыс мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге қол жеткізбейді. Керісінше, оның қызығушылығын жойып, белсенділігін тежейді.

            5.Өз бетінше оқу. Бала 9 жасына дейін өз бетімен кітап оқып үйренсе, бұл баланың дамуын ары қарай ұштап дамыта түспек.

            6.Өзін жоғары бағалау. Бала өзін, өз  қабілеттерін жоғары бағаласа ғана, мақсат еткен, қолға алған кез-келген істе сенімді болады.

            7.Бала белгілі бір табысқа қол жеткізген жағдайда ғана өзін-өзі бағалай бастайды. Сондықтан да баланы табысқа, жетістікке жетелейтін жағдай жасауға ұмтылу керек.

            8.Баласының интеллектуалдық дамуын, зейінінің өсуін қадағалап отыратын, кітап оқығанды жақсы көретін отбасында баланың дамуы жедел жүреді.

Алты жастағы балаларды оқытуда ойын оқыту әдіс ретінде ерекше орын алады. Осы жастағы балаларға тән мінез-құлық: ойынға деген қызығушылығының артуы, мінез-құлық еріктілігінің жетіспеушілігі, көрнекілік-бейнелік ойлауы. Сондықтан балаларды дамытуда  танымдық мазмұны бар ойын элементтерін қолдану өте тиімді болады. Осындай элементтер болып: ойын сюжеті, рөлдерді бөлу, берілген мақсатқа жету және арнайы ережелерді орындау үшін ұтысты ойын элементтерін пайдалану. Аталған әдіс-тәсілдерді тәжірибелік іс-әрекетте күнделікті қолдану  

Мақсаттары:

  1. «Мектепте оқуға психологиялық дайындық» түсінігі туралы ата-аналарды ақпараттандыру.
  2. Мектепте оқудың психологиялық дайындық мәселелерін  және оларды шешу жолдары туралы ата-аналарда түсінік  қалыптастыру.
  3. Болашақ 1-і сынып оқушыларының мектепте икемделу мәселелерін тиімді шешуде ата-аналар қызығушылығын белсендендіру.

Міндеті:балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығының мәселелерін жеңу  стратегиясын шығару.

Мектепке психикалық дайындығы

(синоним: мектептік кемелдену)-баланың мектепте алғашқы жетістіктеріне қажетті психикалық қасиеттері.

      Келесі құрастушылардан тұрады:

1.Мотивациялық дайындық – мектепке оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы;

2.Ақыл-ойының немесе танымдылық дайындығы-ойлау қабілетінің, жадының, зейін тұрақтылығының және т.б. танымдық үдерістердің даму деңгейінің жеткіліктілігі, білім мен іскерлігінің белгілі қорының бар болуы;

3.Ерік-жігерінің дайындығы - мінез-құлқының еркіндік деңгейінің жоғары дамуы;

4.Коммуникативтік дайындығы- құрбыларымен қарым-қатынас орнату қабілеттілігі, үлкен адамдарға мұғалім ретінде көзқарасы және бірігіп жұмыс істеуге дайындығы.

Мектепке психологиялық дайындығы

 1.Баланың мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығы. Баланың жаңа әлеуметтік  орныққан орнын қабылдауы, оның оқушы ретінде мектепке жеке тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық дайындығының қалыптасуы.

2.Баланың мектепке дейіңгі кезеңдегі  қоғамдық орнын салыстырғанда қазіргі орны  жаңа ережелерді қабылдауды міндеттейді. Бұл баланың мектепке жеке тұлғалық дайындығында, мұғалімге және оқу әрекетіне, құрбыларына, туыстары мен жақындарына, өзінің-өзіне белгілі бір қатынаста көрінеді.

                  Мектепке көзқарасы: мектептің күн тәртібін орындау, уақытында сабаққа келу, мектепте және үйде оқу тапсырмаларын орындауы. 

