Жарықтың интерференциясы.Жарық толқындарының дифракциясы
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың мақсаты:
· интерференция, дифракцияқұбылыстарының физикалық мағынасын ашу;
· тұрақты интерференциялық бейне алу шарттарын түсіндіру;
· алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету;
· логикалық ойлау, эксперимент құрастыру дағдыларын, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін дамыту;
· қарым –қатынас мәдениетін және жинақылыққа тәрбиелеу.
Әдістер: көрнекілік, практикалық, репродуктивтік және продуктивтік.
Формасы: фронталдық, жеке, топтық.
Сабақтың міндеттері:
· « когерентті жарық көздері », « когеренттік толқындар», « жол айырымы», « интерференция», «дифракция»-түсініктерін енгізу;
· Интерференциялық және дифракциялық бейнелердің пайда болуын түсіндіру;
· Интерференциялық maxжәне minшарттарын ашу.
· Юнгтәжірибесін түсіндіру;
· Френель бипризмасының құрылысын және жұмыс істеу принципін таныстыру;
· Дифракцияның әртүрін көрсету;
· Қоршаған ортадағы интерференция мен дифракцияны анықтау білуге және түсіндіре білуге үйрету;
· Интерференцияны техникада қолдану;