kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Мектеп тарихы

«Жас дарын» мектебі – ақыл-ой мен шығармашылық бесігі.

 

Жаңа ғасырды ғалымдар мен еліміздің қайраткерлері «ресурстар мен байлықтар үшін күрес» ғасыры деп атағаны бәрімізге мәлім, ол байлық - ең алдымен жастардың дарындылығы. («Дарын», №6,2001, 19б.). Егер Қазақстан барлық позициялар бойынша әлемдік кеңістікке бағыт алса, мемлекет саясатын дамытып, жүзеге асырудың кілті білім мен нарықтық экономикада тұрғаны табиғи нәрсе. Сонымен қатар, мектеп қай кезде болмасын елдің қоғамдық өмірінің айнасы ғана болып қойған жоқ, ол сол өмірдің қозғаушы күші, жүргізушісі болып келді.

Еліміздің «Дарын» РҒПО-ның ашылуы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің ашылуы, көптеген интеллектуалдық конкурстардың өткізілуі – бәрі де мемлекетіміздің адамзат ресурсын ұлттық жетістігіміз, гүлденудің шарты деп қарайтынын білдіреді.

Осының айғағы ретінде Павлодар облысы әкімінің 1999 жылдың 13 тамыздағы №181 шешімі негізінде дарынды балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдай туғызу мақсатымен Павлодар қаласында дарынды балаларды мемлекеттік тілде оқытатын мамандандырылған мектеп ашылды.

Ең алғашында бастауыш сыныптармен ғана ашылған мектеп бүгінгі күні элитарлық білім беру ордасына айналды. Бірінші күннен бастап мектепке қабылданған оқушылар талантты, білімді ұстаздар құшағына алынып, білім нәрін қабылдады. Әр баланың қоршаған ортасы дәл өзі сияқты білімге деген құштарлығы мол, мейірімді, ақылды балалардан құралған еді. Сол күндері мектеп табалдырығын алғашқы рет аттаған бүлдіршіндер бүгінгі күні мектептің 11-сынып оқушылары, ал сол 1999 жылы 2-3-сыныптарда оқыған оқушылар қазіргі уақытта өздері қалаған жоғарғы оқу орындарының студенттері.

Білім ұясын алғашқы ұйымдастырушысы, мектеп директоры Мұқашева Гүлбаршын Жұмажанқызы болды. Гүлбаршын Жұмажанқызы мектептің жұмыс істей бастаған алғашқы күндерінен  бастап, мектеп жұмысын өзге мектептерге ұқсамайтын жаңа бағытта құра білді. Мектептің ресми құжаттарын дайындауға көп үлес қосқан, бүгінгі күнге дейін еңбек етіп отырған ұжымның ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты – Афанасьева Валерия Никандровнаның еңбегін ерекше атап өтуге болады. Алғашқы бастауыш сыныптарды ашқан мұғалімдер: Жарова Тоқмейіл Жайлауқызы, Ақатаева Алма Мәжитқызы, Қабылова Күлкен Қазезқызы. Бала дарындылығын адам табиғатының қайталанбас құбылысы ретінде қабылдап, дарынды балалармен істелетін жұмыстың мәнін бірінші жолға қойған майталман ұстаздар бүгінгі күнге дейін еңбек етуде. Сол күннен бастап еңбек еткен ұжымның нәтижелі еңбектерінің негізгі көзі - дарынды баланы қателеспей анықтау, оның қабілеттерін дамыту, нақты сол баланы дамытудың тиімді жолдарын табу, оны тәрбиелеуге қатысы бар ата-аналармен қарым-қатынас жасау, ең бастысы – дарынды балаларға арналған мектепте шынайы өмірге жақын кеңістік орнату.

Жылдан жылға оқушылар саны көбейіп 2003-2004 оқу жылында мектеп орта мектепке айналды, сол жылы мектеп алғашқы түлектерін ұшырды, содан бері мектепті 88 оқушы аяқтады. Түлектердің әрқайсысы мектептің тарихына үлкен үлесін қосты, олар оқуда, интеллектуалдық сайыстарда, шығармашылық байқауларда жеңімпаз атанып, ҰБТ қорытындысы бойынша мектебімізді республиканың «ең үздік он мектеп» қатарына шығарды.