      Мұғалімге және оқу әрекетіне көзқарасы:

  • Сабақтағы жағдаяттарды дұрыс қабылдауы;
  • Мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі ойын, оның кәсіби рөлін нақты қабылдауы;
  • Сабақтың тақырыбына байланысты дұрыс сұрақ қоя білуі;
  • Сабақ барысында эмоционалды контакт қолайлы болу үшін, баланы басқа әрекетпен айналыспауға үйрету.

Мектепке дайындығы аталған деңгейде болғанда, бала жаңа қоғамда әлеуметтік – психологиялық  икемделу үдерісінен  тез арада өтеді. 

                   Баланың туыстары мен жақындарына көзқарасы               

Өзінің отбасында жеке орын алатын баланы оқушы ретіндегі жаңа рөліне туыстары  сыйлап қарайтынын сезінуі керек. Болашақ оқушыға, оның оқуына  маңызды, мазмұнды іс-әрекетті орындап жүргендей көзқарасты білдіру қажет. Өйткені, оқу оның іс-әрекетінің негізгі түрі болып саналады.

                    Баланың өзі-өзіне көзқарасы

Бала өзінің қабілеттерін, іс-әрекетінің нәтижелерін адекватты түрде өзін-өзі бағалау қажет. Өзін-өзі бағалауы жоғары болса, мұғалімнің айтқан ескертулерін дұрыс қабылдамауы мүмкін. Соның нәтижесінде «мектеп жаман», «мұғалім ызалы» болып көрінеді.

            Бала өзін және өзінің мінез-құлқын  дұрыс бағалау  керек.

Жоғарыда аталған баланың тұлғалық ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік ортада тез арада икемделуін қамтамасыз етеді.  

            Баланың мектепке оңтайлы көзқарасы тек қана интеллектуалдық  емес, эмоционалды-жігерлік компоненттерін де қамтиды. Оның жаңа әлеуметтік орнына- оқушы болуға тырысуы, мектепте оқудың маңыздылығын тек қана түсініп емес, дұрыс қабылдап, мұғалім мен құрбыларын сыйлау керек. Мектепке деген саналы көзқарасы  оқу әрекеті туралы кеңейтілген және тереңдетілген ұғымымен байланысты болу керек. Баланың мектепке қызығушылығын әрі қарай қалыптастыру жолдарын белгілеу  үшін, оның оңтайлы көзқарасының деңгейін білу өте маңызды болады.

            Сондықтан, мектеп туралы берілген мәлімдемелерді бала тек қана түсінбей, сезініп, өз басынан кешу керек.

            Баланы мектепке әкелерден бұрын ата-анасы онымен әңгіме жүргізіп, жаңа әлеуметтік рөлді қабылдауға қаншалықты дайын екендігін білгені өте маңызды. Балаға мектеп тақырыбына сурет салғызып, мектепте оны не қызықтыратынын білу қажет. Жүргізген әңгіменің нәтижесі мен және сол тақырыпқа салынған суретінің мазмұнын талдағанда, оның мектепке деген көзқарасын анықтап, баланы нақты не қызықтырады және нені ұнатпайтынын  белгілеген жөн болады. Баланың мектепке көзқарасы мен жаңа әлеуметтік орны туралы қорытынды жасау қажет.   

            Егер бала мектепте оқығысы келмесе, нақты мотивациясы жоқ болса, оның интеллектуалдық дайындығы мектепте жүзеге аспайды. Ондай бала мектепте мәнді жетістікке жетпейді. Сондықтан, баланың әлеуметтік-психологиялық дайындығын қалыптастырудың қамын ойлау қажет.

            Интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі баланың жеке тұлғалық дамуымен кейде сәйкес келмейді.Ондай оқушылар мектепте өздерін «кішкентай балаша» ұстап, оқу үлгерімі тұрақсыз болады.

            Ата-анасы баланы қорқытып, мектепте сабақты дұрыс оқымасаң, «2» қояды, «ойнауға уақыт болмайды», «мектепте бағдарлама қиын» деп қорқытуға болмайды. Нәтижесінде баланың мектепке жағымсыз көзқарасы қалыптасып, психологиялық қиыншылықтар себептерінен әртүрлі комплекстер пайда болуы мүмкін.

