kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
«Мектептің Даму бағдарламасының екінші орамының түсіндірмесі »
04-06-2016 13:53
Мектептің Даму бағдарламасының екінші орамының түсіндірмесі
Мектептің Даму бағдарламасының екінші орамының түсіндірмесі 
 
      Қазақстандық білім беру саласында маңызды оқиғалардың болуына байланысты 2012-2016 жылдардан бастап 12-жылдық орта білім беруге көшу мерзімдерін, жалпы орта білім беру мен элитарлы мамандандырылған білім беру мектептерінің даму бағыттарын анықтаған көптеген жаңа методологиялық құжаттар пайда болды.
       Инновациялық бағыт ретінде Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің жұмыс жүйесі ұсынылды. Сонымен қатар, «Жас дарын» мектебіне аймақтағы және республикадағы элитарлық білім беру жүйесіндегі өз тәжірибесіне НЗМ әдістемесін енгізіп насихаттау қызметі міндеттелген пилоттық мектебінің дәрежесі берілді.
       Бұл рөлге нақты дайындалу үшін және де Қазақстандық орта білім берудің 12-жылдыққа көшумен қатар мектеп дамуының жаңа орамын бастау үшін «Жас дарын» мектебі даму динамикасын алдынғы бағдарлама шеңберінде жалғастыру шешімін қабылдады. Ол үшін 3 жылға арналған ІІ концентрін құрастырды.
      Бұл мерзімде «Жас дарын» мектебі жаңа жалпы орта білім беру мазмұнына көшуге, бейіндік мектептер бағдарламаларын игеруге және аймақ пен республика көлемінде мамандандырылған элитарлық мектептер арасында пилоттық мектеп дәрежесін алуға  даярлануы қажет.
 
 
 
 
 
 
 
І бөлім: Даму бағдарламасының төлқұжаты 
 
Бағдарламаның аталуы Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 2013-2016 жылдарға арналған Даму бағдарламасы
Бағдарламаның қабылдануы Мектептің педкеңесінде (дата)
Бағдарламаның келісілуі Павлодар облысының Білім беру басқармасымен
Бағдарламаның құрастыру негізін қалайтын құжаттар - Қазақстан Республикасының Ата Заңы; 
- Балалар құқығын қорғау Конвенциясы;
- ҚР «Білім туралы Заңы»
- ҚР 2011-2020 жылдарға арналған Білім саласын дамыту Бағдарламасы (2010);
- 12-жылдық білім беру Тұжырымдамасының жобасы (2005);
-Элитарлы білім беру Тұжырымдамасының жобасы (2006);
- Алғашқы Президенттің интеллектуалды мектептер Тұжырымдамасы (2009);
- Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің Тұжырымдамасы.
Бағдарламаға ұсыныс берушілер Әлеуметтік орта, педагогикалық ұжым.
Бағдарлама құрастырушылары Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің әкімшілігі
 
Бағдарламаның негізгі мақсаты Бағдарламаның мақсаты: «Жас дарын» мектебіндегі білім беру дамуының жалпы стратегиясын анықтау, аймақ көлеміндегі білім беру саласындағы мектептің орны мен рөлін анықтау, әлеуметтік және жеке тұлға сұраныстарына жауап беретін, НЗМ жүйесіндегі пилоттық  мектеп моделін құрастыру.
 
Бағдарламаның негізгі міндеттері   Жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру;
 әлемді игерудің әртүрлі тәсілдерінің, алынған ақпарат пен бар білімнің интеграциясына негізделген Ашық білім беру моделін құрастыру ;
 Құзіреттілік педагогика идеяларын іске асыру; 
 «Жас дарын» мектебі түлегінің моделін әлеуметтік, мемлекеттік сұраныстарға сай қалыптастырып шығару;
  Жаңа формациядағы мұғалім тұлғасының моделін құрастыру; мектептік менеджмент жүйесін құру, білім беру қызметінің сапасы мен деңгейін көтеру;
 ОТҮ критериалдық бағалау жүйесін енгізу;
 ТҮ оқушыларға тьюторлық сүйемелдеу жасау жүйесін енгізу.  
Бағдарламаны іске асыру қағидалары - біртұтас жоспарлау жүйесі мен дер кезінде жоспарға өзгерістер енгізуге бағытталған бағдарламалық-мақсаттық қатынас;
- білім беру үдерісіне қатысушылардың ақпараттық құзіреттілігі;
 - бағдарламаның іске асырылу үдерісіне білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің қатысуы.
Бағдарламаны басқару Бағдарламаға өзгерістердің еңгізілуі мектептің педкеңесімен атқарылады, бағдарламаның іске асырылуы мектеп әкімшілігімен атқарылады. Мектеп әкімшілігін басқаратын мектеп директоры.
 
 
Бағдарламаны іске асыру мерзімдері 1 кезең 
Алғашқы бағыт алу кезеңі
(2012-2013ж.) Білім беру модернизациясы жағдайында мектептің перспективті даму бағыттарын анықтау. Бағдарламаның іске асырылуына жағдай жасау:
1. Аналитикалық-диагностикалық іс-әрекет, білім беру және тәрбиелеу іс-әрекетінің әртүрлі аспектілерінің мониторингі;
2. Іс-әрекеттің стратегиясы мен тактикасын анықтау;
3. Білім беру мен тәрбиелеу үдерісінің кадрлік қамтамасыздандыру;
4. Материалдық-техникалық және нормативті-әдістемелік қамтамасыздандыру мәселелерін шешу.
5. Білім беру және тәрбиелеу саласында инновациялық үдерістердің апробациясын жасау. 
2 кезең
Негізгі кезеңі
 (2013-2015ж.) - білім беру үдерісіне білім беру жүйесінің қызметтенуі (нормалардың сақталуы) мен оның дамуы (тәжірибеге инновацияларды енгізу) арасындағы балансты қамтамасыздандыратын бағдарламаларды енгізу;
- білім беру мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерінің жетілдірілуін қамтамасыз ету;
- қол жеткен нәтижелердің сандық пен сапалық бекітілуін қамтамасыз ету; 
- инновациялық іс-әрекеттің мониторингін жүргізу;
- мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық деңгейін жетілдіру. 
3 кезең 
Жалпылау кезеңі (2015 -2016ж.) Нәтижелердің талдау мен келешектегі мектеп дамуының перспективаларын анықтау. 
 
Бағдарламаны орындаушылар Мектептің педагогикалық ұжымы
Бағдарлама орындалуының болжамды нәтижелері - Қазіргі заман талабына сай білім беру мазмұны мен оқыту технологияларының жаңартылуы;
- жоспарланған білім беру сапасына жету;
- білім беру бағдарламалары негізіндегі барлық білім беру сатыларындағы сабақтастық пен үздіксіздіктің қамтылуы;
- оқытудың жеке даралығының, дифференцияциясының, интеграциясының қамтылуы; 
- білім берудегі ақпараттандыру үдерісінің дамытылуы; 
- білім беру мекемесінің кәсіби бағытталу мен тұлғаның шығармашылық жетілу бағытындағы тәрбиелеу потенциалының дамытылуы;
 - мұғалімнің өзіндік шығармашылық шындылуына жағдай жасау;
-   оқушылар денсаулығының сақталуы мен дамуының қамтылуы.