Алғашқы пән олимпиадаларына және ғылыми жоба сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды оқытып тәрбиелеуде ерекше еңбектері бағаланатын ұстаздардың есімі мәңгілік мектеп тарихына  жазылады. Олар, филология ғылымдарының докторы, Амангелді Рақышұлы Бейсембаев – бірнеше дүркін интеллектуалдық сайыстарының жеңімпаздарын дайындаған, шәкірттерінің арасында республикада орыс тілі пәні бойынша мектебімізде алғашқы рет күміс медальға ие болған Сейсембекова Жұлдыз (2004 ж.) бірінші алтын медаль иегері Байтенова Гүлнар (2008 ж.) екі рет күміс медальға иеленген Жұманиязов Айдын (2005ж., 2006ж.). Математика пәнінің мұғалімі Бокаева Роза Сұңғатқызының қалалық, облыстық деңгейдегі олимпиадаға қатысқан оқушылардың арасынан республикада ғылыми жоба сайысының ІІІ дәрежелі  жеңімпазы болып шыққан Асаинов Ренат бүгінгі күні ҰҚК академиясының студенті, ал халықаралық ғылыми жобалар сайысына криптография мәселелеріне қатысты 2005 жылдың түлектері Смагулов Ерден мен Смагулов Даниярдың ұсынған жұмысы ерекше бағаланып дипломмен марапатталды. Физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Рашатбекқызы Елтаеваның топ жарып шыққан оқушысы Тажипов Диас физика пәні бойынша облыс олимпиадасында жеңімпаз атанып, Мәскеу мемлекеттік университетінің кибернетика және есептеу математика факультетінде оқуын жалғастыруда. Дәл солай биология пәнінің мұғалімі Оспан Орынгүл Оспанқызының оқушысы Матаев Қуаныш 2002-2003 оқу жылы 8-сыныпта оқып жүрген кезінде 9-сыныптың бағдарламасын меңгеріп, облыстық олимпиадада жеңімпаз атанды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қанипа Досжанқызы Түсіпова және математика мұғалімі Давид Григорьевич Ганелин екеуі 11-сынып оқушыларын Адамов Нұрлан мен Рысбаева Динараны жетелеп дайындаған «Абайдың табиғат лирикасындағы уақыт, кеңістік және ырғақ» атты ғылыми жобасы республикалық байқауда ІІІ дәрежелі орынға ие болды. Сонымен, мектептің жаңа ғана қалыптасқан кезеңінде оқушыларымен ұстаздардың ерен еңбектерінің нәтижесіндегі жеңістер мен жетістіктерге толы салған жолы бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда.

Жылдан жылға «Алтын белгі» иегерлері мен Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдердің айтулы жоғары оқу орындарында білім алушылардың саны көбеюде. Сондай-ақ, көптілділікті дамыту бағытындағы «FLEX» бағдарламасы аясында мектеп түлегі Апушев Фархат Америка еліне барып оқып келсе, 10-сынып оқушысы Нұркенова Динара баруға дайындық үстінде.

Оқушылардың білім деңгейінің көтерілуі - мектептің оқу-тәрбие үрдісінің жүйелі түрде қалыптасқандығынан және мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс істеуге бейімді болуынан, өйткені мектеп оқушылары республикалық математикалық «Бастау», «Зерде», информатика пәні бойынша «Еуразиялық», астраномиядан «Тынық мұхит - Азиялық» сынды интеллектуалдық сайыстарының, ал мектеп ұстаздары облыстық пән олимпиадалары, «Актив-студио», «Педагогикалық-шеберлік», «Ең үздік авторлық бағдарлама» атты байқауларының жеңімпаздары.

Павлодар облысы білім беру басқармасы мен аймақтық ғылыми-тәжірибелік «Ертіс дарыны» орталығы тарапынан мектепке бірінші күндерінен бастап жетекшілік, нұсқаушылық, әдістемелік көмек пен қолдау көрсетіліп, оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық іс-әрекетіндегі аса жоғары көрсеткішке жеткені үшін «Ғылымға алғашқы қадамы» атты дипломы тапсырылды.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау, жаңғырту істеріне көңіл бөлінеді, шәкірттер сабақтан тыс кездері «Мұрагер» домбыра, би үйірмелеріне қатысып, шығармашылықтарын шыңдайды. Мектептің өмірін көрсететін «Жас дарын» үнқағазы шығарылады. Сонымен қатар, үштілде білім беру оқу-тәрбие үрдісіне енгізілген, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану – математика бағыттарын тең ұстаған мектепте оқушылар француз және қытай тілдерін үйренуде. Шәкірттерді білім шыңына, ұстаздарды кәсіби шеберлік биігіне жетелеп шығаруда мектеп директоры орынбасарларының еңбегі зор, өздері әрдайым ізденіс үстінде: Камелова Бәтима Қабиденқызы – үш тілде оқыту экспериментін жүргізуші, пән бағдарламасының авторы, Әбдіжүсіпова Бәтима Халыққызы – БжҒМ бекіткен 10-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығының авторы, оқушылары республикалық «Зерде» сайысының жеңімпаздары, Рахимжанова Армангүл Сартайқызы оқушылары облыс, республика олимпиадаларының жеңімпаздары, Арынғазина Әсел Мұратқызы – оқу-зерттеу жұмысындағы жетістіктері үшін облыс әкімі грантының иегері.

