Тақырыбы:Судың беттік керілу коэффициентін тамшының үзілуі және сұйықтың капилляр бойымен көтерілуі әдісімен өлшеу
Мақсаты:Судың беттік керілу коэффициентін әр түрлі тәсілдермен анықтау.
Міндеттері:
а) судың беттік керілу коэффициентін анықтау барысында тамшының үзілу және сұйықтың капилляр бойымен көтерілу әдістерін қолданып үйрену;
ә) теориялық білімдерін практикада қолдана білу машықтарын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
б) ұқыптылыққа, зеректілікке, қаіпсіздік техникасын сақтауға, өз ісіне тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар:зертханалық таразы, гірлер, штангенциркуль, сызғыш, конус тәріздес құты (колба), стақан, сабағы қысқа конус тәріздес құйғы (воронка), шүмегі бар және ұшының диаметрі 3-4 мм шыны түтік, жаппай жұмысқа арналған штатив, тазартылған су.
Сабақтың түрі: зертханалық жұмыс