Балаңыз оқитын мектептің ерекшеліктері мен бағдарламасын білгеніңіз жөн.
Балаңыздың мектептегі өмірін, жақсы жағдайда жақсы білім алып отырғанына көз жеткізіңіз. Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті ұйымдастыратын барлық іс-шараларға қатысыңыз. Сонымен қатар мектеп ережесінмен толық танысыңыз.
Балаңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындап бермеңіз.
Балаңызбен мектепте үйге берілген тапсырманы орындау үшін арнайы уақытты белгілеңіз де, сол уақыттың әркез орындалуын қадағалаңыз. Бұл оқуға деген жақсы әдеттің қалыптасуына көмектеседі. Берілген тапсырмаларға қызығушылық танытып, осы тапсырманың орындау үшін барлық жағдайдың жасалғандығы туралы көз жеткізіңіз. Егер балаңыз үй тапсырмасын орындауда сізден көмек сұраса, шешімін өзіңіз тауып бермей, жауапты табуға түрткі болатын сауалдарды қойып көмектесіңіз.
Балаңыздың орта буынға көшуіне байланысты болатын өзгерістерді ескере отырып, жанұяңызда қалыпты атмосфераны орнатуға тырысыңыз.
Мектептегі алғашқы айлар, әр жыл сайынғы оқу жылының аяқталуы, бастауыш сыныптан орта буынға ауысуы мектеп жасындағы оқушыға стресс болып табылады. Осы құбылыстар барысында жанұяңызда жағымды атмосфераны сақтап, күрт өзгерістерден сақ болыңыз. Жанұядағы жайлылық балаңыздың мектептік шақта болатын қиындықтарды шешуге көмегін береді.
Балаңыздың бос уақытын ұйымдастыруына, тамақтануына баса назар аударыңыз.
Қозғалысты аз жасау, таза ауада аз демалу баланың физиологиялық дамуына әсерін береді. Қозғалыс жаттығулары мен ой еңбегін алмастырып отыруға жағдай жасаңыз.
Үй тапсырмасын орындауда дұрыс отыруына, жарықтың дұрыс түсуіне баса көңіл бөліңіз. Жақыннан көруді, түзу отыруын бақылап, түзетіп отырыңыз. Баланың тамақ мәзіріне жеміс-жидектерді міндетті түрде енгізіңіз. Дұрыс тамақтануын ұйымдастырыңыз.
Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологтың ұсынысы
1. Шыдамды болыңыз. Баланың жаңаны меңгеруіне уақыт беріңіз.
2. Жағымдылықты қолдаңыз. Баланы қорқытпаңыз. Өзін дұрыс ұстаса қандай жақсы жағдайлардың болатындығы туралы айтыңыз.
3. Өзіңіз емес, балаңыздың жасағысы келетін істерге көбіне жол беріңіз. Оны мәжбүрлеу арқылы балада теріс мінездің қалыптасуына жол бересіз.
4. Өзіңіздің талаптарыңыздан демалуға мүмкіндік беріңіз.
5. Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс.
6. Балаға еңбекқор, батыл, ақылды, тапқыр, ұқыпты, сүйікті, керекті дегендей сөздерді жиі айтыңыз.
7. Үй жұмыстарында өз бетіншілік танытуға, міндетті жұмыстарды жүктеңіз. Ол жұмыстардың орындалуына үлкендерге қойылған талаптарды қойыңыз.
8. Бала бойында сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді».
9. Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі.
10. Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз.
11. Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз!