kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

«Математикалық АBАСА» командалық олимпиадасын өткізу ЕРЕЖЕСІ

Павлодар облысы білім беру басқармасының жалпы орта білім беру мектептерінің  6 - сынып оқушыларына арналған С.Т. Хасанова атындағы «Математикалық АBАСА» командалық олимпиадасын өткізу ЕРЕЖЕСІ

 

І. Жалпы ережелер

 

1.1. Берілген Ереже Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінің 6 - сынып оқушыларына арналған С.Т. Хасанова атындағы «Математикалық АBАСА» командалық олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыруын, өткізу тәртібін, қатысу мен олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды. Олимпиаданың жұмыс тілі қазақ тілі болып табылады.

         1.2. Олимпиаданың мақсаттары:

  • математикадан қабілеті жоғары дарынды балаларды анықтау, дамыту, жағдай жасау;
  • математикадан облыстың олимпиадалық құрама командасын қалыптастыруына қолдау көрсету;
  • балалардың математика ғылымына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту.

         1.3. Олимпиаданың міндеттері:

         • оқушыларға математикалық білімдерін стандартты емес жағдайларда қолдану мүмкіндігін беру;

         • мектеп оқушыларының математиканы оқуын белсендіру;

         • ынтымақтастық және топта жұмыс істеу қабілетін дамыту;

         • дарынды мектеп оқушыларын анықтау және олардың қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру;

         1.4. Күтілетін нәтиже:

  • Қалалар мен аудандардағы 6-  сынып оқушылары арасында  математика пәнінен  қабілеті жоғары оқушылар анықталады.

 

ІІ Олимпиаданы ұйымдастыру реті

2.1. Олимпиаданың ұйымдастырушылары «Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ болып табылады.

Олимпиада екі кезеңде өтеді:

І кезең – онлайн - іріктеу (Google форма – ZOOM платформасы арқылы берілген сілтеме бойынша).

ІІ кезең – оффлайн,  «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің негізінде.

2.2. Олимпиада 6-сынып оқушылары арасында өткізіледі.

2.3. Олимпиадада қатысу тегін.

2.4. Олимпиадаға жалпы білім беру ұйымдарының 6-сынып оқушыларынан құралған командалар қатысады. Әрбір қалалық білім беру ұйымы және аудан бір командадан артық емес өкілдік бере алады. Әр команда 5 адамнан тұрады.

2.5. Олимпиадаға өтінімдер электронды түрде қабылданады.

2.6. Олимпиада туралы барлық қажетті ақпарат (соның ішінде өтінімдерді беру мерзімдері, олимпиаданың күні мен уақыты және т.б.) «Жас Дарын» сайтында жарияланады: jasdarynpvl.edu.kz.Олимпиаданы ұйымдастыру жөнінде сұрақтарыңызды gasdaryn@edu.mail.kzэлектрондық поштасы арқылы жаза аласыз.

 

ІІІ. Олимпиаданы өткізу тәртібі

3.1. Бірінші кезең: онлайн - іріктеу.

3.2. Екінші кезең – оффлайн.

3.3. Әр командаға барлығы 16 есептен тұратын мазмұны бірдей тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалар 4 тақырып бойынша бөлінеді. Әр тақырыпқа қиындық деңгейіне байланысты 10, 20, 30, 40 баллдық есептер беріледі.

3.4. Әр тапсырманы орындап болған соң команда мүшелерінің біреуі шешімін әділқазы мүшелеріне ауызша тапсырады. Әр команда мүшесінің төрт тапсырманы қорғау құқығы бар.

3.5. Әрбір тапсырманы қорғауға екі мүмкіндік беріледі. Тапсырма дұрыс орындалса, сол тапсырмаға сәйкес ұпайын алады, екінші мүмкіндіктен кейін дұрыс қорғалған тапсырмаға ұпайдың жартысы беріледі.

3.6. Ұпай тапсырманың күрделілігіне байланысты беріледі және де бір тақырып бойынша барлық деңгейдегі, яғни 10, 20, 30, 40 баллдық тапсырмалардың түгелі дұрыс орындалса, командаға 30 балдық бонус беріледі. 

3.5. Орындалу уақыты – 120 минут. Белгіленген уақыт өткеннен кейін команда жауап парақтарын әділқазы мүшелеріне тапсырады. Ұпай саны көп болған команда жеңімпаз атанады.

 

IV. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

4.1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны Олимпиаданың қатысушыларының 50%-нан аспау керек.

4.2. Олимпиаданың екінші кезеңіндегі жеңімпаздар мен жүлдегер командалар Павлодар облысы білім басқармасының «Жас Дарын» мектеп-лицейінің І, ІІ және ІІІ орын дипломдарымен марапатталады.

4.3 Командалық біріншілікте жоғары нәтиже көрсеткен командаға «Гран-При» және ауыспалы кубок беріледі.