kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Жалпы орта білім беру мектептерінің 6 - сынып оқушыларына арналған С.Т. Хасанова атындағы «Математикалық АBАСА» облыстық командалық олимпиаданың қорытындысы

Павлодар облысы білім  беру басқармасының «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі» негізінде   облыстың жалпы орта білім беру мектептерінің  6 - сынып оқушыларына арналған С.Т. Хасанова атындағы «Математикалық АBАСА» облыстық командалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Облыс бойынша 21 команда тіркеліп, 2022 жылдың 15 қараша күні І онлайн - іріктеу кезеңі   ZOOM платформасында өткізілді.

1 желтоқсан  күні ІІ оффлайн – кезеңіне олимпиадаға қатысуға 12 команда мүмкіндік алды. Жалпы олимпиадаға 6 - сынып оқушыларынан - 60  оқушы,  олардың арасынан 50 оқушы  Павлодар қаласы мектептерінен және Екібастұз қаласының №28 Абай атындағы ЖОББМ  мен Баянауыл ауданының  құрама командасы онлайн ZOOM платформасында қатысты.

Олимпиада кезіндеқатысушылармен  психологиялык тренинингөткізілді.

Олимпиада  қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 38 жалпы негізгі білім беру мектебі «Гран –при» және олимпиаданың ауыспалы Кубогінің иегері атанды. Павлодар қаласының Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі 1 - орын, Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебі 2- орын, 3 - орын иегерлері: Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебі, Павлодар қаласының № 29 жалпы орта білім беру мектебі және Екібастұз қаласының №28 Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі. Белсенділік таңытқан оқушылар олимпиаданың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Олимпиада барысында  оқушылар арасынан математикадан қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтау, жасөспірімдер олимпиадалық құрама командасын қалыптастыру, балалардың математика ғылымына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту мақсаты жүзеге асты.