Он жыл ішінде мектеп алтыншы рет мектеп түлектерін шығарды: ҰБТ қорытындылары бойынша: 2004 жылы орта ұпай – 87,7; 2005 жылы орта ұпай – 101,2; 2006 жылы орта ұпай – 98,2; 2007 жылы орта ұпай - 99,7; 2008жылы орта ұпай – 107,5, 2009жылы  орта ұпай -115,1. Үш жыл бойы  мектеп республика бойынша  «жиырма үздік мектептердің» қатарында жүрсе, былтырғы оқу жылының нәтижесі бойынша «он үздік мектептің» қатарына енді. Биылғы оқу жылында мектеп облыс көлемінде ҰБТ нәтижелері бойынша бірінші орында. Түлеп ұшқан оқушылардың 100 пайызы жоғары оқу орындарының грантына ілігеді.

            Мектеп ұстаздары да  заман ағымына сай, яғни, жаңа өмір талаптарына бейімделіп,шығармашылықпен жұмыс жасайды. Жетістіктердің биігіне оқушысын шығарып қана қоймай, өздері әрдайым іздену үстінде. Жетістіктері де баршылық. Мәселен, мектеп директоры Хасанова Сәуле Төлегенқызы «Педагогикалық шеберлік – 2009» сайысында мектептің Даму бағдарламасын қорғап, жүлделі І орынға ие болды; экономика пәнінің мұғалімі- Ельтаева Гүлнар Рашатбекқызы “Жыл әдістемесі-2007”- облыстық ең үздік әдістеме сайысында жүлделі І-орынды иеленді; ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Куватова Мадина Борисовна, өнер пәнінің мұғалімі –Белгібаева Гүлшекер Манатқызы “Актив студио” бағдарламасы бойынша облыстық сабақтар презентациясы сайысында – жүлделі І,ІІ орынды иеленді. Мұғалімдердің облыстық пәндер олимпиадасында – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Арынғазина Әсел Мұратқызы,  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Макина Гүлжан Төлеубайқызы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хасанова Сәуле Бариқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ильясова Гүлмира Раушанқызы жүлделі ІІІ-орындарға ие болды, орыс тілі пәнінің мұғалімі Рахимжанова Армангүл Сартайқызы, информатика пәнінің мұғалімі Момынов Қуат Мырзатайұлы жүлделі ІІ орынға, тарих пәнінің мұғалімі Шаймұрат Азамат Боранбайұлы жүлделі ІІІ орынға иеленді.  Арынғазина Әсел Мұратқызы мен Қақабаева Айнаш Манатайқызы оқу – зерттеу жұмысындағы жетістіктері үшін облыс әкімінің грантын иеленді. Облыстық “Ең үздік авторлық бағдарлама” сайысында –қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жекеева Алтынай Нұрмағанбетқызы жүлделі ІІІ-орынға иеленді. Тарих пәнінің мұғалімі Сәрсенбекова Күляш Амантайқызы облыстық «Педагогикалық шеберлік – 2009» сайысында жүлделі ІІІ орынға иеленді.

      Әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадада 93 жүлделі орындар, оның ішінде Республикалық (Сейсембекова Жұлдыз ІІ орын Республикалық олимпиадада – 2004 жылы, Жуманиязов Айдын – Республикалық олимпиаданың жүлдегері – 2005 жылы, Мустафин Алиби – тарих пәнінен Халықаралық интеллектуалдық олимпиаданың күміс жүлдегері (Ретимно қаласы, Греция), тарих пәнінен Халықаралық интеллектуалдық олимпиаданың жүлдегері- 2007 жылы ( Афина қаласы, Греция), Оспанова Ажар – тарих пәнінен интеллектуалдық олимпиаданың жүлдегері (Ретимно қаласы, Греция), Датбаев Алибек – математикадан интеллектуалдық олимпиаданың жүлдегері (Ретимно қаласы, Греция), Айтымбетова Назым – математика пәнінен Мәскеудің темір мен ерітінді институтының Халықаралық олимпиада жүлдегері, Байтенова Гүлнар – 2008 жылғы орыс тілінен Республикалық олимпиада жеңімпазы, Арынов Сұңғат – географиядан Республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері (ІІ орын); Ызғұтты Анияр -2008 жылғы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің Республикалық аймақтық олимпиаданыңжүлдегері; бастауыш сынып оқушыларының командасы (2-4 сынып) – 2008 жылғы «Бастау» атты математика пәнінен бастауыш сынып оқушыларының Республикалық олимпиадасының жүлдегерлері – Егінбаев Марғұлан, Сарсембинов Әнуар, Амангелді Олжас; Республикалық пәндер олимпиадасының құқық пәнінен жеңімпазы – Смағұлов Бекзат (2009ж), Республикалық пәндер олимпиадасының математика пәнінен ІІІ дәрежелі жүлдегері – Жүнісов Әнуар (2009ж), Азиаттық Тынықмұхиттық жас астрономдар олимпиадасының дипломанты – Сейтқазин Бахытжан (2009ж), ІІ Республикалық жас космонавттар мен астрономдар слетінің жүлдегерлері – Қасымов Тамерлан, Сейтқазин Бахытжан -І орын (жоба қорғау), Тлеулинов Талғат – ІІІ орын (жеке пәндік сайыс), Хасенов Асылжан – ІІІ орын  (жеке пәндік сайыс, 2009ж).

26 мектеп ғылыми жобалары ең таңдаулы саналды, соның ішінде республикалық және халықаралық деңгейдегі: Асаинов Ренат математикадан Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар сайысында жүлдегері -2003ж., Адамов Нұрлан, Рысбаева Динара - математика мен қазақ әдебиеті пәндерінен Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар сайысының жүлдегерлері -2004ж., Смагулов Ерден, Смагулов Данияр – математикадан Халықаралық ғылыми жобалар сайысының қола жүлдегерлері -2005 жылы; Балтабаев Сунгат – Халықаралық техникалық көрменің күміс медалінің иегері; Абдыкапаров Каныш – физика пәнінен 2007 жылғы республикалықғылыми сайыстардың қола жүлдегері. Жасуланов Дархан- Ижевск қаласындағы «Компьютерная физика - 2007» атты Халықаралық турнирдің қола жүлдегері, Абильмажинова Диана және Исабеков Абзал – Республикалық ғылыми сайыстардың қола жүлдегерлері және ағылшын тілінен 2007 жылғы Халықаралық интелектуалдық сайыстың жеңімпаздары ( Афина қаласы, Греция),Нығметов Данияр  биология пәнінен 2007 жылғы Халықаралық интелектуалдық сайыстың жеңімпаздары ( Афина қаласы, Греция), Балтабаев Нұрсұлтан – тілтану бойынша Республикалық ғылыми сайыстың күміс жүлдегері және физикадан Халықаралық ғылыми сайыстың қола жүлдегері ( Мәскеу қаласы, 2008ж) Жүсіпбеков Ануар – физика пәнінен Халықаралық ғылыми сайыстың қола жүлдегері ( Мәскеу қаласы, 2008ж); Карымов Мерхат – тарих пәнінен халықаралық сайыстың күміс жүлдегері (Греция, 2008 жыл) Үкібаев Батыржан – астрофизикадан Халықаралық форумның қатысушысы ( Астана, 2008ж.) және Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының конференциясында ІІ жүлделі орынның иегері, Денден Әнуар мен Макешова Дина – химия пәнінен Грецияда өткен Халықаралық ғылыми жобалар сайысының ІІ дәрежелі жүлдегерлері (2009ж), Базарбай Қанат – физика пәнінен Мәскеуде өткен Халықаралық ғылыми жобалар сайысының ІІ дәрежелі жүлдегері (2009ж), Грецияда өткен Халықаралық ғылыми жобалар сайысының ІІ дәрежелі жүлдегерлері - Арынов Сұнғат – география пәнінен, Смағұлов Бекзат - әдебиет пәнінен , Республикалық ғылыми жобалар сайысының алтын медаль иегерлері – Арынов Сұнғат –географиядан,  Букенова Динара - этномәдениеттанудан (2009), Республикалық «Зерде» атты төменгі сынып пен орта буын оқушыларының ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары – Қапаров Ардақ – математика пәнінен, Ғабдұлғазиз Аружан – қазақ тілі пәнінен, Имамбай Ғалия – биология пәнінен, Махамбетова Томирис пен Ақберген Аида – тарих пәнінен, Қаждар Жәңгір – физика пәнінен -  номинация иегерлері.