Баланың мектепте оқуға дайындығын анықтайтын

                              ата-аналарға сауалнама

1.Сіз қалай ойлайсыз, балаңыз 1-і сыныпқа барғысы келе ме?

2.Мектепте ол көп жаңалық пен қызықтыны біліп алам деп ойлай ма?

3.Сіздің балаңыз 15-20 минут уақытта өздігінен тынымсыз еңбектеніп бір іспен айнылыса ма? (Сурет салу, мозаиканы жинау, сомдау және т.б.)

4.Бейтаныс адамдар арасында сіздің балаңыз ұялмайды деп айта аласыз ба?

5.Сіздің балаңыз суретке сипаттама беріп, 5 сөйлемнен құрылған мазмұнды әңгіме  құрастыра алама?

6. Сіздің балаңыз жатқа тақпақтар біле ме?

7.Берілген зат есімді көпше түрде айталама?

8.Балаңыз буындап болса да оқима?

9.Балаңыз 1 ден 10 дейін тура және кері санай ма?

10.Бірінші ондықтан 1 ден қосып және азайта алама?

11.Сіздің балаңыз кішігірім өрнектерді ұқыпты көшіріп, торкөз дәптерге жай элементтерді жаза алама? 

12.Сіздің балаңыз сурет салуды, суреттерді бояғанды жақсы көре ме?

13.Балаңыз қайшы және желіммен жұмыс істей алама?(Мысалы, қағаздан аппликация жасай ма?)

14.Бес элементке бөлініп кесілген суретті 1 минутта тұтас бейнеге айналдыра алама?

15.Балаңыз үй және жабайы жануарларды біле ме?

16.Сіздің балаңыз қорытынды жасау біле ме? Мысалы, алма, алмұрт «жемістер» деп айта алама?

Әр сұраққа «иә» деп жауап берілсе, 1 ұпай саналады.

Егер де 15 және одан да жоғары ұпай болса, балаңыз мектепте оқуға дайын. Сіздің еңбегіңіз ақталды, келешекте оқу барысында қиыншылық пайда болса да, сіздің көмегіңізбен бала оларды оңай шешеді.

10-14 ұпай болса, сіз баланы дамытудың дұрыс жолындасыз. Ал сіз мақұлдамаған сұрақтар, өзіңізге  қандай жақтарға назар аударатынын көрсетеді.

Мақұлдаған сұрақтар саны 9және одан төмен болса, сіздің балаңыздың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мектепте оқуға әлі дайын емес. Сондықтан, баланы жүйелі түрде мектепке дайындау керек. 

            Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Балаңыздың өзіндік «Менін» мойындаңыз және қолдай біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз.

            Адам баласының өмірінде қарым-қатынас маңызды орын алады, онсыз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Әр адам дүниеге келгеннен бастап өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Баланың айналасын жылы қабылдауы үшін ата-анасының еңбегі ұшаң-теңіз.

            Бала үшін отбасы-басты ақпарат көзі, сондықтан бала өмірді алғаш отбасының ықпалымен таниды.

            Бала дамуы мен қалыптасуы өсімдік тәріздес, өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырмайды.    

3. Оқу мотивациясы білім сапасының көрсеткіші ретінде

Баланың білім қайнарынан «нәр алуға» ықыласын қалай ояту керек? Танымдылық белсенділігі қалай сарындау қажет? Бұл мәселе бойынша мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар тапжылмай жұмыс істейді. Бірақ та, соншалықты зор нәтиже берілмеуде. Сондықтан, мұғалімдер әр түрлі «қызықтырулар» ойлап сабақтарда қолданады: ойындар, слайдтар т.б. Алайда, мұның барлығы сыртқы уәж. Ал оқу әрекетінің табысты болуы және білім сапасы ішкі уәжбен байланысты.

