kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32
««Жас ғалым» атты оқушылар ғылыми қоғамының ЕРЕЖЕСІ»
22-11-2014 06:47

Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі

 

«Жас ғалым» атты оқушылар ғылыми қоғамының

ЕРЕЖЕСІ

 

«Қазақстан өркениетті, дамыған елдердің

қатарына қосылу күш-қуаты,

қажыр-қайраты мол, ой-өрісі жоғары

 дарынды жастарға сүйенуіміз қажет»

Н.Ә.Назарбаев

 

1.ОҒҚ міндеттемелері

 

      ОҒҚ басты міндеті – сыныптан тыс және үйірме жұмыстарын ғылыми деңгейге көтере отырып, мектептің оқыту-тәрбиелеу үдерісімен сәйкестендіре отыра бір жүйеге келтіру, ғылыми-ізденіс атмосферасын тудыру.

 

 

     ОҒҚ аты : «Жас ғалым»

 

     Ұраны: «Оқы, ізден, талаптан!»

 

     ОҒҚ іс-әрекеті ҚР «Білім туралы» Заңы, РҒТО «Дарын» орталығы, ҚР БжҒМ нормативті актілері мен құжаттары және осы Ереже негізінде құрылады.

 

2. ОҒҚ мақсаттыр мен міндеттері:

- оқушылардың ғылыми ізденіске деген қызығушылықтарын қалыптастыру, ізденіс жұмысының дағдыларын қалыптастыру;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтап, дамыту;

- оқуға және өздігінен білім алуға құштарлытарын дамыту;

- өз аймағы мен ҚР интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру ісіне себін тигізу;

- оқушылардың өз ойларын дәлелдей алуын, талдай алуын дамыту;

-оқушылардың шығармашылық ізденіске деген нақты қызығушылығын қалыптастыру, мүмкіндігінен қарай бұл ізденісті зерттеушілік және өнертапқыштық мәселелерімен шектестіру;

- ОҒҚ мүшелерін олимпиадаларға, байқауларға, конкурстарға қатыстыруды көздеу, осы арқылы олардың өз бетінше жұмыс імтеуіне мүмкіндік жасау;

- ОҒҚ мүшелерімен практикалық, эксперименттік және экспедициялық жұмыстарды күшейту.

 

3. ОҒҚ жұмысын ұйымдастыру:

 

  1. Осы қоғамда әрекеттенуге ұмтылыс білдірген және мұғалімдердің ұсыныстарын алған оқушылар ОҒҚ мүшесі бола алады.
  2. 1 жылда 1 рет өткізілетін сессия ОҒҚ ең жоғарғы ұйымы болып табылады.
  3. Сессияда оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттер айқындалып, жұмыс жоспарлары бекітіледі.
  4. ОҒҚ басқаратын координациялық кеңес. Бұл кеңестің құрамына оқушылар, мұғалімдер және ғалымдар енеді.
  5. Жоғарғы оқу орындарынан келген ғалымдар ОҒҚ басқаруға қосалқы жұмысқа алынады. Олар ОҒҚ секциялары жұмысын басқарады.
  6. ОҒҚ жетекшілері арнайы бағдарламалар құрастыра алады.
  7. ОҚҒ сабақтары арнайы құрастырылған жоспар бойынша жүргізіледі.
  8. Қорытынды сабақ оқушылардың ғылыми жобалары сайыстары түрінде өткізіледі.Ең ұтымды жұмыстар қалалық, облыстық сайыстарға ұсынылады.
  9. Каникул кезінде қоғам мүшелеріне оқыту-нұсқаулық жиындар ұйымдастырылады.

 

4. ОҒҚ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

    ОҒҚ әр бір мүшесінің құқыға бар:

  1. секция жұмысына, әр бір іс-шараға қатысуға;
  2. басқа секциялар жұмысымен танысуға;
  3. ОҒҚ жұмысын жақсарту мақсатында өз пікірлерін айтуға;
  4. оқушылар ғылыми жобалар сайысына, ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін өз жұмысын ұсынуға;
  5. мектептің материалдық-техникалық базасын қолдануға;
  6. ҚР кітапханалар қорынан әдебиеттерді қолдануға;
  7. ғылыми-әдістемелік жиындар, шығармашылық экспедициялар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар жұмысына қатысуға;
  8. қол жеткізген жетістіктері үшін марапаттауларға, мадақтама қағаздарымен марапаттанылуға ұсынылуға.

 

ОҒҚ әр бір мүшесі міндетті:

1.       таңдап алған тақырыбы бойынша ғылыми жетекшісінің жетелеуімен ғылыми зерттеулер жасауға;

2.       білімін кеңейтуге, ғылыми-зерттеу жұмысын атқаруға дағдылануға, өз ғылыми деңгейін арттыруға тырысуға;

3.       ОҒҚ сабақтарына үнемі қатысып отыруға;

4.       ОҒҚ басқару ұйымдары тапсырған жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруға;

5.       шығармашылық топ құрамында белсенділік танытуға;

6.       өз жұмысы бойынша есеп беруге.