       Мектептің тәрбие іс – шаралары бойынша атап айтатын нәтижелеріміз де баршылық: орталық алаңда өткізілген «Наурыз» мерекесінде киіз үй тігіп, бағдарлама қою – гран – при; «Жастар» квн командасы – Гран – при, «КВН кубогының » иегерлері; оқушыларымыз облыстық, дәстүрлі «Жас ұлан» әскери – патриоттық ойынының жеңімпаздары; 20 оқушымыз Республикалық «ХХІ ғасыр көшбасысы» сайысының қатысушылары. Оқу мен шығармашылық іс - әрекетін тең ұстаған оқушыларымыз мектептен тыс түрлі бағыттағы үйірмелерге қатысып, ән, би, күй, сурет, тоғызқұмалақ, шахмат, мәнерлеп оқу,спорт түрлерінен жоғары нәтижелерге жетуде. Мектептің Қазақстан Республикасы спорт шеберлері атағының иегерлері Қасқырбаева Диана (көркем гимнастика), Байтенов Бернар (муайтай), Қабылдин Бақытбек (каратэ) оқиды.

«Еңбек өмірдің шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады»

демекші сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру бағытында, халықтың асыл қазынасын, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Мұрагер» атты домбыра үйірмесі,  өнер арқылы балалардың шығармашылық қабілетін ашып, дамыту мақсатында би үйірмесі жүргізіледі. Мектепте  пресс – орталық жұмыс жасап, тоқсанына 1 рет мектептің өмірі толық қамтылған  «Жас дарын » үнқағазын шығарады.

            Мектептен түлеп ұшқан  қарлығаштар   нәтижелері мектептің оқыту, тәрбиелеу үдерісінің дұрыс жолға қойылғанының айқын дәлелі. Өйткені олардың әрқайсысы  жан – жақты дамып ашылған тұлға деуге болады. Әрқайсысы мектеп қабырғасында өзін - өзі жан – жақты таныта біліп,  жыл сайын 100%  жоғары оқу орындарына түседі. Олар  мемлекетіміздегі жоғары оқу орындарында ғана емес, шетелдердерде де оқиды.  Мәселен, «Болашақ»  бағдарламасы бойынша шетелде оқитын мектеп түлектері: Кәрімова Марал, Қыпшақбаева Маржан (Чехословакия), Жүсіпбекова Самал (АҚШ), Балтабаев Нұрсұлтан, Ахметова Аида  (Англия). Болашақ бағдарламасы бойынша шетелде тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Хасанов Самұрат Мансұрұлы да Англияда білімін жетілдіруде.

Бір сөзбен айтқанда, заман ағымынан бір елі қалмайтын «Жас дарын» мектебі аймағымыздың білім беру саласын алға жетелейтін бірегей мекемелердің қатарында. Мектептің ұстаздар қауымы алдағы уақытта қол жеткізген жемістерін еселей беру бағытында еңбек етпек. Ендеше, «Жас дарында» жалынды жеткіншектер қатары артып, ұлағатты ұстаздар еңбегі жана берсін демекпін.  

 

Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер

 

Жылдар

І (ілгері)

ІІ (негізгі)

ІІІ (базалық)

Пайыздық көрсеткіш

2013-14

7

2

5

43м.32,5%

2014-15

4

5

2

41м. 26,8%

2015-16

1

1

-

41м. 4,9%

Барлығы

12

8

7

65,8%

 

 

Педагогикалық кадрларды марапаттау бойынша мәліметтер

Марапат атаулары

Саны

Ресей Ғылым Академиясының құрметті корреспондент мүшесі

1

«Республика алдындағы ерен еңбек үшін» медалі

1

«ҚР Білім үздігі» белгісімен

3

ҚР Құрметті қызметкері

1

«Ы. Алтынсарин» төс белгісі

3

«Аға мұғалім»

1

Магистр

8

«ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі

1

«Облыс алдындағы ерен еңбегі үшін» медалі

2

БжҒМ «Құрмет грамотасы»

9

БжҒМ «Алғыс хаты»

4

Республикалық «Дарын» орталығының «Құрмет грамотасы»

9

Республикалық «Дарын» орталығының «Алғыс хаты»

3

Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуді ұйымдастырудағы белсенді еңбегі үшін «Құрмет грамотасы»

2

Павлодар облысы мәслихатының «Құрмет грамотасы»

1

Облыстық білім беру басқармасының  «Құрмет грамотасы»

11

Облыстық білім беру басқармасының «Алғыс хаты»

21

«Жаңашыл ұстаз» сертификат

1

Ертіс дарыны  «Құрмет грамотасы»:

1

Ертіс дарыны  «Алғыс хаты»:

7

Инновациялық  орталығынан «Алғыс хаты»

24