Жеңіс күні
Міне, керемет мереке – Жеңіс күні жақындап жатыр. Осы мерекеге биыл 70 жыл толып тұр екен.
Соғыс... Бұл сөздің мағынасы әрбіреуге жағымсыз болып келеді. Ол қаншама қайғы әкеліп, қаншама адамның өмірін қиды.Әрбір үй өмірден өткен әкесіне, атасына, баласына, ағасына жылаумен толы болған. Көптеген балалар сүйікті әке-шешесінен айырылып, жетім қалды. Бірақ бұл соғыс адамдардың белін сындырмай, керісінше бүкіл жұртты біріктірген, себебі халықтың бір ғана мақсаты болушы еді- Отанын қорғау. Ал батыр кісілер қандай ерліктерді жасап, атамекені үшін күрескен. Халқымыз бұл қаһармандарымызды ешқашан ұмытпайды.
Соғысқа ерлігімен ерлер ғана емес, әйелдер де танымал болды. Олардың ішінде көбі туған өлкесі үшін өмірден өтті. Бізге таныс Мәншүк пен Әлия, қазақтың қыздары солардың қатарында болды.
Атамның айтуынша, біздің отбасымыздың өзінде ата-бабамыз Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан екен. Атамның үйінде соған қатысты суреттерді көріп отырып, аң-таң болдым. Себебі соғысқа қатысқан ылғи жап-жас әлі оқу орныдарын бітірмеген жасөспірімдер. Қазіргі кезде сондай ержүрек және батыл жастар көп емес. Әрине, бұл заманның өзгеруіне байланысты.
Менің арғы атам соғыстан жаралы келді. Ол тірі қалса да, оның жанындағы сүйікті достары мен жолдастары қаза тапты. Біз немерелер атамызды көрген жоқпыз. Бірақ оның қандай батыр болғанын білеміз. Атамыз балаларының амандығы үшін, ұрпағы тыныш ұйықтап, мектепте оқып жүріп көк аспанның астында қуанышпен бақытты өмір кешуі үшін күрескен. Атамыз сияқты батырларға ең маңызды мереке- Жеңіс күні және қазіргі қарияларға да одан басқа сондай маңызы бар мереке жоқ шығар деп ойлаймын.
Осы батырлардың ерліктерінің арқасында біз қазір тыныш өмір сүріп жатырмыз. Біздің бақытымыз өз қолымызда. Егерде біз соғыссыз, бақытты өмірді қаласақ, сол мақсатымыз үшін жағдай жасау керекпіз. Біздің міндетіміз сол қаһармандарымызды ұмытпай, есімізде қалдыру. Маған Жеңіс алаңындағы күндіз де, түнде де «Мәңгілік алауының» жарқырауы ұнайды. Себебі ол да біздің тарихимыз,батырларымызды мәңгі ұмытпаймыз!
6 «Г» сынып оқушысы Ахмер Адия