Педагогикалық үрдістің тиімділігінің негізгі критерийі – оқушының тұрақты танымдылық қызығушылығы мен мотивациясы. Қазіргі таңда мектептің ең негізгі мәселесі – оқу мотивациясын қалыптастыру. Оның өзектілігі оқу әрекетімен оқу мазмұнының жаңаруымен, оқушылардың өздігінен білім алу әдістерін қалыптастырумен, белсенділігін дамытумен себептеледі. Әр бала үшін оқу әрекетінің маңызы әр түрлі. Оқушының мотивациясын айқындау – педагогикалық шараларды анықтау, баламен жұмыс әдістерін белгілеу. Адамның мотивациялық өрісі әр түрлі.

1                        блок.Жеке тұлғаның оқу мағынасы – А.К.Маркова бұл үрдісті оқушының оқуға деген ішкі көзқарасын анықтайды дейді, өзінің өміріне, өз тәжірибесіне, өз-өзіне теңейді. Оқудың мағынасына жету, тұлғалық мәнділігі өзінен-өзі пайда болмайды, білім меңгеру үрдісінде қалыптастыру қажет. Оқудың тұлғалық маңыздылығы әр мектеп жасында әр түрлі болады.

Оқудың маңызы бала үшін идеалдар жүйесі арқылы анықталады, яғни  ол оларды  қоршаған ортадан, отбасынан меңгереді.

Оқу маңызына күрделі тұлғалық қасиеттері:

-                     Оның мәнділігін объективті түрде сезінуі;

-                     әлеуметтік ортада, әсіресі отбасында қабылданған адамгершілік құндылықтар;

-                     Баланың өзін-өзі бағалауы мен талаптану деңгейі енеді.

Оқыту барысында аталған критерийлар даму үрдісінде болады, сол себептен оқу маңызы да   дамып отырады  немесе басылады.

Мотивацияда ерекше рөл оқу үдерісінің табыстылығына байланысты – білім қоры мен сапасы, әдіс-тәсілдерді жию болып табылады.

2 блок.Оқу мотивтерінің түрлері: танымдық, әлеуметтік.

-                     Танымдық мотивтер әрекетінің мазмұнымен білімге терең қызығушылықпен байланысты. Танымдық мотивтер өз білімін жетілдірудің негізі болып, оқушының таным әдістерін жетілдіруге бағытталады.

-                     Әлеуметтік мотивтер оқушының басқа адамдармен өзара әр түрлі әрекеттеріне байланысты. Мысалы: қоғамға пайдалы болуға ұмтылу, мұғалім және ата-аналар алдындағы жауапкершілікті сезіну.

Әлеуметтік мотивтерге позициялық түрлері кіреді: анық позицияға орнығуға ұмтылу, айналадағылардың мадақтауын иеленіп, беделін көтеруге тырысу. Позициялық мотив өзін танытуда- көшбасшы орнын алуда, басқа адамдарға әсерін тигізуде, ұжымда үстемді болуында көрінеді. Бұл мотив – өзін тәрбиелеудің, жетілдірудің негізі болып саналады.

Іс-әрекеттің өзіне байланысты мотивтердің түрлерін басқаша сипаттау болады. Сыртқы мотивтер іс-әрекетпен байланысты емес, егер де байланысты болса, ішкі мотивтер болып саналады. Ішкі мотивтер үрдістің өзіне және оның нәтижесін қызығушылығы, дағдылар мен машықтарды дамытуға тырысумен сипатталады. Сыртқы мотивтер ата-аналар немесе мұғалімдер мәжбүр еткенде көрінеді. Мысалы, оқушылар есептер шығарғанда жақсы баға алу үшін орындаса, бұл сыртқы мотивтер болып саналады. Ал ішкі мотивтер – сол есептерге қызығып, олардың рационалды әдісін табуға, нәтижесіне жетуге ұмтылса. Егер ересек адамның қадағалауы мен ғана орындалса, мотив өзекті болмай сыртқы болады. Оқу мотивтерінің 3-і түрі екінші тенденцияға негізделеді. Табысқа жету немесе қиындықтан қашу. Табысқа жетуге мотив қойған балалар алдарына позитивті мақсаттар қойып, белсенді амалдар іздеп, барлық қорларын салып, оңтайлы эмоцияларымен рахаттанады. Ал қиындықтан қашып құтылуға мотивтерін бағыттаған бала өзін-өзі бағалауы төмендігін, өзінің күшіне сенбей табыстыққа жете алмайтынымен байланысты.

