Тақырыбы: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
Мақсаты:Ана тілінің қадыр-қасиетіне, болашағына қамқор болып,өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Ұлы ақын-жазушылардың сөзін түсіне білу, алған білімдерін дамыту. Өлеңдерді мәнерлеп оқуға, мақал-мәтелдерді тиімді пайдалануға, өз Отанын қорғай білуге баулу.
Көрнекілік:Тілге қатысты нақыл сөздер, қима қағаздар.
Түрі:тренинг
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды төрт топқа отырғызу.
Мұғалім:Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты тренинг сайысына қош келдіңіздер!
Тіл – қоғамдағы қарым-қатынас құралы. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Ж. Аймауытов: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отырған қазына» деген.
Осы сияқты тағы қандай ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан пікірлерін білесіңдер? (оқушыларды тыңдау)
Міне, осы дана аталарымыздың сөздеріне терең түсінікпен қарай отырып, сайсымызды бастаймыз.
Сайыс шартымен таныстыру.
Аялдамаға тез жетіп, тапсырманы орындау керек. Ең жоғарғы ұпай саны 5 балмен есептеледі. Ұпай саны жоғары болып жеткен топ марапатталады.
Өтілу барысы:
І. «Сырлары көп білімнің» аялдамасы,
«Көп ойлан, жақсы сөйле – нұсқа болсын,
Сұраса – жауабың да қысқа болсын».
Ж. Баласағұни
Тапсырма: І топқа:
1. Қазақ тілінде неше септік бар, атап шық? (жеті – атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес).
2. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деп нешінші бапта жазылған? (7)
3. «Ойлан» сөзінің түбірі қандай? (ой)
4. Өнер алды не? (қызыл тіл)
ІІ топқа:
1. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата? (жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, ертегілер,тұр
2. Ана тілінің қызметі туралы айт? (1. адамдардың бір-бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет ету.2.Адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. 3. Адам өзінің бір нәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйініші, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.)
3. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45)
4. Конституцияға неше жыл толды? (18 жыл)
ІІІ топқа:
1. ҚР мемлекеттік нышандарын ата. (әнұран, елтаңба, ту)
2. Тіл нені жарады? (тіл- тас жаражы, тас жармаса, бас жарады).
3. Әдеби тіл нешеге бөлінеді? (екіге: ауызша, жазбаша.)
4. Мәтін деген қандай мағынаны білдіреді? (байланысу, бірігу).
ІІ. «Сүйемін туған тілді» аялдамасы.
Тапсырма: тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқу. (оқитын өлеңнің авторын айту керек, уақыт беріледі).
ІІІ. «Атаның сөзі – ақылдың көзі» аялдамасы.
Сөз -өмірдің салиқалы түйіні,
Әрбір сөзде жатыр маржан бұйығып»
Ә. Жәми
Тапсырма: мақал-мәтелдердің шешімін табу. Слайд арқылы.
Ү. «Сөз мәйегі» аялдамасы.
«Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті» Ғ. Мұстафин
Тапсырма: адасқан әріптерді дұрыс қойып, бір сөз шығару. ( әр топқа үш сөзден беру керек. Уақыт беріледі.)
І топ
П. Қ. И. Ұ. Я. ( Құпия)
Ш. Қ. Ы. О. Ы. Т.Қ. Л. (Тоқшылық)
М. Н. А. Ы. Д. И. Қ. Л. Ы. (Имандылық)
ІІ топ
А. І. А. Т. Н. І. Л. Н. (ана тілін )
І. Б. У. Л. (білу)
М. З. П. Ы. Р. Ы. А. (парымыз)
ІІІ топ
Ө. К. Н. Р. И. Е. К. Е. Т. І. М. Н. (Көркейтемін)
І. Т. Л. (тіл)
А. Б. Й. ЫЛ. Ы. Ғ. Н. (байлығын)
ІҮ топ.
І. Т. Л. (тіл)
А. Т. С. У. Л. Ы. А. М. Й. Ы. Н. Т. (таусылмайтын)
А. Б. Л. Й. Қ. Ы. (байлық)
ҮІ. « Тілді қорғау – парызым» аялдамасы
«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады». П. Гегель
Тапсырма: Болашақта Қазақстан халқы қазақ тілін қалай меңгеретіндігін көз алдыңа елестете отырып, пострға түсіріп қорғау. 5 мин. (6 мин. уақыт беріледі)
Қорытындылау кезеңі:
Қорытынды сөзді қазылар алқасына береміз. Жеңімпаз топты марапаттау.