kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
««Біз оптиканы оқыдық» оқушылардың білімін бақылау сабағы»
04-06-2016 05:45

«Біз оптиканы оқыдық» оқушылардың білімін бақылау сабағы

Мақсаты:

1.      Білімділік:

·         оқушылардың білімін жүйелеу;

·         Өткен тарау бойынша білімдерін бекіту;

·         Білім аумағын кеңейту;

2.      Дамытушылық:

·         Қазіргі заманғы адамның қоғамда толыққанды өмір сүруі үшін қажетті ойлау қабілетін дамытуды жалғастыру;

3.      Тәрбиелеушілік:

·         Ұжыммен бірлесе жұмыс стей отырып  ғылыми  тайталасқа түсуді тәрбиелеу;

Сабақтың барысы

1.      Геометриялық оптика бойынша білімін бақылау сабағы  жазбаша жүргізіледі

2.      Бірінші тапсырма – «Оптика тарихынан» атты викторина. Интербелсенді тақта арқылы жұмыс.

3.      Екінші тапсырма – «Линзалар» физикалық диктант. Екі вариантты. Әр партаға таратылады.

4.      Үшінші тапсырма -  «Геометриялық оптиканың тез есептері» Ауызша оқылады, орындауға 1-3 мин беріледі. Элементер есептерді шығару тездігі тексеріледі.

5.      Төртінші тапсырма – «Қара жәшік құпиясы» бұл тапсырманы орындаған кезде оқушылар дәптерлеріне чертеж сызып жәшіктерде үшбұрышты  линзаларды дұрыс орналастыру керек.Барлық сынып үшін фронталь тапсырма.

6.      Соңғы тапсырма – «Көзге көрінбейтін түйреуіш» . Бұл тәжірибені мұғалім көрсетеді, ал қойылған  сұраққа жауапты оқушылар дәптерлеріне жазу керек.

7.      Дәптерлері тапсырылады