Сондықтан, мұғалімдер мен ата-аналардың басты міндеті – баланың шамалы жетістігін мадақтап, сәтсіздіктерге аса назар аудармай, табыстыққа ұмтылыуын дамыту.

3 блок. Мақсатты тұжырымдау

Мотивтерді іске асыруда мақсат қоя білу – баланың мотивациялық өрісінің кемелдену көрсеткіші. Бұл қабілеті болашақта кәсіби әрекетінің табысты болуының негізіне жатады.

4 блок. Мотивтің мінез-құлқында іске асуы. Мұнда көрінетін аспектілер: мінез-құлқы мен оқу әрекетінің барысына әсер етуі, оқу тапсырмаларының таңдау әдістері.

Қабілеттер мен бейімділіктер негізінде өзекті қызығушылықтар жатады, олар кәсіби бағдар алуына әсерін тигізеді. Бұл адам үшін үлкен құндылық.

5 блок. Оқу мотивациясының эмоционалды компоненті

Оның негізгі мінездемесі – оқушының уайымдауы, оқуға эмоционалды көзқарасы. Егерде баланы қоршаған орта қолайлы, жайлы болса оқушының ішкі мотивтері мен елігушілігі, пәнге деген танымдық-эмоционалдық көзқарасы артып, оқуы табысты болады.

4 кеңес. ҰБТ-ға

психологиялық дайындық

Емтихан – бұл стресс, және тек оқушыға емес, мұғалімдерге де, ата-аналарға да. Әрине, тек ҰБТ емес, жалпы кез келген сынақ стреспен, қорқынышпен, үреймен байланысты. Бірақ стресс екі түрлі болады: эустресс – адамды шыңдайтын, қажырлы етіп, жігерін арттыратын және дистресс – адамның еңсесін түсіріп, күйрететін. Осыған байланысты, ҰБТ ғана емес, кез келген сынаққа қатысты қорқыныштың мүлде болмауының өзі қорқынышты! Сондықтан, психологтер жауапты сәттерде белгілі бір дәрежеде үрейдің болуы қажет деп санайды. Онсыз адам баласының белсенділігі төмендейді де іс-әрекетінің табысты болуы екіталай. Сондықтан, түлектің ҰБТ-ға енжар қарамайтыны ең алдымен, оның шамалы сескенісі, қорқынышы арқылы анықталады. Бірақ бұл қорқыныш жастардың денсаулығына, жансаулығына қауіп төндіретіндей жағдайда болмауы керек!

ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.

Мектеп бітірушіге психологиялық  жағынан 

қалай дайындалу керек?

Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалуды баста.

Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды есіңе түсір, содан соң ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.

*Күн сайын шаршағанда, ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.

Егер көзің ауырса не істеу керек?

Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі. Көздің шаршағаны, бұл ағзаның шаршағаны: оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін. Көзіміз демалғандай жағдай жасауымыз керек.

-        Ауыспалы түрде жоғары, төмен қара (25 секунд), оңға-солға (15 секунд);

-        Көзіңмен өз атыңды, тегіңді жаз;

-        Алыстағы затқа ауыспалы түрде  көзіңді тігіп қара (20 секунд), сосын алдыңдағы қағазға (20 секунд);

-        Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш, үшбұрыш сал, сосын керісінше жаса;

Бір күндік кесте

-        Бір күнді үшке бөл;

-        Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;

-        Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле –      8 сағат;

-        8 сағаттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.

Тамақтану

      Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, витаминдерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.

Дайындалатын орын

           Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?

           Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал, содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер. Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр. Қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса. Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.

Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары

1.Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздерді жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

2.Жұмыс барысында  бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің  дәрежесі ауқымды болады.

3.Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан  оқығаннан жақсы, ал бірден оқығаннан, аздап оқыған жақсы.

4.Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.

5.Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз-үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

6.Адам түсінде есіне сақтамайды – бірақ ұмытпайды.

Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға

жағдай жасау

1.Ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.

2.Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.

3.      Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.

4.Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!