kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

АBACA командалық олимпиадасының І кезеңін ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулық хат

№1 қосымша

АBACA командалық олимпиадасының І кезеңін

ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулық хат

 

 АBACA командалық олимпиадасының (әрі қарай олимпиада) І кезеңіонлайн режимдеөткізіледі.  14.00-14.40 ZOOМ платформасында бақылау жүргізіледі. Олимпиада сағат 14.05-тен 14.35-ке дейін Goоgle-формада өтеді.

Барлық сілтемелертіркеу кезінде көрсетілген жетекшініңжеке электрондық поштасына жіберіледі. Жетекшіге алдын ала  электрондық поштасының белсенділігін тексеру қажет.

 

Жұмыс орнын дайындау

1.Команда қатысушылары тапсырмаларды қабылдауға және орындауға арналған компьютер немесе ноутбук орналасқан үстелде отырады.

2. Үстелдекомпьютер немесе ноутбуктан бөлектек қанақалам, қарындаш (тағы да басқа сызу-жазу құралдары), А4 форматтағы парақтар  болу керек.

3. ZOOM-да трансляция үшін2 данасымды web камера (ажыратымдылығы HD 720 р кем емес). Камера болмаған сәтте трансляция үшін гаджет дайындау қажет.

4.Бірінші камеракомандақатысушыларын және олар отырған үстелді толық қамтуы керек. Ал екінші камера команда отырған кабинет толық көрінетіндей  орналасу қажет.

5. ZOOМ-ды орнатып, ұйымдастырушы жіберген сілтеме бойынша трансляция бастап, қатысушыкоманданың мектебінің немесе ауданының атын жазып,тіркелу қажет.

 

ZOOМ платформасын қолдану бойынша ұсыныстар:

1. ZOOМ платформасына сілтеме жетекшінің электронды поштасына олимпиада басталуына 30 минут қалғанда жіберіледі. 

2.Goоgleформасында тапсырмаларды алу сілтемесібарлық командаларкамераларын дұрыс баптапболған соң (14:05-тен кеш емес), жетекшінің электронды поштасына жіберіледі.

3. Сілтеме бойынша Goоgle формаға кіріп, мектеп немесе аудан атын жазып, тапсырмаларды орындау керек.

4. Жұмысты аяқтаған соңқатысушыкоманда (14.35-тен кеш емес) Goоgle форманы аяқтап жібереді.

 

Олимпиада кезінде тыйым салынады:

1. тапсырмаларды команда құрамында жоқ тұлғалар орындауға;

2. мәтін, графикалық және/немесе аудио форматта, ішкі жадынан немесе интернеттен жүктелген ақпаратты бере алатын кез келген байланыс құрылғыларды қолдануға;

3. кез келген электрондық немесе қағаз анықтамалық ақпаратты, өзге дайындалған жазбаларды қолдануға;

4. олимпиада кезінде ZOOМ конференциясынан шығуға, бейне көрсетілімді, аудио жазбаны өшіруге;

5. жұмыс орнынан тұрып кетуге.

6. Тыйым салынған әрекеттер орын алса, команда автоматты түрде олимпиададан шығарылады.

 

 

Ұйымдастыру комитеті